Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу әрекеті


АУЫЗША СӨЙЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет3/8
Дата01.05.2022
өлшемі167,47 Kb.
#33031
1   2   3   4   5   6   7   8

1 . АУЫЗША СӨЙЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жақсы  дайындалған  сөз, әрине, үлкен  жетістік. Себебі  тыңдаушылар  мазмұны  жұтаң, жеткілікті  түрде  дәлелденбеген, көкейкесті  мәселелерді  қозғамайтын  сөздерді  ықыласпен  қабылдай  қоймайды. Бірақ, мінсіз  мазмұн – бұл  тек  істің  бастауы  ғана. Енді  бұл  сөзді  тыңдаушыларға  жеткізу  керек. Сөзді  сөйлеу, аудитория мен қоян-қолтық  байланыс  жасау  шешен  жұмысының  басты  және  шешуші  кезеңі, шешендік  шеберліктің  шарықтау  шегі. Бүкіл  дайындық  жұмыстары  осы  аудиториямен  қысқа  уақытта  жүздесу  үшін  ғана  жүргізілген  болатын. Егер  журналист  соңғы  нүктесін  қойып, өз  міндетін  орындадым  дейтін  болса, сөз  шеберлері  екі  рет  еңбектенеді: үстел  үстінде  және  аудитория  алдында.

Тіпті  тәжірибелі, сақа  шешендердің  өзін  де  аудиториямен  әрбір  кездескен  сайын  ойламаған, жаңа  оқиғалар  күтіп  тұрады.Сөз  қандай  терең  мағыналы, мазмұнды  болсын,  оның  мәнісін  қанша  өңдеуден  өткізсен де, нашар  шешендік  техника, аудиторияны  үйіріп  әкете алмау  сөздің  не  әңгіменің  әсерін  күрт  төмендетеді.

Аудиториямен  әр  кездескен  сайын  шешен  рухани  және  күш-қуаты  тұрғысынан  дайындалып  келуі  керек. Сөйлер  алдында, мүмкіндік  болса, демалған  дұрыс, жеке  қалып  тағыда  бір  рет  сөйлеу  жоспарын  көз  алдына  елестетіп, кейбір  аса  жауапты  жоспарын тағыда  ойланып, тіпті жай  екпінмен, зорланбай  айтып  шыққан  жөн. Сөздің  тақырыбына, мазмұнына, онда  келтірілген  мәселелерге  қатысы  жоқ  нәрсенің  бәрін  ойдан  лақтырып  тастау кере

Дегенмен, шешен де  өзіміз  сияқты  адам ғой. Сөз  сөйлер  алдында  онда да  күтпеген  жағдайлар, қолайсыздықтар, үйінде не  жұмысында  қиыншылықтар  болып  қалуы, тіпті  өзі  науқастанып  қалуы  да  мүмкін  ғой.

Ал  аудиторияның  шешеннің  бұл  қиыншылықтарында  жұмысы  қанша?! Сондықтан да  оған  өзінің  бұл  жағдайларын  жасырып, уақытша  алдағы  сөзге  қатысы  жоқ  нәрселердің  бәрін  ұмытуға  тура  келеді. А.С.Макаренко  тәрбиеші-ұстаздарды  былай  деп  үйреткен: Сіздердің көңілкүйлерін  әр түрлі  болуы  мүмкін, ал  дауыстарыныз  кәдімгідей  нық, жақсы  болуы  керек. Көңіл-күйлеріңіздің  сіздің  дауысыңызға  ешқандай  қатысы  жоқ.  Сіздің  бет әлбетініз, көздеріңіз, дауысыңыз  кейбір  жағдайларда  еркін  болулары  керек.

Көп  жағдайда  кейбір  адамдар   көпшілік алдына  шығуға жүрексініп, тыңдаушылармен  кездесуге  қорқады. Бұл  олардың  көңіл-күй  ғана  емес, тұла бойында  әсер  етеді: біреулер  дірілдеп, біреулер  қызарып-көгереді, үшіншілерінің  дауыстары  қарлығып, қалтырай  бастайды. Мұны  «Шешендік  безгегі» деп те атйды.

Көпшілік  алдындағы  үрей  мен  абыржу  мына  себептерден  тұрады:

1.    Өз уайымына  шектен  тыс  батуы. Мұндай  жағдайларда 

жұмыс  туралы  ойлап, барлық  зейініңді  сөздің  мазмұнына  аудару  қажет.

2.    Өз  мүмкіндіктерін  жете  бағаламау. Сондықтан да  өзіңізді  болашақ  сөзге  жақсы  дайындалдым, мен  тыңдаушыларға  маңызды  әрі  пайдалы  нәрселер  айта  аламын  деп  өзін-өзі  сендіруі  керек.

3.    Тәжірибесінің  жеткіліксіздігі. Ондай  шешендерге: 

—        Батылданып, ыңғайы  келген  кездерде  сөз  сұрау  керек;

—        Әр түрлі  пікірталастарға  қатысудың  кез-келген  мүмкіндіктерін 

пайдаланған  дұрыс: телехабар  тыңдағаннан  кейін  отбасында, оқу  не жұмыс  ұжымдарында, әр түрлі  іс-шараларда, т.б.

4.    Сәтсіздікті  еске  түсіру. Сәтсіздіктер  тәжірибелі  шешендерде 

де  болады. Сондықтан да  оған  жайбарақат  қарап, еске  ала  бермеу  керек.

5.    Шешеннің  сөзге  жеткіліксіз  дайындалғандығы. XIX ғасырдың 

әйгілі  сөз  шебері  А.Ф.Кони  бұл  туралы  былай  деп  жазды:

«Сөз  сөйлер  алдында  толқымау  үшін  өзіңе  сенімдірек  болуың  керек, ал  бұл  лекцияға  жақсы  дайындалған  жағдайда  ғана  мүмкін. Мәселені  жақсы  білген  сайын  аз  толқисың. Толқу көлемі  дайындалуға  жұмсаған  еңбектің, дәлірек  айтсақ  дайындықтың  нәтижесіне  кері  пропорциялы. Ешкімнің  көзіне  ілінбейтін  алдын  ала  еңбек  лектордың  сенімділігінің  негізі. Бұл  сенімділік  лектор  еркін, түсінікті  сөйлеп  тұрғанын  сезген уақытта  арта  түседі де, оған  әсер  етіп, сөздің сәтті  аяқталуына  септігін  тигізеді».

Кез келген дайындық оның тақырыбын анықтаудан басталады. Мұның өзінде де әр түрлі жағдаяттар болуы мүмкін. Кейде белгілі бір тақырыпқа сөйлеуді ұсынады, яғни сөз тақырыбы алдын ала белгіленген болады. Бұл жағдайда шешенге оны нақтап, анықтау қажет. Бірақ көбінесе тақырыпты өзің таңдап алатын жағдайлар жиі кездеседі. Тақырып таңдағанда өз өмір тәжірибеңді және таңдаған тақырыбың туралы қаншалықты хабардар екеніңді естен шығармау керек. Оның бергі жағында таңдаған тақырыбыңыз тыңдаушыларға қызық болғаны жөн.

Тақырыпты таңдап алғаннан соң, оны қалай атау керек екендігін жақсылап ойлаған жөн. Тақырыптың аты барынша қысқа, түсінікті, анық болуы керек. Ол сөздің мазмұнын алдын ала білдіріп, тыңдаушыларды қызықтыратындай болғаны дұрыс. Тақырыптың аты сәтті болса, аудитория оған қызығып, ықыласпен тыңдайды.

Ұзын тіркестер, таныс емес сөздерден тұратын аттар тыңдаушыларға жағымсыз әсер етеді, болашақ сөзге олардың тарапынан жағымсыз көзқарас пайда болады. Өте жалпылама ат та онша ұнамайды. Мысалы, дәрістің тақырыбын «Болашаққа қамқорлық» деп алсақ, бірнеше сұрақ тууы мүмкін. Ең алдымен кімнің қамқорлығы туралы сөз болғалы отыр? Мемлекеттің бе, отбасының ба, денсаулық сақтау орындарының ба? Екінші сұрақ, лектор кімдердің болашағына қамқорлық туралы айтпақшы, оқушылардың ба, жұмысшылардың ба, мемлекеттің бе, қаланың ба? Сондықтан да нақтылау ат берген жөн. Мысалы: «Сақтандыру – денсаулық кепілі», т.б.

Сөйлеген өзінің тақырыбын тұжырымдай алу – тек шешендер үшін ғана емес, сонымен бірге мекеме басшыларына, менеджерлерге, қызметкерлерге аса қажетті біліктілік.

Тақырыбы табылғаннан кейін әдетте алдағы сөйленетін сөздің түрі анықталады. Аудитория мен шешеннің өзара қатынастарының өзара қатынастарының сипатына қарай ауызша сөздің монологтік және диалогтік түрлері ажыратылады. Монологте негізінен шешен сөйлейді де, тыңдаушылар «үнсіз топ» рөлін атқарады. Тыңдаушылар белсенді түрде сөзге араласып, сөйлеушіге сұрақтар беріп, онымен пікірталасқа түссе монологдиалогке айналады.

Ауызша сөздің монологтік түрлерінің ішінен мыналар жиі кездеседі:

Дәріс – материалды белгілі мақсатқа сай баяндау (мысалы, банк салымдарының түрлері туралы дәріс).

Хабарлама – (ақпараттау) – тыңдаушыларға әр түрлі оқиғалар, жағдаяттар туралы жедел ақпарат беру, аудиторияға басқа деректерден белгілі ақпараттарға түсініктеме беру, өндірісте, мекемеде жедел өндірістік жиындар өткізу, т.б.

Әңгімелесу – бірнеше оқиға мен фактіні білдіретін хабарламадан айырмашылығы – бір фактіні не оқиғаны баяндайды. Әңгіменің тұлғалық сипаты оны қызықты етіп, эмоциялық тартымдылық береді.(Мысалы, экскурсия жүргізушінің мұражайдағы суреттің жазылу туралы әңгімесі).

Шолу – аудиторияға бір тақырыпқа жататын бірнеше факті мен оқиғаны біртіндеп, егжей тегжейлі түсіндіріп, шолу жасау.Баяндама – адамдарға толық, жан жақты ақпарат берудің кең тараған түрі, белгілі бір міндеттерді тұжырымдауға (фирма басшысының жарты жылдық жұмыс қорытындысы туралы баяндамасы) арналады.

Презентация — өзіне, фирмаға, идеяға, тауарға, қызметке, жобаға, т.б.

көңіл аудару үшін, бір нәрсеге сендіру үшін айтылатын сөздер.

Іскерлік ауызша сөйлеудің диалогтік түрлерінің көбірек тараған түрлері:



Әңгіме – жүргізушінің басшылығымен әр түрлі мәселелерді белгілі мақсатпен сұрақ жауап түрінде ұжымдық талқылаудың түрі. Әңгіме жеке, көзбе көз (2 кісі) немесе топтық (8-10 кісі), ұжымдық (25-30 кісі) болуы мүмкін. Іскерлік әңгіменің жеке түрлері — әңгімелесу (жұмысқа қабылдау, конкурс өткізу кездерінде), сұхбат (мұндайды көбінесе журналистер жүргізеді).



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет