Тақырыбы: «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» Кіріспе


Тақырыбы: Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері



бет6/16
Дата30.09.2022
өлшемі60,3 Kb.
#40898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Биохимия малимет

6. Тақырыбы: Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері.
1. Дене (қимыл) сапаларын арттырудың физиологиялық механизмдері. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторлар.
Қимыл дағдысы қалыптасуы қимыл сапалары қалыптасуымен бір уақытта жүреді: бұлар – күш, шапшаңдық, төзімділік және ептілік. Олар кез-келген қимыл қызметінде бір-бірімен байланыста болады. Бірақ нақтылы қызметтің жағдайына қарай әр түрлі дәрежеде байқалады. Штангистерде ең алдымен күш, ал марафоншыларда төзімділік пайда болады. Қимыл сапасының дамуы әртүрлі жүйелердің қайта құрылу нәтижесінде өтеді, бірақ әртүрлі сапалардың дамуы кезінде белгілі бір жүйелерде басымдылық айқын байқалады. Бұлшық еттің өсуі мен күштің дамуы бірге жүреді. Жүйке бұлшық ет аппараты нәзіктігінің өсуі шапшаң жаттығулар жасауға мүмкіндік береді. Төзімділік кардиореспираторлары жүйенің дамуымен артады.
Күштің даму физиологиясының механизмдері. Күш-бұл бұлшық етті қозу күйінде дамытатын кернеу немесе адамның сыртқы кедергілерге қарсы әрекеті. Түрлері: 1\ статикалық күш; 2\ динамикалық күш; 3\ жарылыс күш.
2. Статистикалық максималды бұлшық ет күші, максималды ерікті күш және күш мұқтаждығы. Ерікті күштің орталық және шеткі факторлары. Динамикалық және жарылыс күші.
Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор қуатты күші лабораториялық жағдайға жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талдшықтарын қоздыратын тоқпен әсер еткендей ерекше күшпен анықталады. Күштің өсу кезеңі 14-15 жаста басталып, барынша даму шегіне 20 жаста жетеді де, әрі қарай машықтануына байланысты дамиды. Барынша еркін дамуы факторларының әр түрлілігі.

  1. Қимыл бірліктерінің көп санын рекрутироват етуі.

  2. Серпіліс жиілігінің 10-12 имл\с-тан 40-60 имп\с-ке өсуі бұлшық ет қызметін оқшауланып жиырылудан тетаникалы жиырылу тәртібіне өткізеді.

  3. Қимыл бірліктерінің синхронизация қызметі

  4. Бұлшық ет аралығы үйлестігі дамиды

  5. Ретикулярлы формация тонусын көтеретін катехоламин, ол болса қимыл орталықтарының қызметін белсендіретін әсершең күйге байланысты дамиды.

  6. Бұлшық ет құрамына кіретін бұлшық ет талдшықтардың генетикалық құрылысы мен қалыңдығына байланысты дамиды. Ал бұлшық ет талшықтары күштің сапасына ықпал етеді.

  7. Бұлшық еттердің жекелей ерекшеліктеріне байланысты \бір бұлшық ет салмағы 100-120 мг\.

Бұлшық еттің динамикалық күші қызметтің изотониялық немесе ксотоникалық режимдері жағдайында дамиды. Динамикалық күш оның шапшаңдық көлеміне немесе бұлшық ет қысқарып, яки ұзарған кездегі салмақ қозғалысының баяулауына байланысты анықталады. Бұлшық еттердің динамикалық күш концентрикалық жиырылу экцинтрикалық жиырылу кезіндегі сол бір бұлшық еттің статикалық күшінен аз болады.
Жиырылыс күші бұлшық ет күшінің тез пайда болу қабілетілігін сипаттайды. Жарылыс күшінің көрсеткіші граддиент болып табылады, күштің барынша пайда болуы мен жоғары нәтижеге жету қатынасын анықтайды. Градиент күші спорттың жылдамдық күш түрлері өкілдерінде басым болады. Жарылыс күші шеткі факторларға: бұлшық еттің физиологиялық енінің көлеміне: оның алғашқы ұзындығы, бұлшық ет күшін иық рычагының әсеріне; бұлшық еттегі жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының қатынасына байланысты. Қуатты күш пайда болуының орталық жүйкенің факторларына, жылдам бұлшық ет талшықтарының қозуына, оның тегіс тетанусты тәртіпте жұмыс істеуіне жағдай туғызатын мотонейрон серпілістерінің жоғарғы жиілігі жатады.
Физикалық машықтанған бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық және миофибриллярлық болып екі тике бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі де, мотохондрия сандары өсіп, қылтамыр саны көбейеді. Бұл типтегі гипертрофия төзімділік артады да, күш шамалы өзгереді.
3. Шапшаңдықтың айқындалуының арнайылығы (ациклды қимылдар, сөрелік үдеу, арақашықтық шапшаңдық, ауыспалы тәртіп).
Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы – қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді. Қарапайым түріне қимылдық реакцияның жасырын уақыты, оқшауланып қозғалу жылдамдығы және уақыт бірлігіндегі қозғалу бірлігі, жылдамдықтың жинақы түріне спорттық қызметтің арқылы түрі жатады \спринтті жүгіру, жүзу, соққы беру\. Жылдамдық көпшілік жағдай нәсілдік қасиеттерге де байланысты болады.
Шапшаңдықты анықтайтын, қозғалыстың нейро-гуморальді реттелуінің физиологиялық механизмдеріне, орталық жүйке жүйесі тарапынан қозымдылық және жүйке орталықтарының функциональды қимылы, қозу және тежелу процестерін тез ауыстыру жатады. Бұл, атап айтқанда, бұлшық еттің жұмысқа тез қосылуына қарай ықпал етсе, оның тез босаңсуына да солай ықпал етеді. Еркімен қозғалу кезіндегі жүйке процестерінің жоғары үйлесімділігі бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ететін вегетативті қызметтің уақытылы қосылуына себепші болады.
4. Төзімділікті анықтау. Төзімділіктің, шаршаудың және жұмыс қабілеттілікті өзара байланыстары.
Төзімділік – ұзақ уақыт тиімділікті төмендетпей жұмыс істеу қабілеті. Ол адамның қажып шаршау мүмкіншілігін болдырмау бейнелейді. Төзімділік жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы төзімділік – бұлшық еттердің үлкен тобындағы мамандырылмаған жұмысты ұзақ уақыт қолдау қабілеті. Арнайы төзімділік-қозғалыс әрекетінің белгілі бір түрінде жұмыс қабілеттілігінің ұзақ уақытқа қолдаудан көрінеді. Сондықтан төзімділік статикалы, динамикалық, күштік, жылдамдық, анаэробтық және аэробтық болып бөлінеді. Жүйкелік гуморальдық механизмдерді жетілдуру қызметін, қуаттылығын, сондай-ақ ішкі орта параметрлері өзгерген кезде жұмысты орындау қабілетін жетілдуру – төзімділіктің физиологиялық механизмдері болып табылады. Төзімділіктің биохимиялық механизмдеріне энергияны қамтамасыз ету жүйесінің аэробты және анаэробты мүмкіншіліктері жатады. Бұлшық еттің композияциясы мен дене құрылысының ерекшеліктері төзімділіктің анатомиялы негізі болып табылады. Төзімділік жасқа, жынысқа және жеке дара өзгеше түрге бөлінеді. Ол тұтасынан алғанда тұрақты, қайталама және барынша жеткілікті бұлшық ет жұмысы кезінде көбейетін ағза қоры көлемімен анықталады.
Ептілік қимылдық міндеттерге сай үйлесімді қозғалыстарды тез де, дәл орындау қабілетімен сипатталады. Ептілік сезім мүшесінен түсетін ақпаратты өңдеп, қозғалысты бағдарлайды. Қозғалыстың дәлдігімен белгілі дәрежеде анықтайтын кинестатикалық сезімге үлкен мән беріледі. Ептілік – күшті, шапшаңдықты және төзімділікті дамытып, қимылдық дағдыларды молайтады да, оның қорын жаңарту кезінде нығая түседі. Жаттығу әсерінен ептілік тезірек өседі. Оның дамуына спорттық ойындардың элементі бар қозғалыс – қимыл ойындары себепші болады. Ептіліктің анағұрлым дәрежеде өзіне тән ерекшелігімен оқшауланатынын ескеру қажет. Жаттыққан футболшы биіктен суға секіргенімен, футбол алаңында аса ептілік таныта алмайды.
Икемділік – буындардағы қимылыдар дәрежесіне, буын үстінің ерекшеліктеріне, бұлшық еттердің серпімділігіне және сіңір – қоспа аппаратына байланысты болады. Ол қозғалыс аралығында көрініп, гимнастикалық және акробатикалық жаттығуларда, диск лақтыруда спорттық нәтижелерді көтеруге мүмкіндік береді. Икемділік белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді икемділікке өзіндік бұлшық ет күші арқылы жетеді, ал енжар икемділік – сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Ер балаларда икемділік 7-ден 14 жасқа дейін жетіліп, 15 жаста ең жоғарғы дәрежеге жетеді.
Онтогенез процесінде арқилы кезеңдер болады, ол арқылы ағзаның неғұрлым қарқынды дамуы өтеді. Осы кезеңде белгілі бір жүйені дамытуға және жетілдіруге бағытталған педагогикалық ықпал жоғары нәтиже береді. Сондықтан бұл кезеңде дене тәрбиелеу ілімінде сенситивті деп аталады. Сонымен 7-8 жастан 9-10 жасқа дейінгі балаларда аэробты энергоөнім жүйесі жоғары қарқынмен жетіледі. Бұл уақытта аэробты мүмкіншіліктің дамуына бағытталған физикалық жүктер аэробты мүмкіншілікті 35-45%-ке қосымша өсіреді. Физикалық сапаның біреуін мүмкіндігінше терең жетілдірсек, басқалары тежеле бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет