Отандық педиатрияда пневмонияны тыныс алу бұзылысы синдромдарымен және физикальды мәліметтер бойынша, сонымен қатар рентгенограммадағы инфильтративті өзгерістермен диагностикаланатын өкпе паренхимасының жедел инфекциялық ауруы ретінде қарастырады. Рентгенологиялық белгілердің болуы — диагностиканың «алтын стандарты» болып табылады
Этиология және патогенез
Пневмониямен ауыратын балалардың арасында ұл балалар басым болып келеді (1,25–2:1), көбінесе өмірінің алғашқы бірінші жылында. Шала туылған нәрестелер бронхиолитпен 4 есеге және пневмониямен 11 есеге жиі ауырады. Рахит пен гипотрофия қазіргі таңда пневмонияға әкеліп соғатын факторлар ретінде айқын рөл атқармайды, жүйке — бұлшық ет патологиясының, тағамның әдеттегі аспирациясы, иммунодефициттер, муковисцидоз, бронх-өкпелік дисплазия сияқты созылмалы жағдайлардың рөлі маңызды болып табылады. Әсіресе, жүректің туа пайда болған ақаулары кезінде пневмонияның қаупі жоғары болады, әсіресе кіші қан айналым жүйесіне тым көп күш түскенде.
Төмен дәрежедегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, нашар тұрмыстық жағдай; отбасында жасы үлкенірек баланың болуы, әсіресе балабақшаға баратын баланың болуы пневмониямен аурушаңдылық дәрежесін жоғарылатады.
Өнеркәсіптік ауаның ластану әдетте пневмонияның өскен жиілігін байланыстырылады, бірақ ол факторлардың комплекспен әсерін болдырады.
Өлім көрсеткіштері патогенездің белгілеу критерийлерімен байланысты. Барлық балаларда аутопсия кезінде анықталған пневмония 9-23% өлімнің негізгі себебі ретінде анықталды, 23–33% ол басқа да ауыр патологиясы бар балалардың өлім себебіне бәсекелес болды; 50–60% пневмония патогенезде болмаған — ілеспе ауру. Дер кезінде емделген стационардан тыс пневмония іс жүзінде өлімге әкеп соқпайды. Стационар ішілік пневмониядан өлімдік 5–10% құрайды.