Өкпе ацинусы (ацинус легкого); (acinus pulmonis, лат. acinus — жидек, pulmo — өкпе) — бронхтар тарамының ең соңғы тармағы — терминалды бронхиоладан таралатын өкпенің бөлікшесі (өкпенің құрылымдық бірлігі). Өкпе ацинусын альвеолалық бронхиолалар, альвеолалық өзектер, альвеолалық қапшықтар, альвеолалар және олардағы қан, лимфа тамырлары құрайды. Өкпе ацинусында қан мен ауа арасында газ алмасу процесі жүреді.

Өкпе-ауа жолдары, бронхтар мен өкпе көпіршіктер жүйесі немесе альвеолалардан тұрады. Альвеолалар өкпенің респираторлы бөлімі болып табылады. Диаметріне байланысты, ірі бронхылар, орташа және майда бронхтар болып жіктеледі. Ал, бұдан соң соңғы бөлігі-терминальды бронхиолаларға айналады. Бронхиолалар тыныс алу қызметін атқаратын респираторлық бөлім болып табылады.

Орташа бронхтардың кілегейлі қабығының эпителиінің құрамында:кірпікшелі,бокал тәрізді,эндокринді, базальды қыстырма жасушаларымен қоса бронхтардың дистаьды бөліктернде секреторлы, жиекті және кірпікшесіз жасушалары болады.кірпікшесіз жасушалар бронхиолаларда кездеседі, пішіні призматәрізді. Цитоплазмасында гликоген қосындылары кездеседі. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында эластин талшықтары, көбінесе бронхтар қабырғасына серпімділік қасиет береді. Фиброзды-шеміршек қабығы бронхының диаметрі кішірейген сайын, шеміршек сақиналары біртіндеп пластинкаға, одан шеміршек тінінің қалдығы аралшықтарға айналып барып, біртіндеп бронхиолаларда тіпті шеміршек жойылады. Сыртқы адвентициалды қабығы өкпе паренхимасындағыдай бөлік аралық және бөлік ішіндегі дәнекер тінінен тұрады. Дәнекер тініндегі жасушаларының арасында жалпы қанның ұюын реттеуге қатысатын тін базофильдері кездеседі.