Тақырыбы: Corel draw бағдарламасымен жұмыс. Кіріспе I. Corel draw векторлық графиканың интерфейсі II. Іс-тәжірибелік жұмыстар



бет2/7
Дата10.04.2023
өлшемі161,86 Kb.
#81367
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Corel Draw

1.2 Құрал–саймандар блогы
Corel Draw программасындағы құрал–саймандар блогі (toolbox) деп бір жерде топтастырылған (негізгі және бірнеше қосымша панелдері) және құжаттағы объектіні қалыптыстыруға және өңдеуге өте қажетті амалдарды орындауға мүмкіндік беретін басқару батырмаларының жиынынан айтады. Мұндай батырмалар қызметші құрал–саймандар деп аталады (немесе жай құрал–саймандар), ал берілген программадағы жалпы элементтің саны 43.
1.5–суретте Corel Draw программасындағы құрал–саймандар блогінің құрамына кіретін барлық қызметші құрал–саймандары бейнеленген. Мұнда негізгі блок панелі сол жағында, ал қосымшалары оң жағында тұрады.
1.5 –сурет
Негізгі құрал–саймандар блогінің панелі әлбетте экранда бейнеленеді (егер әрине, блок бейнесінің режимі орнатылған болса), ал қосымша панелдері негізгі панелдерінің құрал–саймандарының орнын ауыстырған кезде ғана ашылады.
Егер кейбір панелдердің ұяшықтарында бірнеше құрал–саймандар орналасқан болса (іс жүзінде олар сәйкесінше қосымша панелінде орналасады), онда оның оң жағындағы төменгі бұрышында кіштентай қара белгісі бар белгі тұрады. Егер көрсеткішті осындай белгіге орналастырып және тышқанның батырмасын шертсек немесе көрсеткішті ұяшықтың кез–келген жеріне орналастырып, тышқанның батырмасын басып тұрған күйде бірнеше уақыт ұстап тұрсақ, онда экранда берілген ұяшыққа байланысты, қосымша құрал–саймандар панелі бейнеленеді. Таңдалынған құралды негізгі панелге орналастыру үшін, онда оған көрсеткішті орналастырғаннан кейін тышқанның батырмасын басу керек. Нәтижесінде көрсетілген құрал негізгі құралдар блогінің ұяшығында орын алады және оның батырмасы белсенді күйде болады, ал қосымша панелі жабылады [5].
1.3 Құрал-саймандар панелі
Corel Draw жоғарыда сипатталған құрал–саймандардан ғана емес, сонымен қатар әртүрлі құрал-саймандар панелінде орналасқан басқада құралдар бар. Стандартты құрал-саймандар панелі және қасиеттер панелі негізгі болып табылады. Олар әдетте стационарлы түрде көрсетілген және экранда әрқашан бейнеленіп тұрады. Стандартты панель көмегімен құжатпен жұмыс жасау жалпы амалдарын орындайды, ал қасиеттер панелінің көмегімен объектілерді жұмыс құралының параметрін беру арқылы өңдеу үрдісінде (процес) қолданылатын [16].
Стандартты панель Стандартты құрал-саймандар панелі құжатта орындалатын танымал амалдарды (құру, ашу, сақтау, баспаға шығару және т.б.) орындайды. Панелдегі көптеген басқару элементтері программадағы негізгі мәзір командаларын көшіреді. Бірақ аналогті командасы жоқ элементтеріде бар [4].
6–суретте стандартты панелдің экранда бейнеленген түрі көрсетілген.
Осы панелдің басқару элементтерінің мағынасын түсіндірейік:
  • New (жаңа(новый)) батырмасы, жаңа құжатты қалыптастыру үшін арналған (File (Файл) мәзірінің командасының амалын көшіреді);
  • Open (Ашу(открыть)) батырмасы, таңдалынған файлда сақталынған немесе қалыптасқан жаңа құжатты берілген шаблон базасында ашу үшін қолданылады (File (Файл) мәзірінің командасының амалын көшіреді);
  • Save (Сақтау(сохранить)) батырмасы, белсенді құжатты бұрынғы параметрімен өзінің файлында сақтауға мүмкіндік береді (File (Файл) мәзірінің командасының амалын көшіреді);
  • Print (Баспаға шығару(Печать)) батырмасы, құжатты баспаға шығару үшін қолданылады;
  • Cut (қиып алу(вырезать)) батырмасының көмегімен құжаттағы таңдалынған объектіні (ерекшеленген мәтіндік ақпаратты) өшіруге және бір уақытта Windows ауыстыру буферіне орналастырады;
  • Copy (Көшіру) батырмасының көмегімен ерекшеленген объектіні және мәтіндік ақпаратты көшіру үшін қолданылады;
  • Undo (Болдырмау(Отменить)) батырмасы орындалған амалдардың тізімін алып тастау үшін қолданылады. Соңғы амалды алып тастау үшін солға майысқан бағыт белгісін шерту арқылы орындалады. Батырманың оң жағындағы, қара үшбұрыш белгісін шертсеңіз, сіз алдында орындаған амаладардың тізімі шығады, ол орындалған рет бойынша кері ретте орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет