Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын сыныптан тыс жұмыстар арқылы кәсіптік бағдарын қалыптастыру Орындағандар


Тақырыпқа негізделген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері



бет4/4
Дата29.03.2023
өлшемі81,3 Kb.
#77281
1   2   3   4
Байланысты:
ЖОБ

2.1.Тақырыпқа негізделген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері
Жоба тақырыбы бойынша эксперимент жұмысы Алматы қаласы № 76 мектебінде өтті. Бұл мектептің бақылау сыныбына 4 «А» сыныбы алынды. Сыныптың оқушылар саны 17 баладан. Жұмыстың жүргізілуі:
Сауалнама
1.Сен үйірмеге қатысасың ба?
1)Ия
2)Жоқ
2. Ия деп белгілесең онда қандай үйірме _________________________________________
3. Жоқ деп белгілесең не себепті___________________________________________________
4. Сен бұған ата-анаңның ұсынысы бойынша барып жүрсің ба?
1)Ия
2)Жоқ
Ең алдымен біз оқушылар арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнама сыныптың барлық оқушылары қатысты. Сауалнамада оқушылардың қандай үйірмелерге қатысатып жүргенін анықтадық. Нәтиже бойынша 5 оқушы- боксқа, 2 оқушы – жүзуге, 1 оқушы- қызықты матиматика, 4 оқушы – ағылшын курсына, 2 оқушы – биге, 1 оқушы- гитараға , 2 оқушы ешеңеге қатыспайтындығын айтты.

Осы сауалмада 2 оқушының ешқандай үйірмеге қатыспайтынын анықтадық.Сол оқышылардан себебін сұрағанда қызығушылықтары жоқ екенін байқадық. Сол себепті ең алдымен мұғалім оқушылардың дара ерекшелігін, жас ерекшелігін есепке ала отырып, қызығушылын оятуы тиіс. Ол үшін ең алдымен, оқушының қабілетін байқаған сәттен бастап, оқушыны сол бағытқа қарай әр түрлі әдістерді қолдану арқылы, (мысалы, спорт түрлерімен таныстыру, видео көрсету) тартуына болады. Тағы анықтаған мәселеміз, боксқа қатысатын 3 ұл бала өздерінің боксқа қатысқысы келмейтінін жеткізді. Олардың айтуынша, ата- анасының айтқаны бойынша қатысып жүргенін білдік. Бұл жағдайда оқушының кәсіби бағдарын қалыптасуын қиындатуы мүмкін. Себебі, оқушыда қызығушылық туындағаннан кейін ғана сол бағыт бойынша еңбектене бастайды. Бұндай мәселені шешу үшін сол балардың ата – анасымен жұмыстар жүргізу керек. Мәселен, ата- аналар мен баларды қатыстырып тренингтер ұйымдастыру немесе оқушылардың қабілеттерін көрсететін іс- шаралар өткізге болады.


Бұл тәжірибені жүргізу арқылы оқушылардың қабілеттерін ескере отырып сол бағытта жұмыс жасау керектігін көреміз. Кәсіби бағдар беру дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана бала бойында өз кәсібін айқындау пайда болады.


Қорытынды
Бұл жоба арқылы бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы кәсіптік бағдарын берудің жолдары қарастырылып, анықталып өтті. Қазіргі таңда мектеп бітіруші сынып оқушылары мамандық таңдаудан қателесіп жатады. Бұл білім берудегі өзекті мәселелердің бірі. Біз тәжірибелік жұмысымыздың нәтижесін анықтай отырып кәсіптік бағдар беруде ең алдымен отбасының рөлі басым екенін көрдік. Сондықтан, мұғалім ата- ана мен бала арасында зертеулер жүргізіп, бақылап отыруы тиіс. Яғни мұғалімнің міндеті – бала бойындағы қабілетті байқап, оның дамына жағдай жасау. Мамандық таңдау ерте жастан бастап анықталғаны жөн. Себебі, оқушы өзі сол бағытта жұмыстар жасап, тәжірибе жинақтай бастайды.Болашақта да қиындықтардың туындауын азайтуға мүмкіндік береді.
Біздің бірнеше ұсыныстарымыз:
• Ашық есік күнін ұйымдастыру.Яғни әртүрлі мамандық иелерін мектептерге шақырып, олар өзінің мамандықтарының керемент тұстарын көрсетіп, әңгімелеп айтып береді. Сол мамандықты жете түсінген бала оған деген қызығушылығы пайда бола бастайды.
• Аптасына 1 рет әр мамандық туралы сынптан тыс тәрибе жұмыстарын жасау
“Қандай маман иесі боламын?” – деген тақырыпта іс- шара ұйымдастыру. Бұл шара сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында өтеді. Яғни, балалар рөлдік көрініс көрсетеді. Өзіне ұнаған мамандық иесін таңдап сол бойынша рөлін сомдап шығады. Бір сөзбен айтқанда спектакль көрсетеді. Бұл арқылы ата- анасы баласын басқа қырынан көре алады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Әмина Әмірова. “Бастауыш сыныртарда оқытудың жаңа технологияларын пайдалану.

  2. Әбеуова И.Ә. Кәсіби бағыттылықты қалыптастыру. 2007 жыл.

  3. Ж.А. Асқарова. Кәсіби білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялар.

  4. Ұзақбаева С.А. Қазақ халық шығармашылығының балалар мен жастарға тәрбие берудегі мүмкіндіктері. -Алматы: РБК, 1994. -104 б.

  5. Мектептен тыс ұйымдар туралы ереже. - Алматы, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет