Күз: Жарайсыңдар!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Тақпақтар:
Айзелия
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Жеміс - жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Айзере Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Аянат Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Асылым Күз айы басталды
Құстар қайта бастады
Жапырақ сарғайып
Жерге түсе бастады
Әмина Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
Алихан Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Дарын Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Диас Күз келгенде тамаша,
Ән саламыз жараса.
Жеміс -жидек піскенде,
Жейміз оны таласа.
Қ.Ибраһим
Алақай, алақай
Шаттанады балақай.
Береке- салтты күз,
Мереке- алтын күз.
Балалар, қазір күз мезгілі, иә?
- күз мезгіліне қандай айлар жатады?
- күзде қандай құбылыстар болады?
- ауа райы қалай өзгереді?
Жүргізуші: Біз көңілімізді түсірмейік. Күз мезгілі тамаша! Өйткені бізге молшылық береке әкеледі. Ендеше ұлдарды әсем биімен қарсы алайық
Би: Ер балалар «Көкөністер мен жемістер»
Иманғали
Мен шиемін шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін
2. Алишер
Теңбіл-теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды
3. Алдияр
Мен алмұртпын алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың
4. Адель
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.
5.
Таңдандырар бәрін
Асөабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі
6.
Менің атым қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жауыңыз
7. Тәуке
Мен өрікпін, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін
8. Серімжан
Мен жүзіммін, жұзіммін
Моншақ болып тізілдім
9.
Мен алмамын, алмамын
Таңдай жұлар бал дәмім
10.
Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарып
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
11.
Қиярлар мен қызанақ
Бар және сәбіз бен салат
Тәтті бұрыш пиязда
Қырыққабатта қатарда
Ән: «Жаңбыр әні»
Жүргізуші:
Күзде жаңбыр жауады
Ойнатпайды біздерді
Қолымызда қолшатырмен
Ойнауға біз барамыз.
«Дарын» тобының қыздарының орындауында «Қолшатыр» биін қарсы алайық
Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: Дәмін көрде, атын ата
Балалардың көзін байлап жемістің дәмін татып, атауын табу
Ән: «Күз мезгілі тамаша»
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Сендерге әкелген сыйлығымды табыстап кетейін. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Жүргізуші:
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.
Би: Флешмоб
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған «Берекелі – Алтын күз» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Ертеңгілікке белсенділік танытып, жақсы қатысқандарың үшін үлкен рахмет айтамын. Әрқашан күзіміз берекелі болып, молшылығымен келсін!
Білім беру басқармасы
Бекітемін_____________
№77 «Қошақан» балабақша меңгерушісі Н.Ғ.Юсупова
«Берекелі – Алтын күз!»
(Ортаңғы «Дарын» тобының мерекелік ертеңгілігі)
Тәрбиеші: Шайхиева Н.А.
Сайымова А.С.
2022 - 2023жж.
Достарыңызбен бөлісу: |