Нәрестелерде тыныс жолдары өте аз бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады, бірақ 4-5 айлық балаларда бұлшықет тіні жеткілікті түрде дамиды. Бұлшықет пен эластикалық тіннің толық жетілмеуіне байланысты, кішкентай жастағы балаларда бронх спазмы жиі кездеседі; шырышты қабаттың ісігіне байланысты бронх обструкциясы болады.
Өкпе
Балалардың өкпесі ересектерде сияқты сегментарлы құрылымы бар, бірақ ацинус жеткіліксіз. Туған кезде өкпеде 60 млн-ға жуық алвеолалар болады, олардың көлемі алғашқы 2 жылда ұлғаяды. Одан кейін өсуі ақырындайды және 8-12 жаста альвеолалардың көлемі 375 млн-ға жуық болады, бұл ересектердің альвеолаларымен бірдей. Кішкентай жастағы балалардың өкпесі қосымша тіндерге бай, үлкен мөлшерде қан айналымы бар, эластикалық тіні әлсіз. Кішкентай баланың өкпесі ересектерге қарағанда ауалы және қанға толы. Бұл факторлар ателектаздың дамуы мен обструкциясына әкелуі мүмкін. Сурфактанттың аз болуы мен оның лецитинінің аз болуыда, ателектаздын дамуына себебші болады. Сурфактант жеткіліксіздігі- шала туылған балаларда өкпенің жазылуына мүмкүндік бермейді.
Сыртқы тыныс алудың эффективтілігі үш үрдіске байланысты: альвеолярлы кеңістіктің вентиляциясы, капилярлы қан ағысының интенсивтілігі (перфузиясы) және альвелярлыкапилярлы мембрананың диффузды газ алмасуына байланысты. Қанда және альвелярлы аудағы көмірқышқыл газы және оттегідегі парциалды қысымның әртүрлілігіне байланысты. Оттегі диффузиясы арқылы альвеоладан өкпелік капилярларға түседі және бүкіл денеге тарайды, плазмада таралуы (3%-ға жуық) немесе Hb (97%) байланысты. Қанның транспортты куші Hb түсу концентрациясына байланысты (әрбір грамм 1,34 мл оттегіге). Көмірқышқыл газының эльминациясы әртүрлі жолдармен өтеді: Hb және кейбір плазматикалық белок комбинациясымен немесе сутегі иондары және бикорбанатпен. Ересектерге қарағанда нәрестелерде өмірінің алғашқы күндері Hb комбинациясы жоғары, сондықтан қанды оттпегімен байланыстру мүмкіндігі жоғары. Бұл нарестеге өкпелік тыныстың критикалық периодын өткізуге көмектеседі. HbF –оның маңызы үлкен және оның көлемі ірі, ол ересектерге қарағанда дифинитивті Hb оттегіге жақынырақ болуымен ерекшеленеді (HbA, HbA2). Өкпелік тыныс қалыпқа келгеннен кейін нәрестенің HbF концентрациясы тез төмендейді. Бірақ анемия немесе гипоксияда HbF концентрациясы компенсаторлы түрде ұлғаяды.