Тақырыбы: Биологиялық жүйелердегі поляризация құбылысы. Жазық поляризацияланған жарық. Жартылай шала поляризацияланған жарық. Поляриметр. Поляризатор және анализатор. Малюс заңы. Брюстер заңы



бет4/5
Дата10.12.2023
өлшемі0,97 Mb.
#135713
1   2   3   4   5
Байланысты:
Биофизика Презентация 13

Жарықтың қосарлана сынуы

Кейбір кристалдар арқылы жарық сәулесі өткенде, ол екі сәулеге бөлінеді. Бұл құбылысты сәуленің қосарлана сынуы деп аталады. Оны сәуле жолына қойылған исланд шпатынан жасалған пластинкадан өткенде анық байқалады. Исланд шпаты кристалына түскен монохрамат сәуле сынып екіге, яғни кәдімгі сәуле және өзгеше сәуле болып таралады.

Жарық сәулесінің қосарлана сынуы.

Жарық сәулесінің қосарлана сынуы.

Жарықтың жасанды қосарлана сынуы

Жасанды оптикалық анизотропия - сыртқы әсерлер нәтижесінде сәуленің қосарланып сыну құбылысын алудың жолдары көп. Үлкен тәжірибелік мәні бар анизотропия тәсілі - ол электр өрісі нәтижесінде анизотропия алу, зат молекулалары полярлы болса, олардың орналасуы өріс әсерінде кейбір жағдайда реттелген болады. Полярлы емес молекулалар өріс әсері нәтижесінде поляризацияланады. Поляризация бағыты жарықтың таралу жылдамдығының анизотропиясын анықтайтын оске айналады.

Керр ұяшығы қондырғысының сұлбасы

Керр ұяшығы қондырғысының сұлбасы


Мұндай қондырғы Керр ұяшығы деп аталады. Жұмыс заты ретінде сұйық пайдаланылады. Оған параллель металл пластиналары батырылады; пластиналар жазық конденсатор құрайды, оның өрісі зат поляризациясын жасайды. Кәдімгі және кәдімгі емес сәулелердің көрсеткіштерінің айырымы
заттың сыну көрсеткішіне n және электр өрісінің кернеулігінің квадратына Е2 пропорционал болады:
мұндағы k − пропорционалдық коэффициенті Керр тұрақтысы деп аталады; ол заттың температурасы мен жарық толқынының ұзындығына тәуелді. Керр ұяшығын айқышталған поляризаторлар арасына қойып, оған импульсті кернеу беретін болсақ, жүйе арқылы өтетін жарықты басқаруға болады. Жарықты қайтадан қосу уақыты өте аз шама - шамамен 10-12 с болады.

Поляризация жазықтағын айналдыру

  • Поляризация жазықтығын бұру қабілеті бар кейбір заттар (кварц, қант, скипидар, қанттың судағы ертіндісі, шарап қышқылы) оптикалық актив заттар деп аталады. Олар арқылы өтетін жазық поляризацияланған жарық, поляризация жазықтығын бұруды туғызу қабілетіне ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет