Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент куpсының мақсаты және міндеттері



бет4/4
Дата16.02.2023
өлшемі254,7 Kb.
#68430
1   2   3   4
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент лекция

операциялық тиімділік менеджердің
кəсіби қасиеттерін бағалаумен байланысты. Қызметкерлердің, оның
ішінде басқарушылардың, аттестаттауын өткізгенде, əдетте бағалау
жеке жəне кəсіби қасиеттердің үш тобы бойынша жүргізіледі:
– кəсіптілігі мен құзыреттілігі;
– іскер қасиеттері;
– жеке мінездемелері.
Басқарушы қызметінің тиімділігін бағалауының іс жүзіндегі
тəжірибесінде нақты жеке жəне кəсіби қасиеттердің тізімі өзгеруі
мүмкін: қандай да бір қасиеттер сараланады жəне бөлшектенеді,
басқалары іріктеледі немесе мəнсіз деп ескерілмейді. Осы іріктеу
менеджердің кəсіптілігін бағалау үдерістерінің мақсаттарымен, нақты
өндірістік жағдаймен жəне диагностиканың валидтік əдістемелерінің
болуын соңғы кезекке қоймайтынымен негізделеді.
Мысалы, Г. В. Ковалишина өз жұмысында [48] басшының
қызметінде ақпараттың жəне шешімді қабылдау функциясының
маңыздылығын көрсетеді. Ол барлық шешімдер басшының қолында
бар ақпараттың негізінде қабылданатынан, əр баға жол берілетін
шешімдердің көпшілігі туралы оның білімдерінің деңгейі мен дина-
микасын көрсетуі тиіс. Оның пікірі бойынша, осының салдарынан
ұйым (мекеме, фирма, жеке бөлімшесі) басшысымен (менеджерімен)
басқарудың тиімділігін бағалау кезінде келесі көрсеткіштер бағалануы
тиіс:
– өндіріс пен басқару проблемаларына бағдарлана білу, оларды
шеше білу;
– тек күнделікті қызметке емес, сондай-ақ күтілетін нəтижелерге
мақсаттылық;
– өндіріс барысындағы өзгертулердің үдерісімен басқару;
– фирманың жəне өндіріспен басқарудың жаһандық (келешек) про-
блемаларын көру;
– адамдарға сенуге негізделген қызмет, адамдармен басшылықтағы
икемділікті көрсету жəне тəуекелдікке бару қабілеті;
– фирманы жəне өз жұмысының əдістерін жетілдіру, өндіріспен
басқаруда кемшіліктерді анықтау жəне жою;
– жұмыста тиімділіктің жəне дұрыс мағынаның көрінуі;
– өндіріспен басқару барысында пайда болатын проблемаларды
шешуге қатысу, оларды шешу жолдарын табу;
– өзіне деген сенімділік, өндірісті ұйымдастыру жəне басқару
мəселелері бойынша дискуссияларға белсенді қатысу;
– өндіріс жəне басқару саласында мамандар күштерінің өзара
қолдауын қамтамасыз ете білу;
212
– проблемаға ықпал ете білу, əр жақтан оған кірісе білу жəне өзіне
мəн-жайды бағындыра білу;
– жаңа идеяларды алға қоя білу жəне оларды негіздей білу;
– икемділік жəне жағдай күтпеген жерде өзгергенде, бейімделе,
өзгере білу жəне басқалары.
В. Н. Чернышев жəне А. П. Двинин менеджермен жеке
мүмкіндіктерін жəне басқарудағы шектеулерінің жүйелі талдауы-
на арналған кəсіби маңызды қасиеттердің [113, 441-449 б.] тестін
келтіруде. Осы қасиеттердің қатарына келесілер жатады:
– өзін басқара білу;
– айқын құндылықтар;
– айқын жеке мақсаттары;
– жалғасқан өзін-өзі дамыту;
– проблемаларды шешудің жақсы дағдылары;
– шығармашылық көзқарас;
– маңындағыларға ықпал ете білу;
– басқарушы еңбектің ерекшеліктерін түсіну;
– басқара білу қабілеті;
– оқыта білу:
– топ жұмысын реттей білу.
Өлшемдерді жəне индикаторларды анықтап, оларды топтастырған
соң менеджер тиімділігін талдаудың ең тиімді əдістерін таңдау қажет.
Көп жағдайда осы мақсаттар үшін сараптамалық баға əдістерін, əртүрлі
əдістерді (сауалнама жүргізу, сұхбат алу, сұхбаттар), қызмет етуіне
бақылау жүргізу əдістерін, стандартталған психологиялық диагности-
каны жəне басқаларын қолданады. Тікелей басшылар, əріптестер жəне,
əрине, қол астындағылар менеджер жұмысының тиімділігін, оның
іскерлік қасиеттері мен құзыреттіліктерін бағалайтын субъектілер бола
алады.
Тиімді кəсіпқой болуға тырысатын басшы өз қызметінің өзін-өзі
бағалауын үнемі жүргізеді, өз құзыреттіліктерінің, жеке қасиеттерінің,
басқарушы дағдыларының жəне тағы басқаларының өзіндік «тексе-
руін» атқарады. Сонда ол, психодиагностиканың стандартталған
əдістерін, өзін-өзі бақылауды (интроспекцияны) қолдану, оны-
мен жұмыс істейтін қызметкерлердің пікірлерін талдауы мүмкін.

Әдебиеттер:



  1. Баймолдаев Т.М. Менеджмент как метод управления современной школой. - Алматы, 1996

  2. Бахишева С.М. Гимназияны басқару: теория және тәжірибе, Алматы- 2004

  3. Вазина К.Я., Петров Ю.И., Белиловский В.Д. Педагогический менеджмент (концепция, опыт работы). -Москва, 1991

  4. Қожахметова К.Ж. Мектептегі ұлттық тәрбие жүйесі; теория және практика Алматы, 1997.

  5. Каракулов К.Д. Управление общеобразовательной школой в условиях демократизации общества. - Алматы., 1999

  6. Симонов В.П. Педагогический менеджент. Учебное пособие. - Москва, 1999.

  7. Третьяков П.И. Управление школой по результатам: Практика педагогического менеджмента. - Москва, 1998.

  1. Поташник М.М. Оптимизация управления школой.- Москва., 1991.

  2. Поташник М.М. Управление современной школой.- Москва., 1992. Ю.Хмель И.Д. Педагогический процесе в общеобразовательной школе. – Алма-Ата., 1984


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет