Тақырыбы: Бала тәрбиесі. Болашақ тәрбиеден басталады. Мақсаты


ІІІ. Болашақ тәрбиеден басталады



бет2/4
Дата05.05.2023
өлшемі22,64 Kb.
#90235
1   2   3   4
Байланысты:
ашық Тәрбие сағаты

ІІІ. Болашақ тәрбиеден басталады.
Бала тәрбиесіне басты жауапкер ата-аналар, бірақ ата-аналар көбіне көп ойланбай сөйлеп, өзіне осы үшін болашақта опық жейтінін ұмытып жатады. Өйткені сөз- тәрбие негізі. Бала сөзбен тәрбие алады. Баланың еңсесін түсіретін де жігерлендіретін де сөз. Кез келген ата-ана баласына мақтауын да, даттауын да сөзімен білдіреді.
Бала тәрбиесінің бұзылуы жаман сөздерден қолданудан туындайтыны мәлім. Өйткені бала психологиясы жаңа көктеген жас талдай жағымсыз әсерлерді тез жараланғыш келеді. Сондай – ақ бала шақтағы естеліктер адам өмірінің қай арнада өрбейтініне, оның мінез құлқының қалыптасуына әсер ететінін әлем ғалымдары да дәлелдеп отыр. Дана халқымыздың ежелден сөз құдіретін мойындап, «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп, орынсыз сөздің орға жығарын аңдатқан. Ашу үстінде аңдамай айтылған бір ауыз сөздің бала санасына қаншалықты ауыр соғатынын үлкендер жағы байқамай жатамыз. Бала ер жеткесін бұрыс жолға түссе немесе мінез құлқында дөрекілік байқала қалса қоршаған ортаға кінә артудан бұрын бала тәрбиесінде абайысызда жіберген қателік кемшіліктерімізді санамалап көрдік пе?! Ғалымдар осы тақырып төңірегінде зерттеулер жүргізіп бала болмысының бұзылуына себепкер 10 жайтты анықтаған көрінеді.

  1. Сөгу. Хайуандарға теңей отырып баланы сөгу. Мысалы «ит, есек, өгіз, ей хайуан», - деп.

  2. Қорлау. Теріс сипаттармен тілдеу. Мысалы: «семіз, ақсақ, харам, бейшара» мұндай сөздер бұғанасы қатпаған баланың жүрегіне дақ салады.

  3. Теңеу. Әр баланың басқаға ұқсамайтын өзінің бейімі мен қолынан келетін икемі болады. Ал басқа біреуге теңеу – бланы қорлау, кемсіту. Бала бойындағы өзіне деген сенімділікті жояды. Нәтижеде, өзін теңеген адамдарды жек көре бастайды. Мысалы, «Өзіңдей көршінің баласына қарашы...» деген сияқты теңеулердің теріс әсер ететінін аңғара бермейтініміз өкінішті.

  4. Шартпен жақсы көру. «Сен бұлай еткенің үшін мен сені жақсы көрмеймін», «сабағыңды дұрыс оқысаң, жаттауыңды қайталасаң, сені жақсы көремін». Шарт қойып жақсы көру баланы қалаусыз және еріксіз әрекет жасауға итермелейді. Өсе келе бала өз ошағынан отбасынан шеттеп қалады. Сондықтан, бала шынайылықты жақсы көреді. Өйткені бала ата-анасын шартсыз сүйеді.

  5. Жалған ақпарат. Баланы өтірік ақпарат арқылы қорқытып немесе алдау қоршаған орта жайлы қате түсінік пен ұғым қалыптасуына себеп болады. Жыласаң полиция алып кетеді, -деп қорқытып өсірген бала ұғымында полиция бейнесі бжағымсыз болып қалыптасып қалуы әбден мүмкін. «Ер азамат жыламайды», «Мына бала мені жынды етті», «Біреуге беріп жіберемін», «Бабай келеді немесе полиция ағай алып кетеді» т.б. сондайлар.

  6. Көңілін қалдыру. Баланың меселін қайтарып, көңілін қалдыру – оның бойында сенімсіздік ұялату мен қатар талпынысты жояды. «Сен дымды да түсінбейсің», «Үніңді өшір», «Сеннен түк пайд жоқ», т.с.с.

  7. Қорқыту. Мәселен, «Басыңды жарамын», «Қаныңды ішемін», «Көзіңді құртамын» «Өлтіремін» т.с.с.

  8. Өтінішіне немқұрайлы қарау. Үнемі баланың сұрағына «Жоқ, жоқ, жоқ» деп, себебін түсіндірмей жауап қайыру.

  9. Қарғау. «Сені құдай алсын», «Өлгенің жақсы еді» т.с.с.

  10. Масқаралау. Баланың намысына тиетін сөздер айту.

Міне осы он сөз зерттеу бойынша жасөспірім шаққа дейін ата-анасынан 16 мың сөгіс сөз еститін көрінеді. Ойлап қарасақ, сегіз жасқа толмаған баланың сөздік қорында 5 мыңға жуық жаман сөздер болады. Мұның әсері суық қарудан да асып түсуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет