Тақырыбы: «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» Кіріспе


Тақырыбы: Сыртқы қоршаған орта факторларының адам ағзасының жұмысқа қабілеттілігіне әсері



бет7/16
Дата30.09.2022
өлшемі60,3 Kb.
#40898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Биохимия малимет

7. Тақырыбы: Сыртқы қоршаған орта факторларының адам ағзасының жұмысқа қабілеттілігіне әсері.
1. Спорттық жұмыс қабілеттілікті төмендететін факторлардың физиологиялық сипаттамасы. Биіктік ауруы. Спортшылардың орта биіктікте болғанға дейінгі және одан кейінгі жұмыс қабілеттілігі.
Адам тірі материяның бір бөлігі бола отырып, өзіне жан – жақты әсер ететін өзгерістерді қоршаған ортамен тығыз байланыстырады.
Орта және жоғары биіктіктің ғазаға әсері мынадай топтарға бөлінеді:

  1. төменгі биіктік – 750м-ден 1000 м-ге дейін,

  2. орташа биіктік – 100 м-ден 3000 м-ге дейін

  3. жоғары биіктік – 3000 м-ден жоғары болып саналады.

Барлық спорттың түрлері 2500 м биіктікке дейінгі деңгейде жүргізіледі. 1500 м-ден 3000 м биіктіктер аралығында адам ағзасына мынадай факторлар әсер етеді: 1) атмосфералық ауа тығыздығының төмендеуі. Адам ағзасына атмосфералық қысымның сынап бағанасының деңгейі 760 мм-ге жеткенде, қысым ісер етеді. Егер сынап бағанасы жоғары көтерілсе қысым төмендейді де, тығыздық кемиді. Мысалы, 1500 м биіктікте атмосфералық қысым 680 мм сынап бағанасына тең болады. 2) оттегінің сыбағалы қысымы төмендейді; 3) ауаның ылғалдылығы кемиді де 2000 м биіктікте ауыз қуысы құрғайды; 4) температура төмендейді; 5) Ньютонның заңы бойынша гравитация төмендегендіктен нәтиже жоғары болады. 6) шуақты реакцияның көбеюі.
Адамның жоғары биіктікке 30 минөтке шейін бейімделуі жедел бейімделу деп аталады. Бірнеше аптаға дейінгіні қысқа уақыттағы және биіктіктегі акклиматизацияны – тұрақты бейімделу дейміз.
Жедел және қысқа уақыттағы бейімделу оттегінің жеткіліксіздігіне бағытталған. Ауада сыбағалы қысым төмендеуінің нәтижесінде ағзада оттегінің жетіспеушілігі дамиды, оны гипоксия және гипоксемия дейміз.
2. Адам ағзасына сулы ортада әсер ететін факторлар. Судағы талдағыш жүйелерінің қызметі.
Ағзаның биіктікке бейімделуіне қанда болатын өзгерістер үлкен роль атқарады. Жедел бейімделу кезінде қанның деподан келіп түсуіне байланысты эритроциттердің саны көбейеді. Қан айналым мүшелерінде жүректің соғу жиілігі, систолдық және қанның минөттік көлемі артады да, қан қысымы аз өзгереді.
Орта биіктіктегі жұмыс кезінде өкпенің желдеткіші, қанның оттектік сыйымдылығы және қанның минөттік көлемінің артуы ағзадағы оттегінің жетіспеуін толықтыра алмайды, сондықтан анаэробты энергияның түзілуі байқалады.
Жоғары биіктікке ұзақ уақыт бейімделу механизмдері жеке ерекшеліктерге, атап айтқанда: 1) тыныс алу, қан-тамыр жүйесі мүшелері қызметінің өзгеруіне; 2) анаэробты энергияның түзілуінің жоғарылауына; 3) өкпенің сыйымдылығы мен көлемінің артуына байланысты өтеді.
Реакклиматизация ерекшеліктері таудағы 2-3 апталық гипоксиялы тұрақтылықтың өсуі төменгі жазықтыққа түскен соң 1,5-2 айға дейін сақталады. Орта биіктіктерді жарыстарға дайындық кезеңінде пайдаланады, сондықтан 2-3 айдан кейін биіктікке бейімделу процесі өтеді, бірақ бұл кезеңде ескеретін жай ағзадағы толқындалған процесс жүреді. Осыған орай таудағы жаттығу процестері тек қосымша әдіс ретінде жазықтықтағы жаттығулармен бірге жүргізілуі қажет. Орта биіктіктегі жаттығулар төзімділік негізгі сапа болатын мамандықтарға сай келеді.
3. Адамның биологиялық ырғақтары. Бейімделу және ырғақтар. Тәулік бойы жұмыс қабілеттіліктің өзгеруі. Көп тәуліктілік ритмдер.
Биологиялық ырғақтар: ағзадағы өтетін барлық процестер ырғақтылық сипатта жүреді. Ол тірі жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін ассимиляция және диссимиляция процестерінің бірлігімен анықталады. Сондықтан ырғақьылық тірі жүйенің ішкі қасиеті болып табылады. Мысалы, электроэнцофалограмма, электрокардиограмма ырғақтары. Ырғақтар – тәуліктік, айлық, мезгілдік және жылдық болып бөлінеді. Бұлардың барлығы тіршілікке бейімделуге жағдай жасайды.
Циркадты ырғақтылық – геофизикалық және метеорологиялық факторлардың адамға әсері. Бұл ырғақтылық туылғанда байқалады да, түс көргенде қайталанады. Түнгі уақыттарда, жеке әрекеттерді көп қателіктер өріс алады. Қимыл бұлшық ет әрекеті және дене температурасы 0,8 градусқа төмендейді. Мұндай құбылыстар парасимпатикалық жүйке жүйесіне байланысты өтеді. Тәуліктік ырғақтылық эндогендік қасиетке ие. Егер адамдармен қараңғыда көрмей хабарласатын болсаң, тәуліктік ырғақтылық 23-25 сағатқа тең болады. Жүректің соғу жиілігі, тыныс жиілігі, қан қысымы және дененің температурасы 13-14 сағаттарда үдемелі шегіне жетіп, таңғы 2-3 сағаттарда төмендейді. Айлық ырғақтылыққа ішкі және сыртқы факторлар үлкен әсер етеді. Айлық ырғақтылық тұрақты емес, сыртқы факторлармен анықталады.
Мезгілдік ырғақтылық – бұл жердің күнді айналуы, қысқы ұйқы, құстардың қайтуы. Адамдарда оттегін пайдалану қыста жоғарылап, қан қысымы артады. Сондықтан спорттық нәтижелердің ең жоғары көрсеткіштері көктем және жаз мезгілдерінде байқалады.
Биологиялық ырғақтылықтар тіршілік жағдайларына бейімделуге жағдай жасап, бір плюстан екінші плюсқа тез ауысқан кезде қызметтің бұзылуына себепші болады. Бұл кезде жаңа белдеулік уақытпен циркадты ырғақтылықтың келіспеушілігі өтеді. Ырғақтылықтың бұзылуы пайда болады, оны десинхроз дейді. Ол жылдам – күш және спорт ойындарының түрлерінде айқын байқалады да, ұйқы бұзылып, тәбет төмендейді. Бейімделудің жаңа жағдайларға 6-10 тәулікте ауысуына байланысты, жарыс өтетін жерге 10-15 күн алдын ала келу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет