Дәрілік заттарды синтездеуде қолданылатын химиялық түрлендіру әдістері.
Орын басу реакциялары- реакциялар алифаттық тізбектегі, ароматты, гетероциклді сақинадағы немесе функционалды топтағы сутегі атомдарының әртүрлі орынбасарлармен алмастырылуына негізделген
Тотығу-тотықсыздану реакциялары-Тотықсыздану және тотығу біртұтас процесс, нәтижесінде атомдардың бір тобы электрондарды алу кезінде тотықсызданады, ал атомдардың басқа тобы тотығады
Орынбасушы түрлену реакциялары- Бұл реакциялар тобы аралық өнімнің молекуласында болатын орынбасарлардың оған жаңа қасиеттер беру немесе оның реактивтілігін өзгерту мақсатында химиялық түрленулеріне негізделген.
Синтездің аралық және соңғы өнімдерін алудың химиялық процестерінің сипаттамасы (мысалдар).
шикізатты апараттарға салған сәттен, бізге қажетті өнімді алуға дейінгі технологиялық үрдістерді химиялық синдездеу үрдістері дейміз. Масалы: Аммиак технологиялық схемасын алсақ. азот-сутегі қоспасы және реакцияға түспеген айналымдағы газдар алдымен 1-сүзгіге түседі, онда олар бөгде қоспалардан тазартылып, жылу алмастырғыш түтіктерімен синтез бағанына өтетін газбен жылу алмасу арқылы 5-10°С дейін алдын ала салқындатылады. 2-бағаннан газ қоспасы 3-буландырғышқа қосымша салқындатуға түседі, мұнда құбыраралық кеңістіктегі сұйық аммиактың булануы арқылы газ қоспасы минус 10-15°с дейін одан әрі салқындатылады. Газ бен конденсацияланған аммиак қоспасы сұйық аммиакты газдардан бөлу үшін 2-бағанның бөлу бөлігіне түседі. 2-конденсациялық бағаннан сұйық аммиак 9-резервуарға шығарылады және қоймаға түседі.Буландырғыштан алынған аммиак газы 3 тұзақ арқылы 4 одан HNO3, азот қышқылы тұздарын (NH4NO3 және т.б.) алу үшін жіберіледі немесе сұйылту үшін тоңазытқыш қондырғысына барады.Газ қоспасы 2-бағанның жылу алмастырғыш түтіктерінен өтіп, 5-синтез бағанына түседі. Бағаннан шыққан ГАЗ қоспасында 15-20% аммиак бар.Әрі қарай, бұл газдар 6 конденсаторына түседі, онда аммиак сұйылтылады.Сұйық аммиак 7-Сепараторда бөлініп, 9-резервуарға түседі. Осылай біз аммиакты өндіріп аламыз. Одан міндетті түрде қалған қалдықтар қайта сүзгіге түсіп,өнім алуға қатысады.
Галогендеу техникасы.
Органикалық қосылысқа бір немесе бірнеше галоген атомын енгізу үрдісін айтады. Галогеннің табиғатына қарай бұл қосылыстар хлортуынды, бромтуынды және т.б. деп аталады.
Галогентуындылар үш жолмен түзілуі мүмкін:
Бір немесе бірнеше сутек атомын галогенмен алмастыру;
Қанықпаған көмірсутектің немесе оның туындыларының қос байланысына галогенмен, галогенсутекпен, галогенгидринмен әсер ету;
Карбон қышқылындағы немесе спирттегі гидроксил тобын галогенмен алмастыру.