Қалдық дисперсияны есептеу формуласы мұндағы - i-ші таңдаманың дисперсиясы
үшін еркіндік дәржесінің саны (к – 1), мұндағы к-топтар саны.
үшін еркіндік дәрежесінің саны к·(r- 1), мұндағы r-әр топтағы мәндер саны, к - топтар саны,
Бірфакторлық дисперсиялық талдау Дисперсиялық талдауды жүргізу әдісі: 1. Нөлдік және балама жорамалдарды құрамыз:
Н0: топтық бас орта мәндер тең, және таңдама орталар арасындағы айырмашылықтар кездейсоқ, фактор оларға ықпал етпейді.
H1: таңдама орталар арасындағы айырмашылықтар кездейсоқ емес және оларға фактор ықпал етеді.
2. α мәнділік деңгейі беріледі ( мысалы, α=0,05 немесе α=0,01).
3. Есептеледі MSфактжәне MSкалд
Егер, онда нөлдік жорамал қабылданады.
Егер, онда
Фишер статистикасы есептеледі.
4. Fтәжесептегеннен кейін, Fсыникесте бойынша Фишер таралуының сыни мәндерін табады. Ол k-1 және k(r-1) еркіндік дәрежелерінің сандарына сәйкес келуі керек.
5. Fтәжжәне Fсынисалыстырылады.
Егер Fтәж< Fсыни, онда берілген мәнділік деңгейінде Н 0нөлдік жорамалы қабылданады және фактор орта мәнге ықпал етпейді деген қорытынды жасалынады.
Егер Fтәж> Fсыни, онда нөлдік жорамал жоққа шығарылады және фактор ықпалы маңызды деп танылады.
Параметрлік емес критерийлер бас жиынтықтың таралу түріне тәуелсіз, берілген жиынтықтың варианталары мен олардың жиіліктеріне ғана тәуелді функциялар болып табылады.
Параметрлік емес критерийлер параметрлік критерийлер үшін қажетті болып табылатын таралудың кейбір параметрлерін есептеуді талап етпейді.
Сондықтан параметрлік емес критерийлерді және параметрлік емес статистика әдістерін параметрден бос немесе еркін таралған деп атайды.
Параметрлік емес критерийлерді қолданудың тиімділігі мен мүмкіндіктері:
- сандық және сапалық белгілермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
зерттелетін жиынтықтың таралу түрі белгісіз, бұл көбіне көлемі аз жиынтықтармен жұмыс істегенде мәнді;
-зерттеліп отырған жиынтықтар арасында айырмашылықтардың бар немесе жоқ екендігін анықтауға, егер бар болса олардың кездейсоқ немесе заңдылық екендігін тағайындауға мүмкіндік береді;
-зерттелетін құбылыстар немесе белгілер арасындағы байланысты немесе тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді.
- таңдама орта және таңдама ортаның стандартты қатесін есептеу талап етілмейді;