1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;
1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;
2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар проблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;
3) оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;
4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы.
Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны – айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс-әрекеттері, яғни когнициясы.
Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны – айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс-әрекеттері, яғни когнициясы.
Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:
- адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;
- адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;
адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;
дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;
тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;
ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан. 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Білу Таным мен ойлаудың де төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. ·Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды); ·Нақты фактілерді біледі; ·Жұмыстың орындалу ретін біледі, ·Негізгі ұғымдарды біледі; ·Ережелерді, қағидаларды біледі. Ережелерді, теорияларды формуларды еске түсіру, жазу, атап көрсету, жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту. — Зат есім деген не? — Етістік деген не? Түсіну Таным мен ойлаудың орта деңгейі. Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндегін көрсету: Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Аударма жасау /трансляция/ – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.); Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Экстраполяция-/ Жорамалдау/ Құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату; – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау. ·Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді; ·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді; ·Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді; ·Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды. -Зат есім етістікті саластыр — Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз; — Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз; — Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.
Қолдану Таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. — Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; -Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; — Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді. .Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек. Талдау Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. -Элементтерді талдау, -Қарым қатынасты талдау, Ұйымдастыру қағидаттарын талдау; — Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады; — Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды, — Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады; — Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды. Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз. — Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз. — “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз?