Тақырыбы: Corel draw бағдарламасымен жұмыс. Кіріспе I. Corel draw векторлық графиканың интерфейсі II. Іс-тәжірибелік жұмыстар



бет1/7
Дата10.04.2023
өлшемі161,86 Kb.
#81367
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Corel Draw


Тақырыбы: Corel draw бағдарламасымен жұмыс.
КІРІСПЕ
I. Corel draw векторлық графиканың интерфейсі
II. Іс-тәжірибелік жұмыстар
III. Тест тапсырмалар
IV. Электрондық сөздiк-анықтама(глоссарий)
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, графикалық дизайндарды жасауда көп қолданысқа ие CorelDRAW программасы. Қазір CorelDRAW -технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. CorelDRAW технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
1. Жинақтылық
2. Көпсалалығы
3. Қолайлылық
CorelDRAW пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Осы мақсатымызға жету үшін, бізге CorelDRAW технологиясын білу өте маңызды рөль атқарады.
Жұмыстың мақсаты: CorelDRAW-графиктік редакторының технологиясы мен мүмкіндіктерін меңгеру.
Зерттеу нысаны: CorelDRAW мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, 2-бөлім, қорытынды және қолданылған әдибеттер тізімінен тұрады.
 
 
1.1 Мәзір командасы
1.2 Құрал–саймандар блогы
1.3 Құрал-саймандар панелі
1.4 Қосымша палитра
1.5 Графиктік бейнені сақтау форматтары
1.6 Арнайы эффектілер
1.1 Мәзір командасы
Corel Draw программасы әртүрлі командалардан тұрады. Оларды қолдануға ыңғайлы болу үшін тізім ашылған түрде анықталған бейнесі ретінде топтастырылған. Бұл тізімдер мәзір командасы деп аталады.
Жанама мәзір интерфейсінің анықталған элементімен немесе өңделінген объектімен байланысқан және олар оның жанында орналасқан команда топтарын қосады. Берілген мәзір келесі екі тәсілдің біреуімен ашуға болады:
  • Программадағы интерфейс элементіне керекті жеріне көрсеткішті орналастырғаннан кейін тышқанның оң батырмасын басып, объектінің немесе құжаттың бос аймағын өңдейміз.
  • Тышқанның сол жақ батырмасын басқан кезде докердің оң жақ бұрышында тұрған, докердің белсенді мәзірі ашылады.

  • Ережеге сәйкес, жанама мәзірі ағымдағы элементке немесе объектіге қатысты барлық командалардан тұрады. Бұл дегеніміз құжатты өңдеу эффектілірін жоғарлатады, яғни программадағы негізгі мәзірінен керекті командасын іздеуге уақыт кетпейді. Сонымен қатар, негізгі мәзірінде жоқ командаларымен жанама мәзірі жұмыс жасай алады [7].
    Программаның жанама мәзірінде кездесетін кейбір белгілері мен функцияларын қарастырайық:
      • Бөлімнің соңындағы қара төртбұрыш белгісі мәзір ішіндегі командалар бар дегенді көрсетеді. Тышқанды шерткен кезде қосымша команда тізімі ашылады;
      • Бөлім атының соңындағы көп нүктелі белгісі, ағымдағы команданы орындауда, команда параметрінің құрылуында (сұқбат терезеде немесе докерде ашылған) немесе тышқанның манипулясиясына байланысты кейбір кідірістер болатынын білдіреді.
      • Перне тақтаның аты немесе перне тақталардың топтарының (олардың арасында «қосу» белгісімен) бөлімі, берілген команда осы пернетақталарды басу жолымен орындалса, онда мұндай жағдайда олар жедел орындалатындығын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет