ІІ.ҚҰС ФАБРИКАСЫ
1. 1 Бройлер өсіру технологиясы.
Бройлерлерді өсірген кезде ет және ет-жұмыртқа бағытындағы жүйелер-дің толықтырғыш балапандарын өсіру кезінде сақталатын таза ауа мен жарық беру режимі қолданылады. Автоматтандыру мен механикаландырудың жоғары деңгейі қызметшілердің жұмыс көлемін арттыра түседі. Қазіргі бройлерлер фабрикаларында бір оператордың өзі 3-4 құс қорасында еңбек етеді (60-30 мың балапан). Жұмыс көлемі көбейген кезде барлық технологиялық талап-тарды орындау үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет (21-кесте).
2-кесте. Құс фабрикасында бройлерлер өсірген кездегі күн тәртібі, сағат- минут
Жұмыс атаулары
|
Жас мерзімі,
1-20 күн
|
Жас мерзімі, 21 күн және одан ары қарай
|
1-смена
|
2-смена
|
1-смена
|
2-смена
|
Сменаны қабылдау
|
8-00
|
20-00
|
8-00
|
20-00
|
Желдеткіш қондырғы-сын тексеру
|
8-30
|
20-15
|
8-10
|
20-10
|
Балапандарды азықтандыру
|
8-30
10-30
|
-
|
8-10
10-00
|
20-10
22-00
|
Суарғыштарды жуып
оған су толтыру
|
10-30
11-50
|
20-15
22-00
|
10-00
11-50
|
22-00
23-00
|
Түскі үзіліс
|
11-50
12-50
|
22-00
1-00
|
11-50
12-50
|
23-00
1-00
|
Желдеткіш жүйесіне күтім
|
|
1-00 1-30
|
|
|
Балапандарды азықтандыру
|
12-50
16-00
|
1-30
4-00
|
12-50
14-30
|
1-00
3-00
|
Суарғыштарға су толтыру
|
16-00
18-00
|
4-00
6-00
|
14-30
16-00
|
3-00
5-00
|
Балапандарды азықтандыру
|
18-00
19-30
|
6-00
7-00
|
16-00
1-00
|
5-00
7-00
|
Жұмыс орнын күту
|
19-30
|
7-00
|
19-00
|
7-00
|
Смена ауыстыру
|
20-00
|
8-00
|
20-00
|
8-00
|
Бройлерлерді клеткаларда өсіру. Бройлерлерді еденде өсірумен салыстыр-ғанда клеткада өсіру сол бір алаңның өзіне құсты 2-4 есе артық орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге клеткаларда құстарға қолайлы мал дәрігерлік -санитарлық және зооинженерлік жағдайлар жасау әлдеқайда оңай. Бройлер-лерді клеткаларда өсірудің жағымсыз жағы, төс сүйегі килінің алғы шет жағындағы тері астындағы эксудаттың жиналуының салдарынан ұшаның тауарлық сапасының төмендеп кетуі болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта бройлерлерді өсіру мерзімі 49 күнге қысқартылып отырған кезде жоғарыда аталған дертке құс шалдықпайды екен.
Бройлерлер қалың төсеніштен гөрі клеткаларда тез өседі; еті (әсіресе төс еті) шикі протеиннің көп мөлшерімен, ылғал үлесінің аздығымен ерекшеле-неді: кокцидоз және саңғырық арқылы жұғатын басқадай ауруларға шалдығу қаупі азая түседі. Сонымен бірге төсеніш материалдары қажет болмайды, топтардағы кұс саны азаяды. Мұның өзі зооинженерлік және мал дәрігерлік қызмет көрсетуді жеңілдете түседі. Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде энергия шығындары азаяды, соның әсерінен өнімнің 1-кг-на жұмсалатын азық шығыны да төмендейді. Клеткалы контейнерлерде күткен кезде жұмыскерлер құсты сояр алдында ұстау, қораларда тазалау және басқадай еңбекті көп керек ететін процестерден құтылады. Бройлерлер көбінесе қайтадан жабдықталған КБМ-2, КБУ-3, 2Б-3, БГО-140 және Р-15 клеткалы батареяларында, каскадты екі немесе үш қабатты батареяларда немесе батарея-контейнерлерде күтіледі.
Бройлерлер клеткалы батареялардың таңдалған түрін орнатуға болатын кез келген қораларда өсіріледі. Құс қорасының еденінде ағып кететін ылдыйы болуы керек. Құс қорасында желдету мен қорадағы ауаның жылуы бойынша климат сактау қажет. Клеткалы батареялардың барлық қатарлары мен қабат-тарында бірдей температура режимі жасау үшін батарея жанындағы дәлізді бойлай еденнен 10-15 см биіктікте ауа беретін құбыр таратылады.
КБУ-3 типіндегі клеткаларда балапандарды өсірудің алғашқы күндері олар астындағы торға аяқтарын жарақаттамауы үшін жалпақ резинадан немесе полиэтиленнен жасалған төсеніш төсеу керек. Төсеніш 10-15 күн пайдала-нылады, содан соң олар клеткалардан алынып, жуылады, дезинфекцяланып, балапандардың
келесі тобы үшін сақталып тұрады.
Резина тесеніштердің орнына тығыз қағаздарды да пайдалануға болады, оларды пайдаланғаннан кейін өртеп жібереді. Клеткалы батареяларда өсірудің алғашқы күндерінде оларға науа сияқты немесе өздігінен тазаланатын деңгейі тұрақты тостаған тәрізді мөлтек суарғыштар қойылады. Өйткені бұл мерзімде балапандар батареяға жабдықталған ниппелді суарғыштарды таба алмайды.
Алғашқы күндері жем салғыштарға арнайы бөлгіштер қойылады, соның арқасында балапандардың жем жеуі жеңілдейді. Балапандар өздерін жақсы сезінуі үшін батареялардың барлық қабаттарында қолайлы микроклимат жасалады. Өйткені клеткалардағы құсқа қажетті температура бар аймаққа бірдей таралу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан клеткалардың барлық кабат-тарында жас мерзіміне қарай теңестірілген температура режимін сақтауды өте қатаң қадағалау керек
Бройлерлер күтілетін құс қораларында ауаның салыстырмалы ылғал-дылығы 60-70 пайыз шамасында сақталады. Ылғалдылығы артып (80 пайыздан асқанда), температура көтерілген кезде балапандардың тыныс алуы қиындай түседі. Олардың құты қашып, жемге зауқы соқпайды, ал ылғалдылығы азайған кезде қауырсын құрғақ тартып, сына береді, балапандардың жем жеуі нашарлап, суды көбірек ішеді.
Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде құс қорасындағы ауа алмасуын ерекше қадағалаудың зор мәні бар. Өйткені кұсты тым шоғырландырылып жіберген сәтте зиянды газдар көбірек бөлініп шығады да, оттегіне деген кажеттілік арта түседі. Қорадағы ауаның 1 литріндегі аммиактың шоғырлануы көлемі бойынша 0,01 мл-ден, күкірттегі - 0,001 мл-ден, көміртегі тотығы 0,2 пайыздан артық болмауы тиіс. Ауа режимінің сақталуы тек тасқындата – соратын желдеткішті пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болада. Ауаның бір-қалыпты алмасуына бройлерлердің 1 кг тірілей салмағына таза ауаның мына-дай мөлшерін бергенде ғана қол жеткізуге болады: м3/с: қыста 1,8-2,5, жазда 7-10, көктем мен күзде 3-6.
Бройлерлерді клеткаларда күткен кезде жарық сөндірілмейді. Алғашқы екі аптада азықтандырғыштар мен суарғыштар деңгейінде жарық беру жедел-дігі 25 лк, содан соң өсірудің ақырына дейін 5-7 лк.
Отырғызу тығыздығы бройлерлерді өсіру мерзіміне, олардың сойыс кезін-дегі салмағына, сондай-ақ клеткалардың конструкциясы мен азықтандырғыш-тардың орналасуына байланысты болады. Бройлерлерді 49 күндігіне дейін өсіргенде бір балапанға клетка еденінен 245 см2 алаң бөлінеді. Клетка еденінің 1м2 алаңына 28 балапан әтеш немесе 37-38 ұрғашы балапан отырғызылады.
«Дон» құс комплексінде (Ростов облысы) бройлерлер етін өндірудің жаңа технологиясы жасалынған. Еттік балапандар клеткалы-контейнерлерде өсіріледі. Мұның өзі кешенді бүкіл технологиялық процестерді механикалан-дыруға тұңғыш рет мүмкіндік беріп отыр. Бірегей технологиялық жүйеде азықтандару, суару, микроклиматты автоматты түрде реттеу, саңырықты тазарту сияқты мәселелер шешіледі. Тәуліктік балапандар инкубатордағы клетка-контейнерге тиеледі де, жер астындағы галерея бойынша итермелі конвейерлердің жәрдемімен бройлер-қораларына жөнелтіледі. Көлбеу конвейерлер клеткалы - контейнерлерді жоғарғы этаждарға көтереді; құс қора-сының тоғыз этажының әрқайсысына клеткалы-контейнерлерді тасымал-дайтын итермелі конвейерлер монтаждалған.
Құсты азықтандыру, суару және олардың жағдайларын бақылау үшін клетка-контейнерлер тәулігіне 20-30 минут жем мен судың автоматты дозаторларының қасынан өтеді: саңырық клеткалардың астындағы табандыққа жиналады. Бройлерлерді өсіру кезеңі аяқталғаннан кейін клеткалы-контейнерлер қора этажынан жер астындағы конвейерлерге өтеді де, сою цехына қарай бұрылады: табандықтарды қотаратын арнаулы пункт бар, клеткалы-контейнер оның қасынан өте бере өз жақтауымен төңкеріледі, сөйтіп табандықтардағы саңырық қабылдайтын құрылғыға түсіп қалады, ал табан-дықтар одан әрі жуылуға және дезинфекцияға өтеді.
Сою цехында клеткалы-конвейерді 900 бұрғаннан кейін стационарлық тіреулер есіктерді ашады да, бройлерлер қабылдау транспортерінің лентасына түсіріледі. Құстан босатылғаннан кейін клеткалы конвейерлер жуу және дезинфекция жасау ушін стационарлық жуу машиналарына беріледі де, ыстық ауамен құрғатылады.
1.2 Бройлер балапандарын өсіру
Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор, сондықтан да құс балапандарын жасына жақсы азықтандырып, күтіп-бағу қажет.
Балапандарды күтіп-бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты. Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп-бағу жүйелері әртүрлі болады. Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарында балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады. Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды, ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады. Балапандар үшін микроклиматтың ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғары деңгейде болуында. Атап айтқанда, ылғадылық 60-70 пайыз, ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағат аралығынла ауытқу керек. Балапандарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар (брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып, алғашқы күндері температура 33+370С аралығында ұсталып, микрокиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыру үшін қора ауасы жиі желдетіліп тұруы қажет. Мысалы: тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+300С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 260С-қа төмендетіліп және әр апта сайын 30С-қа төмендетіліп, ақырында айдың аяғында оның көрсеткіші 180С болуы тиіс.
Технологиялық жобалауға байланысты балапандарды торда ұстағанда олардың жастарына байланысты орналасу тығыздығы, азықтандыру және суару фронттары нормативке сәйкес болуы маңызды.
7-кесте. Әртүрлі жастағы балапандарды өсіру кезіндегі зоогигиеналық және технологиялық нормативтер (күн, торда)
Көрсеткіш
|
1...30
|
31...60
|
61...119
|
1...119
|
Тор еденнің ауданы 1 басқа, см2
|
14,5
|
270
|
300
|
300
|
Азықтандыру ауданы, см
|
2,5
|
5
|
8
|
8
|
Тордың биіктігі, см
|
22
|
28
|
34
|
34
|
Кіретін есік шыбықтарының арақашықтығы, см
|
21
|
32
|
42
|
21...42
|
Инкубаторда тәуліктік балапандардың жарамдылары мен жарамайтындары сұрыпталады. Жарамды балапандардың тұмсығының ұшын, кейде қанатының ұшын қырқады, ал ата-аналық табынды толықтыруға арналған балапан әтештердің топшысы мен ішкі саусақтарының тырнақтары күйдіріледі. Жарамсыз балапандар жем үгіндісіне қосылып өңделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |