Мектептік білім
Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 жылы 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беpy жөніндегі Бірінші жалпықазақтық конференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.
XX ғасырдың 20-жылдарының ортасына қарай Қазақстанда төмендегідей білім беру жүйесі қалыптасты:
Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:
- мектеп үйлерінің жоқтығы;
- арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;
- 2-3 ауысыммен оқыту;
- ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;
- көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды.
Осы өзекті мәселені шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды:
- қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды;
- жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды;
- Қазақ АКСР Ағарту халкомының академиялық орталығы оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті;
- педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқытушы кадрларын даярлау қолға алынды;
- ауыл кедейлерін оқыту мәселесін шешу үшін интернат түріндегі коммуна-мектептер құрылды;
- қазақ ауылдарында жылжымалы маусымдық жартылай жабдықталған мектептер ашылып, олар оқу жылы қысқартылған және жеңілдетілген оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілді.
Жергілікті ұлттардың өкілдерінен, жергілікті халықтың тілін, психологиясын білетін адамдардан мәдени.ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берілді. Мемлекеттік және партиялық аппараттарды жергіліктендіру мәселесі қолға алынды. Мұның өзі ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта болып келген, ұлттық мемлекеттілігінен айырылған қазақ еліне, оның аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап, қиюы қашқан шаруашылығы мен қамқоршысы жоқ мәдениетіпе сүйеніш, қорған бола алатын, мүлдем жаңа сападағы мемлекет қүру үшін, әрине, маңызды еді.
Қорытынды
- Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.
- Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
- Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
- Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.
Пайдаланған әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |