Тақырыбы: Бала тәрбиесі. Болашақ тәрбиеден басталады. Мақсаты



бет1/4
Дата05.05.2023
өлшемі22,64 Kb.
#90235
  1   2   3   4
Байланысты:
ашық Тәрбие сағаты



Тақырыбы: Бала тәрбиесі.Болашақ тәрбиеден басталады.
Мақсаты:Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын-алу, бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету және балалардың жанұяның мақтаны болуға, ел азаматы болып өсуге тәрбиелеу.
Жоспар:
Кіріспе:
І.Ой қозғау.
ІІ. Болашақ тәрбиеден басталады
ІІІ. Бала тәрбиесін түзейтін он баспалдақ
ІУ.Дін-тәрбие діңгегі.

Қорытындылау
Кіріспе:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі жиынымызға қош келіпсіздер!
Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. «Ес түзелмей ел түзелмейді». Олай болса егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, -дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата-ана.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату- кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.
Сонымен бүгінгі жиынымызды «Болашақ тәрбиеден басталады» тақырыбы төңірегінде ой бөлісетін боламыз. Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Міне осы тұрғыда пікірлесуді жөн көрдік.
І. Ой қозғау.

  1. -Бала деген кім?

  • Бала – бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, сүйенішіміз. Бақытты қарттығымыз, тіпті кейбір жағдайда қасіретіміз.

2.- Үйге түскі мезгілде кісі келеді десе не істейсіз?
- Үй ішін реттейміз. Тәтті тағам даярлаймыз, дүкенге барамыз. Келген кісінің көңілінен шығуға тырысамыз.
- Ол кісінің таңертең мектепке кеткен өз балаларың болса ше?
«Қонақ екен десем, өз баламыз» деген ата-ана сауалынан олардың балаға көп көңіл бөлмейтінін байқауға болады. Сондықтан да бұл жердегі мақсатым – баладан үлкен үміт күту керектігін ұғындыру.
-Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ, «Адамның бақыты балада» деген екен. Кез-келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пени қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі-түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Ендеше өз балаларымыздың сіз боп, біз боп үлкен үміт күтейік.
Ата-ана –бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.
Сондықтан, ата-аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр.

  1. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

  2. Баланың өмір жолында әке мен ананың орны қандай?

  3. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

  4. Қайтсек білімді ұрпақ тәрбиелейміз?

  5. Отбасында бос уақытты қалай пайдаланасыздар?

Осы арада оқушылардың ата-аналарына психолог ұсынысын ұсынғалы отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет