Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#11545
1   2   3
Кіріспе
  • Мәдени революцияның жүзеге асырылуы — социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.
  • Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.

Мәдени революцияның мақсаты

Мәдени революцияның міндеттері


  • Қазакстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды:
  • жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру;
  • Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;
  • рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту;
  • кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін — театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру;
  • Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру;
  • жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;
  • социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;
  • Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру

Сауатсыздықты жою

Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады.

Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.

1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:


  • халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
  • жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
  • қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.

1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды.

Әліпбиді өзгерту

Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комисия құрды.

Бұл комиссия үш мәселе бойынша жұмыс жасады:


  • жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау;
  • өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру;
  • түркі жазуын реформалау.

  • 1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтың түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Қазақ АКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынұлы қарсы шықты. Ә.Бөкейханов пен A.Байтұрсынұлы араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды.

Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.

XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет