Тақырыбы: Бройлер балапандарын өсіру, құс фабрикасы



бет7/13
Дата12.05.2022
өлшемі99,8 Kb.
#34065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Бройлер 01

II. ЗООГИГИЕНА

2.1 Құс қораларының экологиялық жағдайы 

Құс шаруашылығында қора-жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар.

Құсты өсіру және бағып-күті үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.

Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп-тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып-күтетін цех, жаз айларында бағып-күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа-райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.

Құс қораларының жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.

Балапан өсірілетін құс қоралардың типі климат  жағдайына, жергілікті құрылыс материлардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.

Құстың серуендеуі үшін құс қораның ұзына бойына күн шуақ немесе қоршаулы алаң жасалады. Кішігірім шаруашылықтарда еденде бағып күтілетін тауықтар үшін күн шуақтың алаңы құс қора еденінің 50-100 пайызына дейін болады. Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45-60 күн болған балапандарға күн шуақ емесе серуен алаңы 0,5 м2 есебімен жасалады, ал туғанына 25 күн болған балапандарына 0,2 м2 есебімен, ересек тауықтарға 2 м2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жаппа жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнауы қалдықтарды пайдаланады. Тауықтарға арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалады, оның биіктігі 1,6-2,2 м болады олардың балапандары үшін 0,8-1 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.

Құс фермалары салынатын жерлерді таңдап алудың зор маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге, елді мекенге, жол бойына, тазалық жағынан қолайсыз жерлерге (қоқыс төгілетін жерге, мал қораларына, изоляторларға және басқаларға) алысырақ орналасуына – құстың тазалығы, күтімі құс шаруашылығының өркендеуі тікелей байланысты болады.

Инкубатордың ұзына бойы, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады, балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қаратылады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып-күтуге қабылданған жерге байланысты, шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай, сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет