Тақырыбы: Берекелі Алтын күз! Мақсаты



бет1/2
Дата17.10.2022
өлшемі275,27 Kb.
#43633
  1   2

Тақырыбы: Берекелі - Алтын күз!
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер. Жеміс-жидектер мен көкөністерден жасалған қолөнер бұйымдарынан көрме (экибано)
Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасады
Жүргізуші: 
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Құрметті қонақтар, балалар! «Алтын күз» мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастайық. «Дарын» ортаңғы топ балаларын ортаға шақырайық
Балалар залға кіріп, шеңберге орындарына тұрады.
Жүргізуші: Дарын тобының орындауында «Жапырақтар» әнін қарсы алыңыздар. Балалар әдемі шеңберде жапырақтар әнін бірге шырқайық
Ән: Жапырақтар
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол - Алтын күз!
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба? (қолында жеміс толы себет)
Балалар: Жооооқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз,
Сайраңдаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендермен ойын ойнағым келеді.
Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Ойын «Кім жылдам?» Жапырақтар (Балалар жердегі жапырақтарды себетке жинайды)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет