Тақырыбы: «Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері»


Көмей және жұтқыншақ ерекшеліктері



бет4/6
Дата26.11.2023
өлшемі185,24 Kb.
#128482
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ттт

Көмей және жұтқыншақ ерекшеліктері

  •  Нәрестенің көмейі салыстырмалы түрде тар болады. Лимфоидты сақина әлсіз. Бір жастан асқан бадамша бездері доғалардан асып шығады, бірақ крипталары әлсіз дамыған, сондықтан баспамен ерте жастағы балалар сирек ауырады. Жиі балаларда мұрынжұтқыншақтық лимфоидты тіндер (аденоидтар) өсіп кетуі болады, сондықтан ол балалардың қалыпты демалуын қиындатады. Ұзақ уақыт аденоид болған балада тұрақты «аденоиды беті» қалыптасады: үнемі ашық ауыз, мұрынмен тыныс алудың болмауы, беттін кей жерлерінде ісінулер болады. Балалардың көмейі формасы варонка тәрізді және тар, оның шеміршегі нәзік. Дауыс байламдары үлкендерге қарағанда қысқа, сондықтан балалардың дауыстары ерекше ересектерге қарағанда. 3 жасқа дейін көмей көлемі қыздар мен ұлдарда бірдей. 3 жастан асқан соң ұлдарда қыздарға қарағанда безді бұрышта шеміршек қаттырақ болады. 10-12 жасқа келгенде дауыс байламдары ұзарады.

Кеңірдек және бронхтардың ерекшеліктері

  •  Нәрестенің кеңірдегі варонка тәрізді формада. Ол 14-16 шеміршекті жартысақинадан тұрады, олар артынан фиброзды жарғақпен қосылған. Шеміршектің жұмсақтығы, эластикалық тінінң әлсіз дамуы және үлкен қозғалыстары олардың сырылды (стридор) дауыстар шығаруына әкеледі. Бронх ағашы туған кезде белгілі нысанға келтірілген. Бронхтардың негізін шеміршекті жартысақиналар құрайды, олар фиброзды жарғақпен байланысқан. Кеңірдек оң және сол бас бронхтарына бөлінеді. Оң жақ бронх сол жақ бронхқа қарағанда кеңірдекпен аз бұрыш жасап қосылған, сондықтан бөгде зат жиі оң жақ бронхқа түседі. Бронхтың және бронхиолалардың шырышты қабаты нәзік, қантамырларға бай, жұқа шырышпен қапталған, ол шырыш эвакуациясын қамтамасыз етеді.

Нәрестелерде тыныс жолдары өте аз бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады, бірақ 4-5 айлық балаларда бұлшықет тіні жеткілікті түрде дамиды. Бұлшықет пен эластикалық тіннің толық жетілмеуіне байланысты, кішкентай жастағы балаларда бронх спазмы жиі кездеседі; шырышты қабаттың ісігіне байланысты бронх обструкциясы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет