Тақырыбы: Бастауыш математикалық білім беру мазмұны және они оқытуды ұйымдастыру



Дата01.10.2023
өлшемі19,77 Kb.
#112227

Тақырыбы: Бастауыш математикалық білім беру мазмұны және они оқытуды ұйымдастыру.

1. Математиканы пән ретінде оқыту үрдісінде матемика ғылымының белгілі бір түрінде көрінетін математиканы оқу курсы қолданылады, ал үрдіске қатысушылар мұғалім мен оқушылар болып табылады. Сондай-ақ, оқушылардың қызметіне жағдай жасайтын және оны қамтамасыз ететін оқушылардың ата-аналары мен білім беру органдарының қызметкерлері мұндай үрдіске жанама түрде қатысады.


Математиканы оқыту үрдісінің құрылымы өте күрделі, сондықтан оны әрі түрлі көзқарас жағынан талдауға болады. Осылайша, осындай үрдісті талдау негізіне математика ғылымы мен математика оқу пәнінің өзара байланысын айтуға болады. Мұндай жағдайда -онтодидактикалық талдау туралы айтамыз. Мұндай үрдісті мұғалімнің қызмет тарапынан қарауға болады. Онда біз әдістемелік талдау жасаймыз. Егер оны ұйымдастыру және материалдық жағдаймен (кабинет, жабдықтар және т.б.) қамтамасыз ету тарапынан қарасақ, математиканы оқыту үрдісіне мектептік талдау болады. Онда оның құрылымында тағы бір топ - оқу жабдығы мен оқу құралы пайда болады, бұл оқу пәні, мұғалім мен оқушы арасында байланыс тудырады. Егер мұндай үрдісті оған қатысатын барлық тұлғалар арасындағы өзара байланыс тарапынан қарасақ, үрдісті әлеуметтік-психологиялық немесе тіптен социологиялық талдау деуге болады.
Математиканы оқыту үрдісін талдаудың әртүрлі түрі көп екендігін көруге болады. Тіптен кибернетикалық талдауға да болады, мұнда үрдіс басқару тарапынан қарастырылады.
Негізі үрдіске басты қатысушы -оқушы тарапында қарау қажет. Шын мәнінде, оқу оқушылар үшін ұйымдастырылады және қызмет етеді, сондықтан олар ең басты қатысушы тұлға болып табылады. Мұндай үрдіс нәтижелерін оқушының көзрасымен қарап, бағаланады. Ол оқу кезінде қандай өзгерістер болды, оның психикалық дамуында, оның әдетінде және мінез-құлқында алға жылжу болды ма, онда ғылыми-диалектикалық дүниетанымы қаншалықты дамыды және т.б.
Математиканы оқыту үрдісін оқушының қызметі тарапынан талдау психологиялық-педагогикалық талдау болып табылады.
Барлық талдау түрлері өзара байланыста және өзара әрекетеседі.
2. Математиканың жалпы білім беру курсының мазмұнын және құрылымын психологиялық-педагогикалық талдауға көше отырып, осы курс мақсаттары мен міндеттеріне байланысты болады. Математика курсының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Жалпы білім беру мақсаттары және міндеттері қоғамдық сұраныспен анықталады, қоғам мектеп алдында қоятын міндеттерге байланысты болады, яғни әрбір оқушыдан жан-жақты дамыған, әлеуметтік көреген тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етуболып табылады.
Бала тұлғасын қалыптастыру баланың барлық өткен ата-баба жетістіктерін еске түсіру арқылы тәжірибе жинақтау үрдісінде жүзеге асады. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру дегеніміз әр бала барлық адами қызмет түріне бірдей қабілетті деген сөз.
3. Математика ғылым ретінде жан-жақты, және оны анықтау белгілі бір аспекіде мүмкін болады. нәтижесінде математика бізді қоршаған ортаны зерттейді және оның барлық болып жатқан ұғымдары мен түсініктері осы әлеммен тығыз байланысты. Алайда бұл байланыс тура емес, жанама байланыс болып табылады. Бұл байланысты оның сипаты мен ерекшеліктерін қарау математиканы ғылым ретінде, әсіресе оның әдістерінің бұрынғы аспектіге әкеп соғады, оның нақты әлеммен байланысыгн зерттеуде негіз жатыр.
Кез-келген ғылым нақты заттармен труа байланыспайды, олардың абстрактілі сиптатарымен олардың модельдерімен байланысады. модель дегеніміз өзге объектіні алмастыра алатын объект (құбылыс, үрдіс) болып табылады және осы өзге объектіні зерттеу тәсілі ол туралы ақпаратты, жаңа білімді алу арқылы жүзеге асады.
Математиканың ғылым ретінде ерекшелігі ол өзге ғылымдардан нақты әлемнің заттар моделін емес, осы модельдердің жалпы схемасын, былайша айтқанда модельдердің моделін зерттейді.
Үшінші аспект -математиканы ғылымның жалпы ортақ тілі деп қарау.
Математика тілі табиғи ғана емес, гуманитарлық көптеген ғылымдарда ұғымдар мен эмпирикалық табылған байланыстардың нақты біртекті сипаты үшін қызмет етеді.
Әдетте, кез-келген ғылымның математикалық тілі ғана емес өзіндік тілі де бар, алайда математика тілін қолдану деңгейі аталған ғылымның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Кез-келген ғылымның маңызды сипаттамасы оның логикалық құрылымы болып табылады. Әдетте, логикалық құрылымның элементтері. негіздері, заңдары, негізгі ұғымдары, теориялары, идеялары болып табылады.
Математикада осындай элементтері өзіндік нысанға ие. математика оқу пәні мен әдістері бірлігіне байланысты көптеген жекелеген математикалық ғылымдардың жүйесі болып табылады. Математикаға тек заңдар түрінде қол жеткен нәтижелер ғана емес, болжамдар да жатады. Математикалық жеткістікке қол жеткізу үрдісі мүмкіндігін беретін идеялар, әдістер шексіз.
Математиканың әрекеттік жағына келсек, оны мына құрамдас бөліктерден-деңгейлермен сипттауға болады:
1) оқу объектілерінің тамаша моделін құру;
2) құрылған модельдерді зерттеу аппаратын әзірлеу және осындай аппарат арқылы зерттелетін нысанды сипаттайтын білімдер-заңдар аппаратын алу;
3) практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін алынған заңдар-білімдерді қолдану әдістерін әзірлеу мен оны қолдану.
Сондай-ақ математикалық қызметке мәселелер мен міндеттерді қою, қойылған міндеттерді шешу үшін болжамдар мен идеялар шығару кіреді.
4. Математика оқу пәні ретінде ғылым ретінде математиканың педагогикалыұ проекциясын құрайды.
Математиканы оқыту мақсаттарын психологиялық-педагогикалық талдау оқушылар математиканы не үшін оқу қажеттігін анықтап алу қажет. Математиканы оқыту мақсатын анықтау - арнайы қасиетті көрсету, сол мақсатты көздеп мектепте математика оқытылады және оқушылардың жан-жақты дамыған және әлеуметтік көреген тұлға болып қалдыптасуы қажет.
Мектепте математиканы оқыту мақсаты - оқушы математикалық білім жүйесіне және дағды мен қабілетке негізделген білімге ие болуы дегенді білдіреді. Мақсатқа жету үшін бірнеше факторға байланысты.
5. Оқу пәні ретінде математика құрылымының негізгі психологиялық-педагогикалық мәселелері:
- математиканы оқытудың мазмұнын құрастыру мәселесі кешенді болып табылады және оны талдаудың психологиялық-пеадгогикалық және әдістемелік-математикалық нәтижелері есебімен дұрыс шешіледі. Бірінші мәселе математиканың мектеп курсының құрылымдық бірлігінің сипаты болып табылады. (оқу пәнінің құрылымдық бірлігі құрамына белгілі білім, ғылыми теория, ұғым, білім, қабілет және дағды кіретін әрекеттер болып табылады).
- оқу мазмұнын құрастыру және оқу практикасында оны жүзеге асыру кезінде математиканы оқытудың тура мақсаттарына және оқыту жалпы білім беру мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратын жағдайларға байланысты болуы тиіс.
- математиканың мектеп курсының барлық құрылымы негізіне қазіргі заманғы математика идеялары мен әдістері жатады, олармен мектепте математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттеріне қарай оқушыларды таныстыру қажет. Оның ішінде идеялар мен әдісте нақты түрде оқыту мазмұнына кіруі тиіс және оны меңгеру оқушыларды оқыту қызметінің тура мақсаты болуы тиіс.
- оқушыларға идеялар мен әдістер ашылмаған қалыпта болып, кейіннен олардың есеюіне қарай, олардың оқудағы жетістіктеріне қарай ашылып, кеңейіп, жаңа мазмұнға ие болуы тиіс.
- осы идеялар мен әдістер математиканы оқыту мазмұнын құрайды. қалған мектеп курсының қалған мазмұны осы иедялар мен әдістерді анықтау мен қолдану, оларды аша түсу үшін қажет болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет