Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі жазба деректер Жоспар



бет7/10
Дата13.10.2022
өлшемі52,39 Kb.
#42896
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Деректану

«Тарих-и Рашиди» деген шығармасы XIV-XVI ғғ. басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақта өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі – Моғолстан тарихына арналған. Бұл еңбек Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы дерек болып есептеледі. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде баяндалған.
Шонжарлардың жоғары топтарына жататын Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.) Моғолстанның аса ірі тайпаларының бірінен шыққан. Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары – дуғлат тайпасының әмірлері мен бектері – Моғолстан мемлекетіне кірген Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанның, Шығыс Түркістанның саяси тарихында аса маңызды мемлекеттік қызметтер атқарып, ұлысбектер болған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өзі 1512-1533 жж. Моғолстан ханы Сұлтан Сайидтің сарайында болып, билеушінің мұрагері Абд ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. Ол жақсы білім алған, өз дәуірінің саяси оқиғалары мен қайраткерлерінен хабардар болды. Мұхаммед Хайдар түркі тілінде әдеби шығармалар жазғанымен де, мұсылман тарихнамасына «Тарих-и Рашиди» атты тарихи еңбектің авторы ретінде енді. Шығарма 1542-1546 жж. Кашмирде ортаазиялық парсы тілінде жазылған. Екі бөлімнен – дафтарлардан тұрады.
Бірінші дафтар моғолдың шағатай ұрпақтарынан шыққан хандарының тарихынан тұрады, онда Мұхаммед Хайдар Дулати әмір Болатшы 1348-жылы Тоғылық Темір ханды таққа отырғызған уақыттан бастап, Абд ар-Рашид ханның 1533-жылы Қашғарияда (Моғолияда) билік ете бастағанына дейін Моғолстанда болған оқиғаларды баяндаған.
Екінші дафтар автор 1541-жылға дейін жеткізген мемуарлар болып табылады. Бұл бөлімде өз өмірбаяны және сол дәуірдің көптеген тарихи адамдары туралы өмірбаяндық материалдармен қоса, бірінші бөлімде баяндалғандарына қосымша Сұлтан Сайид ханның Моғолстандағы билік үшін күресі, оның 1514-жылы Қашғарияның дуғлат әмірлерін басып алып, Моғолия мемлекетінің негізін қалағаны, Моғолстанның бұрынғы аумақтарында – Жетісу мен Тянь-Шань өңірінде Шағатай ұрпақтарының билігін қалпына келтіру әрекеттері туралы мәліметтер бар. Екінші дафтарда XV-XVI ғғ. шебінде Орта Азияда, Шығыс Түркістанда, Ауғанстанда, Үндістанда болған көптеген тарихи оқиғалар баяндалған.
Мұхаммед Хайдар өз еңбегін моғолдар, атап айтқанда, өз бабалары – дуғлат әмірлері арасында белгілі ауызша аңыздарға, ұлысбек-дуғлаттардың қолы жететін ресми мемлекеттік құжаттарға негіздеген. «Тарих-и Рашиди» деректерінің арасында замандастары мен оқиғаларға қатысушылардың айғақтары маңызды орын алады. Мұхаммед Хайдар өзінің ізашарлары – Жамал ад-дин Қаршидің, Жувейнидің, Рашид ад-Диннің, Хамдаллах Казвинидің, Абд ар-Раззақ Самарқандидің, Шараф ад-дин Әли Йаздидің және басқа да адамдардың тарихи еңбектерін пайдаланған.
«Тарих-и Рашиди» – XIV ғ. 2-ші жартысы – XV ғ. басындағы Моғолстанның және XVI ғ. алғашқы онжылдықтарындағы Қашғарияның Шағатай ұрпағынан шыққан хандарының тарихы жөніндегі ғана емес, сонымен қатар дуғлаттардан шыққан атақты адамдардың Шығыс Түркістан бөлігінде (Маңлай Сүбе) билік ету тарихы жөніндегі де негізгі түпнұсқа дерек. Бұл шығармада соңғы орта ғасырларда Жетісуды, Шығыс Дешті Қыпшақты, Тянь-Шань аймағын, Шығыс Түркістанды мекендеген моғолдардың, қырғыздардың, ұйғырлардың, өзбектердің, ойраттардың және басқалардың тарихы жөнінде бірегей материалдар бар. Онда алғаш рет тарихнамада қазақ хандары Керей мен Жәнібектің көшіп кетуі туралы хабарланады, олардың этникалық сана-сезімін қабылдау себептері туралы пікірлер айтылып, қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен, моғол хандарымен, қырғыздардың, ноғайлардың, ойраттардың әміршілерімен өзара қатынастары айтылады.
Мұхаммед Хайдардың шығармасы медиевистикада кеңінен мәлім. Оны XVI-XVII ғғ. көптеген шығыс авторлары мен соңғы орта ғасырлардағы Орталық, Орта Азия тарихын қазіргі зерттеушілер түпнұсқа ретінде пайдаланды. «Тарих-и Рашиди» қолжазбасы парсы тіліндегі көптеген тізімдерде, түрік тіліндегі аудармаларда сақталған. Ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармалары жарияланған.
Шах-Махмұд Шорастың «Тарих» деген шығармасы қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім және Жәңгір кезіндегі XVI-XVII ғғ. қазақ-моғол қатынастарының тарихы жөніндегі түпнұсқа болып табылады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиі» сияқты, Шах-Махмұд Шорастың «Тарихы» да Шығыс Түркістанның (Моғолстанның және 1514-жылдан Моғолияның) Шағатай ұрпақтарына арналған деректер тобына жатады. Дулаттар тарихын жазған Мұхаммед Хайдардың үлгісімен, Шах-Махмұд Шорас өз еңбегін өзі туған шорас тайпасының тарихына арнаған. Құрама бөлігі «Тарих-и Рашиди» негізінде, Абд ар-Рашид ханның уақытына (1533-1560 жж.) немесе, дәлірек айтқанда, «Тарих-и Рашиди» біткен уақытқа дейінгі кезең негізінде жасалған. Одан кейінгі, XVII ғ. 70-ші жылдарына дейінгі уақыт түпнұсқа, көз көргендер мен автордың мәліметтеріне негізделген. Бұл бөлімнің жалпыға бірдей тарих, энциклопедиялар сипатындағы неғұрлым ертедегі үш шығармаға еш қатысы жоқ, ал оларда да Шығыс Түркістандағы моғол мемлекетінің әміршілері туралы мәліметтер бар. Бұлар – Әмин Ахмет Разидің «Хафт иклим» (1593-1594 жж.), Хайдар ибн Әли Разидің «Тарих-и Хайдари» (1611-1618 жж.) және Махмұд ибн Уәлидің «Бахр әл-асрар» (шамамен 1640 ж. аяқталған) деген шығармалары. Шах-Махмұд Мырза Фазил Шорастың шығармасы шамамен 1676-1677 жж. жазылған. Ол XVI-XVII ғғ. қазақ-моғол өзара қатынастарының жекелеген жағдайларын көрсетеді.
Бұл мәліметтер ұқсас, бірақ олар жоғарыда аталған деректердің мәліметтерімен (уақыты, хандардың есімдері, шайқастар өткен жерлер және т.б. егжей-тегжейлер жөнінен) сәйкес келмейді. Олар Абд ар-Рашид ханның орталық және батыс Моғолстанда, Жетісуда моғол әміршілерінің билігін қалпына келтіру, бұл жерлерден қазақтарды ығыстырып шығару әрекеттеріне қатысты. Шах-Махмұд Шорас Есім ханның Шалыш пен Турфан әміршісі Абд ар-Рахимнің Жаркенттегі орталық әміршімен күресіне қатысқаны туралы айтады. Қазақ хандығының Моғолиямен дипломатиялық қатынастары туралы айтқанда қазақ ханы Жаһангер бастап, оның ұлы, кейін атақты хан болған Тәуке сұлтан қатысқан елшілік туралы мәліметтер ден қоюға лайық.
4. Шайбани әулеті ортасының ортаазиялық парсы тілінде жазған шығармалары. XV ғ. 2-ші жартысы – XVI ғ. үшін Моғол және Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректер негізгі дерек көзі болып табылады. XVI ғ. Орта Азияда ең алдымен Мұхаммед Шайбани хан мен оның атасы Әбілхайыр ханның, ал ғасырдың екінші жартысында Абдаллах ханның қызметі баяндалатын шайбанилік тарихнама шығармалары көп мөлшерде жазылды. Темір ұрпақтарынан Мауараннахрды жаулап алған Мұхаммед Шайбани өз жағына өткен Темір ұрпақтары мектебінің әдебиетші, тарихшы қайраткерлеріне өзінің ерліктерін, өзінің ата-бабалары – Шайбани ұрпақтарының әрекеттерін тарихи шығармалардың беттерінде көрсетуді тапсырған.
Әдебиетші, «тәжік өлеңінің керемет шеберлерінің бірі» Камал ад-дин Бинаи (1453-1512 жж.) Мұхаммед Шайбани ханға қызмет етіп, 1504-1510 жж. арасында оған арнап

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет