1.ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.“Бағдар” , “Кәсіби бағдар” ұғымдарына анықтама …......................................4
1.2.Сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама....................................5
2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1.Тақырыпқа негізделген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері...................................................................................................................................10
Қорытынды.................................................................................................................................12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................................13
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы Заңының 13-бабында: "Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, үшін жағдайлар жасауды көздейді,-"делінген Мектептен тыс ұйымдар балалардың жеке басының дамуына кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, олардың қабілеттерін іске асыруына, қоғам өміріне бейімделуіне, азаматтық сана сезімінің, жалпы мәдениетінің дамуына ықпал етеді
Қазақстан Республикасы Конститутциясында “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар” - деп атап көрсеткендей болашақ маманның кәсіби құзыретті болып шығуы қоғамның негізгі сұранысы болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру дегеніміз - мектеп директоры, мектептің оку және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарлары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, психолог, қосымша білім беру қызметкерлерімен бірлесе отырып оқушылардың бойындағы темперамент, мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу.