диагностикалау Мектепішілік бақылауды жүргізген-
де дəстүрлі түрде жалпыға міндетті оқуды орындау; мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттардың жəне білім беру бағдарламаларының
жүзеге асырылуы; оқушылардың білім, ептіліктері мен дағдыларының
сапасы; олардың тəрбиелілігінің деңгейі; педагогикалық кадрлардың
біліктігі жəне педагогтардың кəсіби деңгейін жетілдіру бойынша
жұмыс; педагогикалық жəне əдістемелік кеңестерде қабылданған
нормативтік құжаттардың, шешімдердің орындалуы жəне басқалары
қадағаланады. Мысалы, Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестат-
тауды ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі нұсқаулығында [41] «білім
беру ұйымын аттестаттау кезінде білім беру қызметінің мемлекеттік
203
жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сəйкестігі анықта-
лады (бұдан əрі – МЖМС)» делінген .
6. Аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу нысандары:
1) білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы;
2) кадрлар құрамы;
3) білім алушылардың контингенті;
4) оқу-əдістемелік жұмысы;
5) оқу-тəрбие жұмысы жəне педагогикалық жүктеме;
6) оқу-материалдық активі;
7) оқу жəне ғылыми зертханалары;
8) ақпараттық жабдықтар мен кітапхана қоры;
9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;
10) ғылыми-зерттеу жұмысы;
11) кəсіптік практика болып табылады.
Осы тізімнен көргеніміздей, білім беру ұйымында жүргізілетін
басқару үдерістері тікелей түрде аттестаттау нысандарының тізіміне
жатпайды, олар осы тізімде ұсынылған қызметтің əртүрлі бағыттарына
«сіңіп кеткен».
Педагогикалық үдеріс жағдайының дəстүрлі талдауы жəне оның
қорытындыларының объективтік бағалауы қандай да бір дəрежеде
білім беру мекемесінде педагогикалық менеджменттің сапасын
да анықтауға мүмкіндік беретіні даусыз. Бірақ білім беру үдерісі
сапасының жəне басқару үдерістері сапасының өзара негізделуі
біркелкі сипатта болмайды, өйткені мектеп қызметінің табыстылығы
көптеген факторларға байланысты. Іс жүзінде білім беру мекемесінің
басшысы кəсіби біліктілігінің жетіспеушілігін педагогикалық
ұжымның кəсіби құзыреттіліктерінің жоғары сипаттамалары,
қалыптасқан танымдық түрткілерге жəне білімін жалғастыруға деген
ұстанымдарына ие оқушылардың дамыған зияткерлік қабілеттерімен
орны толатынын байқауға болады. Сонымен қатар, мықты басқарушы
құрамы бар білім беру мекемесі оқушылардың танымдық қабілеттері
мен оқу уəждеуі дамымағандықтан, өмірлік жоспарларына білімін
жалғастыру кірмегендіктен, сонымен қоса, ата-аналардың көпшілігіне
балалардың білімдері, олардың білім болашағы, сондай-ақ, маңызды
болмағандықтан, көп жағдайда, білім сапасының жақсы нəтижелерін
көрсете алмайды. Алайда көп жағдайда дəл қабылданатын басқарушы
шешімдердің жеткіліксіз нəтижелігі, жоспарлауды жəне жедел
басшылықты ұйымдастырудың төмен деңгейі, басқару буындарының
теңсіздігі, басқарушы қызметкерлерінің құзыретсіздігі жақсы жұмыс
істейтін мекеменің «аяқ асты» шалысуына, жеткен шыңдарын
жоғалтуға жəне басқаларына əкеліп соғады. Осының салдарынан тек
204
ұйым жұмысының сапасы ғана тұрақты талдауды қажет етпейді, со-
нымен қатар, оның жеке бөлімшелері жəне буындарымен басқару
сапасын да бақылау қажет. Басқару үдерістері бүкіл ұйымның, оның
құрылымдық бөлімшелерінің қызмет етуінде, еңбек ұжымының
жəне нақты қызметкерлердің жұмысында негізгі, жүйе құраушы рөл
атқарады. Басқару үдерістеріне жеткіліксіз назар аудару қандай да бір
дəрежеде бақылау жүргізгенде себептер емес, оның салдарлары тал-
данатына, «сырқат» емес, тек оның симптоматикасы анықталатынына
əкеліп соғады.
Сонымен, біз менеджмент тиімділігін бағалау межесі ретінде
қарастырғымыз келген басқару нəтижесі тура да, қосалқы да,
уақыт бойынша жақын да, алыс та бола алады, бұл оның талда-
уын қиындатады. Осы нəтиже əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік-
психологиялық жəне əлеуметтік-ұйымдастырушы əсерлермен бай-
ланысты болуы мүмкін, сонда білім беру аясында бірінші топтағы
əсерлерді бақылау күрделі болады. Əлеуметтік-экономикалық жəне
əлеуметтік-психологиялық əсерлер белгілі қарама-қайшылықта болуы
мүмкін, мысалы, білім алушылардың əлеуметтену проблемаларын аса
өнімді шешуіне, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған білім беру
жүйесіне, жеке білім беру мекемесіне қомақты қаржы қаражаттарын
салуды талап етеді. Экономикалық тиімділікке жетуге тырысу өз
кезегінде оқушылардың əлеуметтену үдерістерінің, педагогтардың
кəсіби жетілуінің нəтижелігін төмендетеді.
Əдебиетті талдау қазіргі таңда материалдық өндіріс аясында да фир-
мамен басқару тиімділігін бағалауға бірыңғай көзқарастың жоқтығын
көрсетеді [16, 20, 28, 48 жəне басқалары]. Г. В. Ковалишина [48] іс
жүзінде бағалардың өлшемдігі жетерліктей жоғары болғандықтан,
ал басқарылатын объектінің (фирманың) параметрлерінің сандық
салыстыруын көбінесе өткізу мүмкін болмағандықтан, басқарудың
барлық аспектілерін бағалау жүргізілмейтінін атап өтеді. Сондықтан
да бірқатар жағдайларда басқару тиімділігін бағалау фирманың қаржы-
экономикалық жағдайымен шектеледі. Ұйым тиімділігінің əлеуметтік-
экономикалық межелерінің арасында əдетте келесілер аталады:
– тұрақтылық (өндіріс, құрылым, нарықтағы жағдай);
– өсу (өндіріс, жұмыспен қамтылғандардың санының, жаңалық-
тарды енгізуінің өсу қарқындары);
– ұйымның сыртқы ортаның өзгерулеріне бейімделу қабілеті
(сыртқы орта жəне ұйым қызметі көрсеткіштерінің өзара байланысы);
– ұйымныңөз қызметін ұзақ мерзімді ауқымда жоспарлай білу,
болашақ өзгерістерді болжай алу қабілеті, бұл белгілі дəрежеде тұрақсыз
экономика жағдайларында тəуекелдікті азайтуға мүмкіндік береді.
205
Əлеуметтік-экономикалық өлшемдер, əлеуметтік саладағы меке-
мелер пайда алуға бейімделмегендіктен, осы мекемелердің қызмет
тиімділігін, оның ішінде, олармен басқаруды бағалау кезінде негізгі
болмайды.
Əлеуметтік-ұйымдастырушылық əсерлер ұйымның есеп, өндіріс
жəне қызметкерлердің еңбек үдерістерін жетілдіруінде, оның құрылы-
мын оңтайландыруда, өндіріс циклдерін қысқартуда жəне басқаларда
білінеді. Е. В. Маслов [56] қызметкерлермен басқару үдерістеріне қарай
тиімділікті кадр қызметінің ұйымдастырушы құрылымын бағалау
арқылы қарастырады. Құрылым тиімділігінің тура көрсеткіштері
болмағандықтан, ол басқарудың осы құрылымының қарапайымдылығы
(иерархиялық деңгейлердің саны, құрылым көлемі, байланыс бөлімдері
мен «көпірлерінің» саны, əр бөлімнің бейіні мен біркелкілігі) жəне
басқа жанама өлшемдерін келтіреді. Сонда ол байланыс көп жəне
күрделі болып, иерархиялық деңгейлері көп болған сайын басқару
жүйесінің қызмет ету тиімділігі төмен болатынын ерекше көрсетеді.
Құрылымдық бөлімшелердің тым көп болуы, қандай да бір функцияны
бірнеше құрылымдық бөлімше атқаратынына əкеледі. Осының салда-
рынан қызметтің үйлесуі жəне келісілуі қиындайды, басқарушы лауа-
зымдар саны артады, қызметкерлердің жұмысбастылығының дəрежесі
төмендейді, аппаратты ұстау қымбаттайды. Осы өлшемдер, басқару
құрылымы қарапайым жəне дəстүрлі болатын, жалпы білім беру орта
мектебіне қатысты аз қолданылады. Бірақ жоғары кəсіби білім беру
мекемелерімен (институттармен, академиялармен, университеттер-
мен жəне т.б.) басқаруда басқарушы аппараттың өсуіне беталыс анық
көрінуі мүмкін.
Қызметкерлермен басқару қызметінің ұйымдастырушы құры-
лымының тиімділігі көп жағдайда осы құрылымның динамикалы-
ғына, қызметкерлермен басқару алдында тұрған міндеттердің
өзгеруіне жəне күрделенуіне қаншалықты жылдам ықпал ететініне,
ол шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайларына қаншалықты
бейімделуіне байланысты.
Басқарудың əлеуметтік-психологиялық тиімділігі ұжымдағы пси-
хологиялық климатпен, деструктивтік шиеленістердің жоқтығымен,
еңбек ұжымының ұйымшылдығына жəне т.б. байланысты. Əлеуметтік-
психологиялық аспектілерді талдау қызметкерлерді уəждеу межелері-
нің, қызметкерлердің атқаратын жұмысынан қанағаттану дəрежесінің
жəне басқаларының негізінде жүргізіледі. Білім беру мекемесінің
əлеуметтік-психологиялық тиімділік көрсеткіштерінің кешеніне білім
беру қызметтерінің негізгі тұтынушылары – білім алушылар жəне ата-
аналардың қанағаттануымен байланысты сипаттамалар енуге тиіс.
206
[28]-да ағылшын тілді əдебиетте менеджмент тиімділігінің ұғымы
екі басты терминдермен анықталынатыны белгіленеді:
– managerial effectiveness – яғни «жүйелі» тиімділік;
– management effi ciency, бұл «операциялық» тиімділік ретінде
түсіндіріледі.
Автор жүйелі тиімділік басқару қаншалықты тиімді
ұйымдастырылғанына, яғни буындарының құрамы мен санына,
олардың бағыныштылығына, функцияларының бөлінуіне байланыс-
ты екендігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, басқару жүйесінің тиімділігі
нақты басқарушылардың сипаттамаларымен емес, ұйымдастыру
құрылымының, басқару үдерістерінің сапасымен анықталады.
Операциялық тиімділік, яғни басқарушы қызметі нəтижелерінің жəне
жұмсалатын күштердің арасындағы арақатынас, керісінше, бірінші
кезекті менеджерлердің іскер қасиеттерімен, сондай-ақ олардың əлеуеті
қаншалықты тиімді қолданылатынымен анықталады.
Жүйелі тиімділік дегеніміз – бағасы басқарудың үдерістері мен
құрылымдарының (басқарушы аппаратының) жұмысын талдауға
негізделетін менеджменттің тиімділігі деп айтуға болады. Бұл
жағдайда, басқарудың нəтижелілігі (алға қойылған мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу); стратегиялық, тактикалық жəне жедел
мақсаттардың ойластырылған өзара байланысы; басқару үдерістерінің
шоғырлану деңгейі; басқару шешімдерін уақытында қабылдауы мен
жүзеге асырылуы жəне олардың дəлелділігінің жетілуі; ұйыммен (ме-
кемемен, фирмамен) қоғамдық сенімге ие болуы, оның əлеуметтік
жауапкершілігінің нығаюы жəне басқалар бағаланады. Сонымен қатар,
басқарушының негізгі басқарушы функциялары жəне оларды құрайтын
басқарушы əрекеттер қаншалықты сапалы атқарылатыны, мекеме
ішіндегі бөлімшелер жəне сыртқы ұйымдар арасындағы серіктестік
қарым-қатынастар қаншалықты дамығаны да маңызды.
Операциялық тиімділік, яғни, ең бастысы, менеджердің тиімділігі
оның кəсіби қасиеттерін бағалаумен байланысты.