Жоспары: І. КІРІСПЕ Зерттеу мақсаты: Ғаламтордың жас өспірімнің психологиясына ықпалын анықтау
Зерттеу кезеңдері: Ғаламтордың шығу тарихы
Ғаламтордың қолдану тәсілдерін анықтау
Ғаламтордың пайдалы және зиян ықпалын анықтау
Зерттеу әдістері: Сұрау әдістері ( анкеталау, сұқпаттасу)
Әдебиетермен танысу (рефераттау)
Статистикалық әдіс ( диаграмма)
ІІ. Негізгі бөлім 1. Ғаламтордың шығу тарихы
2. Ғаламторды қолдану тәсілдерін анықтау
3. Ғаламтордың пайдалы және зиян ықпалын анықтау
ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. КІРІСПЕ
Бүгінде ғаламтор дүниежүзілік информациялық-комуникациялық ассоциация болып таблады. Осындай жетістіктердің арқасында жасөспірімнің интернетті күнделікті қолдануға бейімделгіш келеді. Ғаламтордың көмегімен адамдар елдің ішінде де елден тыс жерлерде байланыс орната алады. Сонымен қоса ғаламтор ғылыми қызығушылықтарды ақтай алатындығы белгілі. Ол On Lain араласуға және әр-түрлі ойындарды ойнауға жол ашады.
Бірақ ғаламторда да өзінің жағымды және жағымсыз жақтары болады. Сол себептен ғаламторды ақылды шектерде қолдану керек. Өткені ғаламторды қолданудағы шекті білмеу қазіргі таңда ғаламдық проблемаға айналып жатыр.
Әсіресе бұл жасөспірімдердің арасында кең етек алған проблема. Психологтарда бұл тақырыптарды қозғап жеткізуге тырысады. Себебі ғаламторды көп мөлшерде қолдану баланың психикасына зияның тигізеді.
Қазір біздің алдымызда ғаламторды қолдану немесе қолданбау сауалы туып жатқан жоқ. Қазір біздің алдымызда ғаламторды қолдана отырып, түрлі зиянды ықпалдан қалай сақтану керектігін білу. Және егер қалыпты қолдануды ескермесек қандай жағдайларды басымызға тілеп алуымыз мүмкіндігін білу.
Статистикаға назар аударатын болсақ АҚШ пен Еуропаның 70%-дан астам жасөспірімдері ғаламтор тәуелділікке душар болып жатыр. Қазақстанда бұл пайыз көрсеткіштер әзірше қалыпты жағдайда, бірақ олардың келесі жылдарда өзгермеуіне кім кепіл? Сол себептен менің бүгінгі тақырыбым -” Ғаламтордың оқушы психикасына әсері” . Ғаламторды біз өмірімізден толықтай жоя алмаймыз. Өткені Ғаламтордың жақсы жақтары да толып жатыр. Менің басты мақсатым ғаламтордың оқушы психалогиясына әсерін анықтап ғаламторды қалыпты жағдайда қолдануға жол ашу!