Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу әрекеті


Мәтіннің мазмұндық құрылымы мен түрлері



бет6/8
Дата01.05.2022
өлшемі167,47 Kb.
#33031
1   2   3   4   5   6   7   8
1.4 Мәтіннің мазмұндық құрылымы мен түрлері

Көптеген ғалымдар мәтін композицисын (құрылысын) үш бөлікке бөледі. Олар: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды деп Х.Арғынов мәтіннің кіріспе бөлімінде сөз етілейін деп отырған оқиғаның қашан болғаны, мүны тудыратын себептер айтылады. Негізгі бөлімінде сөз етіп отырған мәселе жөнінде түсінігін, фактілерді, іс-әрекеттерді баяндайды, ал қорытынды бөлімінде сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін, тілек-мақсатын өз пікірін білдіруі тиіс деп жүктелейді.

Мәтіннің негізгі белгілерін анықтауға ғалымдардың пікірлері түрліше. Егер ауызша және жазбаша сөйлеу формаларын мәтін деп қараса, көпшілігі тек жазбаша сөйлеуді мәтінге жатқызады. Алайда мәтіннің мүшеленуі, бөлшектенуі, мағыналық тұтастық және құрылымдық байланыс сияқты белгілерді барлық зерттеулер мақұлдайды. Б.Шалабаев - оның тақырыбының болуы белгілі бір ойды хабарлауы тиянақты аяқталуы тақырыптың бірлікте тұруы, мәтін компоненттерінің жалпы бір ортақ пікірге бағынуы, логикалық жүйеде құрылуы, мәтін бөліктерінің, сөйлемнің байланыстылығы, оның стильдік бірлікте болуы деген пікір айтады. Біздің ойымызша - мәтіннің жоғары айтылған белгілеріне мына төменгі белгілерді қосуға боладыдеп есептейміз. Олар: мәтіннің жүйелі басталып, жүйелі аяқталуы, оны мәтін құрайтын элементтер (сөйлем, қайырылым) арасында логикалық және грамматикалық байланыстар қамтамасыз етеді. Мәтіннің көлемдік құрылымы - тіл құралын пайдалана отырып, оның дара және универсаль мағынасының бейнеленуі, сол мағынаның қайталанбас өзіндік көрінісі. Б.Шалабаев - мәтіннің универсал мағынасына кеңістік пен уақытты жатқызады. Кеңістікті бейнелеу үшін мәтінде белгілі бір мекенді білдіретін не нұсқайтын атауыш сөздер тобы қолданылады. Олар: топонимдер, географиялық терминдер, этнонимдер, табиғаттың не үй жайдың белгілерін бейнелейтін сөздер, мекендік үстеулер, диалектизмдер экзотиканы білдіретін сөздер және кісі аттары.

Сөздікте бұлардың біреуі емес, тек кейбіреулері мекендік мағынаны білдірсе, мәтінде олардың мекендік көрсеткіштердің аясы кеңиді.

Шындыққа жүгінсек, тәжірибеде көрсеткендей орыс тілді орта сынып оқушылары төменгі сыныптардан ауызша баяндау, яғни сөйлеу тілін меңгермей келеді. Ауызша сөйлеу әңгімелеу дағдысы жетілмей, мәтінді әңгімелеп, баяндап бере алмайды. Мұның себебі орыс мектебіндегі қазақ тілі - әдістемесі орыс тілді оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауын, жеткіліксіз ескереді, керісінше оқушылар да қазақ тіліне мән бермейді, мәтінге үрке қарайды. Оқушылардың ауызша сөйлеу тілі мазмұнға бай және мәнерлі, көркем болуы үшін мәтін арқылы жаттықтыруды енгізу қажет. Бұл орайда мәтін арқылы жаттықтыру - тартымды тәрбие. Себебі, қазақ тілін орыс тілді оқушыларға оқытып, үйретуде мәтіннің алатын орны, атқаратын қызметі ұшан-теңіз, жалпы ауызша сөйлеу, тілді дамыту төменгі сыныптан басталады дедік. Ал басқыш жоғарылған сайын бұл мәселелер күрделене түсуге тиісті. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып, жаттығулар жүйесінде дамытып, тілдің негізін қалыптастыру үшін мына төмендегі жағдайларды қарастырдық:

Мәтіннің негізгі мәнін, мазмұнын түсіну

Мәтінге тақырып беру

Мәтінді баяндай білу

Жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу.

Уақыт та материяның өмір сүру формасы болғандықтан, ол көркем мәтіннің негізгі мағынасының бірі болып табылады. Шығарма мазмұнның белгілі бір шынайы уақытқа қатынасы ерекше тілдік құралдар арқылы көрініс табады. Ең алдымен оларға уақытты білдіретін сөздер тобы жатады (жыл, ай, күн т.б.). Оларға жататындар: тарихи тұлғалардың аттары, тарихи болмыс, қызмет, адамның әлеуметтік жағдайларының атаулары, мекен-ұйым, қоғамының т.б. аттары. Шығармада суреттелетін немесе аталып қана өтетін тарихи оқиғаларды да уақыт көрсеткіштері болып табылады. Мәтінде бейнеленетін уақыт 3 түрлі: өткен шақтық, осы шақтық, келер шақтық болып келеді. Бұлардың әрқайсысының да жеке-жеке тұрғыда көркем шығарманы баяндау жоспардың негізін қарауы мүмкін. Мәселеде сөз болатын оқиға, іс-әрекет баяндау кезеңіне сай келу не оның алдында өтуі де, немесе кейін өтуі де мүмкін.

Немесе нақтылы шығарманы бейнелейтін уақыт түрлерінің бірігіп жымдасуының көптеген варианттарын кездестіреміз.

Мәтіннің құрылымдық тұлға бірліктеріне сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, қайырым жатады. Олардың арасындағы байланыстар логикалық, грамматикалық және себеп-салдарлық жүйе арқылы іске асады. Онсыз тұтастық белгісі қамтамасыз етілмейді. Мыс: «Қырағы бала».

Кешкі уақыт. Күн батып бара жатқан кез. Аспан бұлтсыз, ашық. Таң алдында жауған қар, үрлетіп боратпаған соң, әлі сол ұлпа күйінде көбіктеніп жатыр. Оның беті сәуле түскен шынындай жылтылдап көз ұялатады. Алыстан қар жамылған тау да мүнартып, бұлдырап көрінеді. Ертеңгі әбден дайындалғаннан кейін, осындай әдемі, ашық кеште сырғанақ тебуді өте ұнататын Самат бір кісілік шанасын сүйретіп, үй сыртындағы үйілген биік қарға сырғанақ тебу үшін әдемілеп шыққан еді.

Шана үстінде отырып, танымаған аңға күдіктене қарай қалған Самат одан көзін тайдырар емес. Жан-жағына жалтақтай, аяғын еппен басып, қардан басы ғана көрінетін сояу шөптердің арасынан кетіп бара жатқан аңнан көз жазып қалам ба дегендей, шұқшия түседі. Бұл мәтінде тақырыбына орай баланың қырағылығы туралы ақпарат беру үшін мәтін қайырымдарға бөлінген. Ол қайырымдағы сөйлемдер баланың бір қасиетін анықтау үшін бір-бірімен байланысқан.

Мәселен, бірінші қайырымда кіріспе, яғни оқиғаның уақыты мен орны сипатталған. 2-і қайырымда баланың тынығу, ойнау әрекетін жүргізетін орны мен уақыты хабарланады. 3-і қайырымда аңғарғыштық, байқампаздық қасиетін хабарлайды.

Нәтижеде баланың бір кеште болған әрекеті арқылы оған қорытынды баға беріледі. Демек, көлемді мәтіндер ең алдымен шағын мәтін, көлемдік мәтін, (микромәтін, макромәтін) болып бөлінеді. Ал көлемді мәтін тармаққа, тақырыпқа, ал олар қайырымға жіктеледі. Сонымен мәтін дегеніміз - сөйлеудің нәтижесі, яғни қарым-қатынастың мақсаты, түрі, стиліне қарай түрленеді.

Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады. Егер 1 сөйлем құрмалас сөйлем болып, өте жайылыңқы болса да, оны біз мәтін деп айта алмаймыз. Мұнда тиянақты ой болғанымен ол мәтін бола алмайды, бар болғаны - сөйлем. Ал, бұл сөйлем синтаксистің құрмалас сөйлем заңдылықтығы бойынша үйлескен, яғни мәтіннің заңдылығынан өзге. Бұл құрмалас сөйлемді жеке, тиянақты сөйлемге бөлшектеуге болмайды.

Мәтіндегі сөйлемдер де байланыс заңдылығын сатап бір-бірімен ажыратылып бөлшектеуге келмейді. Осыған орай, мәтін кемінде екі, немесе бірнеше сөйлемдерден тұрады деуге болады. Сондай-ақ көлемді мәтін бірнеше сөйлемнен түратын қайырым өзімнің бастауы - тақырыптық сөйлем және қайырымдық фраза болып табылады. Сонымен бірге мағына мен формасы жағынан тізбектеле байланысқан сөйлемнің сөйлемде аяқталған интонация мен ұзақ үзіліс арқылы беріледі. Кез-келген мәтін әдетте бірнеше сөйлемдерден тұратын жеке-жеке маңызды бөліктерге бөлген. Осындай әр бөліктер жаңа жолдан басталады, яғни жолдың басқа жағында оңға қарай бос орын қалдырылады. Бұл қайырым деп аталады.

Қайырым - мәтінде композициялық және қарым-қатынасты түсіну үшін мәтінді бірлік ретінде түсінуден бастаймыз. Яғни, бір шығармада белгілі бір хабарлаудың, ой-пікірді жеткізудің мазмұнды формасы бар бөлшегі болып табылады.

Пікір айту негізінен үш басқыштан тұрады:



  1. нақтылау

  2. дәлелдеу

  3. қорытынды жасау

Нақтылау дәлелдеудің алдындағы кіріспесі іспеттес. Сондықтан нақтылау хабарлау немесе сипаттау түрінде айтылады. Ал дәлелдеу - пікірдің ең негізгі түйіні. Дәлелдеу үшін материал жеткілікті болып, барынша жүйелі, дұрыс баяндалуы тиіс. Қорытынды бөлімде ең негізгі пікірді жинақтап бере білу керек. Кейде дәлелдеу өте анық, түсінікті болатын жағдайда қорытындының қажеті болмауы да мүмкін. Пікірлеу мәтіні деп - бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында мысалдар, салыстырулар, ойлар келтіру арқылы ғана ой қорытындысын жасауға арналған түрі. Пікір айту мәтіннің қиын формасы, сондықтан пікір шығармалар бастауыш сынып бағдарламаларында қаралған. Қарапайым пікірлеу мәтіннің жүйесі мынандай, тезис, тезистің дамуы, қорытынды жасау. Міне осындай жүйеде жоғарғы сыныптарда әдебиеттік шығармалар, ғылыми мақалалар жазылады. Ең алғаш болжам айтылады, проблеманың зерттелу барысы баяндалады, соңынан болжам тәжірибесі де дәлелденеді ме, жоқ па сол туралы ой қорытындысы жасалады.

Мәтіннің түрлері

1. Хабар - негізінен, бастан кешкен (көрген, естіген) оқиғаларды
еске түсіріп айтып шығу. Мұндағы баяндау, негізінен оқиғаның өту
тәртібі мен уақытын, оның көрсету жолымен іске асады. Мәтін
құрылысы:

а) оқиғаныңбасталуы


ә) дамуы

б) аяқталуы болып 3-ке бөлінеді.

Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақытта болған себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады.

Бұл да көркем-әдеби жанрына жататын әңгіме сияқты сюжеттер жиынан тұрады. Хабарлау мәтінінде персонаждардың (кейіпкерлердің) іс-әрекеттері, олардың арасындағы диалогтар келтіріледі. Тағы бір негізгі ерекшелігі: - Мұнда ең басты оқиғалар мен фактілерге көңіл бөлінеді. Сондықтан бұл мәтінде зат есімдер мен етістіктер көп кездеседі. Хабарлау мәтінде сипаттау мен пікір айту элементтері кездеседі. Мыс: кейіпкерлердің кейпі, түр-тұлғасы, табиғат суреттері сипаттауға жатса, себептік негіздер ой қорытынды пікірлеуге жатады.

Сипаттау - затты, құбылыстарды, адамдарды белгілі бір
мекен-жайды бейнелеп (жазып) шығу. Мұндай мәтін көбінесе
бейнеленетін заттың, құбылыстың, орынның ең негізгі белгілерін, өзіндік ерекшеліктерін саралайды. Сипаттау мақсатымен жазылған мәтіндерге көбінесе: 1. Алғаш алынған әсері. 2. Сол зат не орынға, құбылысқа бағасы, пікірі байқалады. Сипаттауда көбірек белгіні, сынды аңғартатын сөздер (сын есім, есімше) жиі қолданылады. Сипаттау мәтініне келсек, мұнда кейіпкерлер болмайды. Табиғат көрінісі заттар мен құбылыстарды суреттейді. Заттардың елеулі және елеусіз қасиеттері жайында сөз болады. Сондықтан бұл мәтінде сын есім көп қолданылады.

Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санаймыз. Атап айтқанда тіл білімінде: сөз, сөздің тіркесуіне түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығы, қайырым, қайырымнан мәтін құралатындығы. Сондықтан мәтін туралы білім ең алдымен қайырымның түзілуі ерекшелігіне байланысты құрастырылуына, одан қайырым жасалатынына назар аударылуда. Әсіресе адамдар бір-бірімен қарым қатынас жасағанда жеке-жеке сөйлемдермен ғана емес, тұтас бір пікірді білдіретін, бірнеше ой-пікірді білдіретін сөйлемді өзара байланыстыра келіп, жүйелі мәтінмен де жүргізіледі. Мысалы:Мәтін әр жақты лингвистиканың объектісі болумен қатар, қазіргі кезде оның анықтамасы әдебиеттерде әр түрлі түсіндіріліп жүр.

Мәтін туралы оқушыларға түсінік беру ойдың сөйлемге қарағанда күрделі бөлшегін игеруге, ал сай келуі деген ұғымдардан басталады. Мәтін дегеніміз не? Ол синтаксистің қарастыратын мәселесі не? Деген сұрақтар мектеп оқушылары үшін өте қиын да күрделі мәселе. Сондықтан стилистиканы оқытуда, тіл дамытудаосы мәселелердің басын ашып алуға тиістіміз. Ой белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінен жасалады. Оны сөйлем дейміз. Сөйлем синтаксистің қарастыратын объектісі. Сөйлем жай және күрделі болады. Яғни құрмалас сөйлемнің анықтамасы «екі, я одан да көп сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіреді» деп көрсетеді. Ал бірнеше емес ондаған сөйлемнің беретін мәнін не демекпіз? Лингвистикалық зерттеулерде осы мәселе, әсіресе, қайырым мәтін деген терминдерге лингвистикалық анықтамалар берілмей жүр. Тек оны көркем шығармаларға байланысты түрліше түсіндіру байқалады. Атап айтқанда, қайырымды белгілі бір үзінді, жаңа ойдың басталуы десе, мәтінді сол шығарманың, іс-қағаздың толық жазбаша формасы деп үғынылады. Яғни, мәтін дегеніміз - шығарманың немесе іс-қағаздың мазмұнды бөлшегі екендігі байқалады.

Көркем мәтіннің барлық элементтері өзара тығыз байланыста мағыналық бірлікте келеді. Көркем мәтін – бірбүтін құрылым. Оның архитектоникасын лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде көптеген лингвистикалық әдістерді пайдаланамыз. Мәтіннің барлық деңгейін қамту үшін осы әдістерді өзі азшылық етуі мүмкін. Мәтіннің табиғатын тану үшін оны бөлшектеп шағын лингвистикалық бірліктер деңгейінде қарастыру әдісі тиімді. Мәтін лингвистикасында бұл мәтіннің интерпретациялануы деп аталады. Кез келген мәтін құрылымына сай, мағыналық және сюжеттік мақсаттарға орай үлкенді-кішілі бөлшектер жиынтығынан құралады. Бұл құбылысты мәтін лингвистикасы мәтін сегминтациясы деп түсіндіріледі.

Мәтін бөлшектерінің мәтін түзіміндегі рөлі бірдей дәрежеде болмайды. Осының нәтижесінде осы екі терминнің қиылысынан тағы бір түсінік туындайды. Оны И.В.Арнольд "мәтін иерархиясы" деп атайды.

Мәтін ерекшеліктеріне төмендегідей ерекшеліктер тән болып келеді:

мәтіннің бірбүтіндігі;

мәтіннің байланыстылығы;

мәтіннің бөлектігі;

мәтіннің метареферентілігі.

Осы ерекшеліктердің барлығы мәтіннің семантикалық сипаты ұғымымен тығыз байланысты болып келеді. Қазіргі әлемдік лингвистикада мәтін құрылымдық - мағыналық жағынан бетбұрыс болып келуі, қамтамасыз ететін құралдар бар. Солардың қатарында қайталамалар аталады. Қайталамалрдың мәтін түзу және мәтін дамыту қызметі туралы айтқан кезде, ең алдымен, мәтіннің семантикалық тұтастығын ұйымдастыру қызметі ерекше аталады.

Жоғарыдағы белгілерді жеке-жеке талдайық:

1. Мәтіннің біртұтастығы. Мәтіннің семантикалық жағынан бүтіндігі мәтін лингвистикасында жетекші орын алатын мәселенің бірі болып саналады. Мәтіндегі семантикалық тұтастық-күрделі категориялардың бірі. Кез-келген мәтін бір бүтін категория болып есептеледі. Олардың бүтіндігі тек құрылымы жағынан ғана сипатталмайды. Оған мәтін бөлшектерінің, яғни микромәтіндердің бір мағынаға бірігуі де кіреді. Мәтін құрылымында кейбір микромәтіндер өзіне тән мағыналық дербестікпен дараланады. Бірақ мұны микромәтіннің мағынасы мәтіннің мағына жемісінің бір бөлігін құрайды.

2. Мәтіннің байланыстылығы. Мәтін бірнеше микромәтіндер


мен микромәтіндердің жиынтығынан құралса да, осы
бірліктердің арасында тығыз байланыс болады. Ол байланыс
түрлі тілдік құралдар арқылы жүзеге асырылады. Сол
байланыстың үлкен бір бөлігін семантикалық байланыс
қүрайды. Микромәтіндердің мазмұндас келуі олардың араға
бірнеше микромәтіндер, тіпті кейде бірнеше микромәтіндер
тастап мағына сабақтастығын жалғастыруы мәтін
байланыстылығының белгісі болып саналады.

3. Мәтіннің бөлектігі. Мәтін – ең алдымен бір-біріне ұқсамайтын микромәтіндердің жиынтығы. Әрбір микромәтін


мен микромәтінді бөлек-бөлек құрылымға жатқызуға болады.
Себебі, бұл бірліктердің әрқайсысының басы мен аяғы онда
баяндалатын сюжет жемісі, мәтіндерден басты
айырмашылығының бірі - оның осы ерекшелігінде. Мәтіннің
бөлектігінің бір белгісін микромәтіндердің семантикалық
дербестігі қүрайды. Бір микромәтін - бір мағына, ал бір
микромәтін - бір сюжет. Сюжет жемісі микромәтіндердегі
сюжеттердің жиынтығынан құралса, соңғысын микромәтіндердегі мағыналар құрайды. Алайда олар мәтін
құрылымында дербестікке ие болады.

4. Мәтіннің метареференттілігі. Мәтіннің метареференттілігі


деп көркем шығармадағы автор мен оқырманның арақатысы,
оқиғаның болған жері мен уақыты, ол ұғымдардың авторлық
позициясы, автордың сюжет жемісіне көзқарасы саналады. Бұл категориялардың мәтін де айқындалуы да мәтіннің семантикалық құрылыммен тығыз байланысты.

Қайталамалар экспрессивті синтаксистің көркемдегіш құралына жатады. Олардың қатарына қайталамалрдан басқа парцелляциялық құрылымдар, сегменттенген түзілістер, сұрақ-жауап түріндегі құрылымдар және инверсиялы қолданыстар кіреді. Экспрессивті синтаксистің осы құралдарының кеңінен қолданылып, түрлі стильдік және құрылымдық-стильдік атқаратын ортасы - мәтін.

Қайталау кезінде сөздің мағынасы өзгермейді, тек оның экспрессиясы күшейді. Мәтін семантикалық жағынан екі бағытта қүрылады: тізбекті (цепное) құрылым және қапталдас (параллельное) құрылым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет