Тоқ ішек, intestinum crissum, ас қорыту жүйесінің соңғы бөлігі. Мұнда ас қорыту процесі аяқталып, нәжіске айналдырылып, тік ішектің аналді тесігіне қарай бағытталады. Тоқ ішек іш қуысы мен жамбас астау қуысының аралығында орналасқан, ұзындығы 1 м-ден 1.65 м-дей. Тоқ ішектің өту жолының көлденең ені 5-8 см, тік ішекте 4 см-дей.
Тоқ ішектің ерекшеліктері:
Көлемі жіңішке ішектің көлеміне қарағанда жуандау;
Сыртқы бетінде бұлшықеттік қабығының жинақталып орналасу нәтижесінде түзілген үш таспасы, tenia coli, орналасқан.Олар: шажырқайлық таспа, tenia mesocolica, ол тоқ ішектің көлденең жиек ішегі мен сигматәрізді жиек ішектің шажырқайларынының, mesocolon, бекитін жерлеріне сәйкес орналасқан. Шарбылық таспа, tenia omentalis, таспа үлкен шарбының, omentum majus, бекитін жері болып саналғандықтан, шарбылық таспа деп аталады.
Тоқ ішек анатомиясы
Ол тоқ ішектің жоғарылаған, төмендеген және көлденең жиек ішектерінің алдыңғы бетінде орналасқан.
Бос таспа, tenia libera, ол тоқ ішектің соқыр ішек пен жоғарылаған жиек ішектің алдыңғы бетінен өтеді және тоқ ішектің көлденең жиек ішектің өз білігі айналасында бұрылуына байланысты артқы бетке өтеді.
Қампаймаларының, haustrae coli, болуы, олардың болуы біріншіден тоқ ішектің бойлық қабатының біркелкі орналаспай жинақталынып, топталып орналасуына байланысты болса, екіншіден таспалардың ұзындығына тоқ ішек бөліктерінің сәйкес келмеуіне байланысты.
Тоқ ішек анатомиясы
Шарбылық өсінділер, тоқ ішектің шарбылық таспасы, мен бос таспаның, аралығында кездеседі.
Топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай тоқ ішек: соқыр ішекке және оның құрт тәрізді өсіндісіне, жоғарылаған, көлденең, төмендеген, сигматәрізді жиек ішектерге және тік ішекке бөлінеді.
Тоқ ішек контрасты затты ішкеннен кейін 24 сағат ішінде толады.Антеградты толтыру әдісі ішектің орналасқан орнын,мөлшерін,ығыстырылуын, функционалдық жағдайын байқатады.Соқыр ішектің өрлеме тоқ ішекке жалғасатын жерінде,көбіне медиалды қабырғасында баугини “қақпашасы” орналасқан рентгенограммада 2 ерін тәрізді көрінеді,төменгі ерні қысқалау болады.
Тоқ ішек контрасты затты ішкеннен кейін 24 сағат ішінде толады.Антеградты толтыру әдісі ішектің орналасқан орнын,мөлшерін,ығыстырылуын, функционалдық жағдайын байқатады.Соқыр ішектің өрлеме тоқ ішекке жалғасатын жерінде,көбіне медиалды қабырғасында баугини “қақпашасы” орналасқан рентгенограммада 2 ерін тәрізді көрінеді,төменгі ерні қысқалау болады.
Баугини қақпашасының мөлшері 2,5см,өрлеме тоқ ішектің ұзындығы 20см,ені 4-5см, соқыр ішек пен өрлеме тоқ ішектің гаустралары тоқ ішектің басқа бөлімдерімен салыстырғанда өте ірі,сирек болады.12-қабырғаның суреті деңгейінде өрлеме тоқ ішек арттан алға қарай иіліп,көлденең тоқ ішекке айналады,құрсақтың сол жағына жеткеннен кейін иіліп,төмен түсетін тоқ ішекке айналады.