Тақырыбы: Cырбайдың сырлы әлемі Сабақтың мақсаты



Дата13.11.2022
өлшемі41 Kb.
#49765
түріСабақ
Байланысты:
СЦЕНАРИ


Тақырыбы: Cырбайдың сырлы әлемі
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қазақстанның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтің сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең өрнегі мен ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен жырларының ерекшілігі мен мәнін ашу. Ақын өлеңдерінің эстетикалық-рухани құндылықтарымен тыныстыру.

1-жүргізуші
Армысыздар, қонақтар, ұстаздар, студенттер, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қазақстанның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Сырбайдың сырлы әлемі» атты әдеби кешімізге

1-2 жүргізуші: ҚОШ КЕДІҢІЗДЕР!
2-жүргізуші: Қазақ даласы қашанда таланттарға әсте кенде болмаған.Өткен ғасырдың елуінші жылдары қазақ әдебиетінің рухани кемелденуіне өзіндік қолтаңбасымен келген үлкен тіректі тұлға - Сырбай Мәуленорв жайындағы бейне-баянға назар аударыңыздар.
Сырбай Мәуленов туралы бейнебаян көрсетіледі.

1-жүргізуші
Жапырақ жайып жасыл алақанын,
Қарсы алса қызыл арай дала таңын.
Шөптерге бұлт шықтары қалса тұрып,
Соларға қарауды мен жаратамын.
Селеулер сақалындай кәрі атаның,
Жасырса торғайдың бір балапанын,
Мен соны тауып алып ұшыруды
Баладай қызық көріп жаратамын.


2-жүргізуші
Қылмыстың түсірмей бір қара табын,
Ұстаса сүттей таза ар атағын,
Әділ боп айтқаныңда тұрып қалса
Сол жанды жақын тартып жаратамын.
– деп жырлағын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы Жанкелдин ауданы Торғай ауылында туған.

1-жүргізуші
Ата-анасының жұмыс бабына байланысты бала күнінде туған жерінен жырақтап, Қызылорда облысына қоныс аударған. Сыр елі Сырбайды жатсынбады, керісінше ақындық шабытына шабыт қосты.
Сырбай Мәуленовтің қаламынан туған өлең өрнектері өміршеңдігі құнды. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті бір кездегі рухани биігіне қайта көтерілу жолындағы ізденісті өте тездетті. Осы ізденісті тездетуге майданға барып, өмірдің ащы шындығын көріп келіп ,адамдық болмыстың бүкіл тұңғиық тереңдеріне өзінің көркемдік нақты тәжірибесі арқылы көз жеткізіп келген ұрпақ көп себепші болды.


2-жүргізуші
Өлеңім сырласатын серігімсің,
Өзіммен бірге жасар өмірімсің.
Адамзат жүрегіме үңілгенде
Әр уақыт сен арқылы мені білсін,- деп ақынның өзі айтып кеткендей бүгін Сырбай ақынның өлеңдері арқылы сырлы өміріне жол ашпақпыз.
Ақылбек аға, меніңше Сырбай атамыз қазақ өлеңіне Еуропа поэзиясында кең дамыған шағын өлең нұсқаларын яки миннатюралық жыр үлгілерін тұңғыш рет алып келді, алып келіп қана қоймай, аталмыш үлгілерді кәдімгі құлағымызға, қара өлең қандай сырдесте, сіңісті болса, тап солай етене, тонның ішкі бауындай жақын етіп жіберді. Әңгіме шеберлік туралы ғана емес, ұлтжандылық туралы да боп отырғандай.
Сырбай Мәуленовтің көзін көріп, қызметтес, замандас болғаныңызды білеміз. Өмірде қандай жан еді?


1-жүргізуші
«Арманым жоқ көкірегімді кең ашып ,
Туған елге тарту етсем барымды »- деп ақын артына өшпес із қалдырған сырлы Сырбай атамыздың жыр-шумақтарын назарларыңызға ұсынамыз.

Жалынды жырларын жұртына тастады.



Сырбай Мәуленовтің өлеңдерін мәнерлеп оқитындар:
(6 студент мәнерлеп оқиды)
2-жүргізуші
Құрметті тыңдаушылар, студенттер Ақылбек ағамызға сұрақтарыңыз болса қоюға болады.
(3 студент сұрақ қояды)

1-жүргізуші
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ республикам таулары —
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы,—
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.
2-жүргізуші
Орман көрсең кең даланы ораған,
Жолдар көрсең шартарапқа тараған,
Менің байтақ республикам орманы,—
Менің жолым Ленин салған жаңадан.
Тұлпар көрсең желдей ұшып заулаған,
Сұңқар көрсең бұлтта қанат самсаған,
Менің байтақ республикам тұлпары,—
Менің құсым көктің жүзін шарлаған.
Қазақ әдебиетінің поэзия саласына тұтас бір майдан сарынын алып келген даладай дарынды ақын Сырбай Мәуленов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із қалдырды.

Хор: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

1-жүргізуші
Өзін кең даланың бір бөлшегі екенін мақтаныш тұтып, шындықтың сырына терең үңіле түседі. Сырбай Мәуленов үнемі тынбай ізденіс, еңбектену үстінде болған. Әдебиет әлемінде алар орны зор. Оның сырға толы өлеңдері мәңгі халықтың жүрегінде.
2-жүргізуші
Құрметті қонақтар,осымен Қазақстан Республикасының халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Сырбайдың сырлы әлемі» атты әдеби кешіміз аяқталды.

Қош сау болыңыздар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет