Тақырыбы: “Дәрігер-науқас-мейірбике” қарым-қатынасы



бет3/6
Дата25.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#97173
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
медициналық этика және деонтология-1

Медициналық деонтология

  • Деонтология - (гректің - тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы.
  • Деонтологияның негізгі принципі - адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.
  • Медициналық деонтология дегеніміз - медицина қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.
  • Дүние жүзі халықтарының әрқайсысының өздерінің ұлттық, діни, қоғамдық мәдени ерекшеліктеріне қарай әр дәуірде денсаулықты сақтау этикасы мен медициналық этика жөніндегі көзқарастары әртүрлі болған. Тарихқа жүгінсек, әртүрлі қоғамдық-экономикалық формацияларда адамның денсаулығы мен өнерін сақтауға байланысты этикалық нормалардың көптеген түрлері болғанына көзіміз жетеді.

Медициналық этика тарихынан

  • Біздің дәуірімізге дейін IX ғасырда өмір сүрген атақты үнді дәрігерінің "Өмір кітабы (Аюр-Веде) атты еңбегінде дәрігерге былай деген өсиет айтады': "Дәрігер іс жүзінде табысқа жету үшін; өзінің дені сау, мұнтаздай таза, қарапайым, шыдамды сақалы қысқа етіп бастырылған, тырнақтары алынған, ақ жейде, жұпыны киім киген болу керек. Сөйлеген сөзі жұмсақ, жағымды, тартымды және үлкен үмітпен айтылуы қажет. Дәрігердің ақ жүректі адал, қайғыға ортақтасқыш, сезімтал, тура мінезді байсалды, ерекше сабырлы, асқан ақылды, әрқашанда жақсылық істеуге тырысып тұратын адам болғаны абзал. Жақсы дәрігер сырқатты үнемі уақтылы қарап, мұқият тексеруге міндетті. Қорқақтық және жасқаншақтық дәрігерге жат мінез.

Тарихи деректерден

  • Біздің дәуірімізге дейін VIII ғасырда өмір сүрген үнді-дәрігері Чарака өзінің "Чарака-с\-мхита" деген дәрігер этикасында: "Көп жылдар бойы ұстазыңнан оқып-үйреніп қана қоймастан, өзіңді белгілі бір ақылдылық пен төзділікке де тәрбиелеуің керек. Науқасқа кетіп бара жатқанда өзіңнің ойыңды, сезіміңді тыныштандыр, мейірімді, адамгершілікті бол, істеген ісіңнен пайда іздеме, сырқатты аялай біл, сауығып кетсе қуан, тіпті жауыңды да емдеуге тырыс - бұл қасиеттердің бәрі дәрігердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайды, адамгершілік қасиеттерің аңғартады. Науқас туған-туыстарына, бала-шағасына, тіпті әке-шешесіне күдіктенсе де дәрігерге имандай сенуі қажет, сондықтан да сырқатқа оның балаларынан да, әке-шешесінен де артық қарауға тиіссің".


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет