Көптеген зерттеулердің нәтижесінде жер заттары өздерінің меншікті салмақтарына қарай бірнеше қабаттар құрып орналасқан деген қорытындыға келуге болады: ең ауыр заттар жердің ішкі орталық өзегінде, ең жеңіл заттар жердің үстіңгі бетінде. Жер қабаттары геосфералар деп аталады (гео-жер, сфера-шар).

Геосфераның ең жеңіл үстіңгі қабаты атмосфера деп аталады. Оның қалыңдығы бірнеше мың километрге барады, бірақ өлшеуге бақылауға келетін мөлшері 500 километрдей деп есептеледі.
Жердің ең үстіңгі сұйық, су қабаты гидросфера деп аталады. Мұхит суларының ең терең жері ≈11 километрдей, ал тығыздығы 1-ден сәл артықтау.
Гидросфера астында, құрлықтарда, таулы-қырлы жерлерде жердің қатты қабаты бар. Оны қыртыс қабаты дейді. Негізі топырақтан тұрады. Осы үш қабаты астасқан жерінде, тіршілік қабаты бар, оны биосфера деп атайды.

Жердің үстіңгі қатты бетін, оған қыртыс (топырақты) қабатыда кіреді, литосфера деп атайды (тас қабат). Оның қалыңдығы ондаған километрге жетеді. Бұл қабаттағы тау жыныстарының құрамы базальт деген тау жынысына жуық келеді. Сондықтан оны базальт қабаты деп те атайды.
Литосферадан төмен, жердің ең ішкі өзегінің сыртында аралық қабат немесе мантия қабаты бар. Бұл ең қалың қабат, қалындығы 3000 километрге жуық. Оның құрамына ауыр магмалық тау жыныстарынан тұрады. Жер сілкіну әрекеттері осы мантияның үстіңгі бөлігінде болады.
Жердің ең ішкі орталық өзегі- ядросы көбінде темірден, одан кейін никельден тұрады деп есептейді. Жер шары салмағының негізін осы өзек құрайды. Оның меншікті салмағы жоғары, 10 т/м3- ке жетеді деген жорамал бар. Осы келтірілген геосфералар қабаттарында әрқайсысына тән элементтер жинақталған, осыған байланысты олардың физикалық және химиялық қасиеттері бар.
Норвегияның атақты ғалымы В.М. Гольдшмидт барлық элементтерді, геосфераға таралуына байланысты, төртке бөлінеді: 1) атмофильдер, 2) литофильдер, 3) халькофильдер, 4) сидерофильдер.
Атмофилдер дегені ауалық элементтер деген сөз. Литофилдер- литосфералық элементтер, яғни оттекпен қосылатын элементтер. Халькофилдер- күкіртпен қосылып кен қабатын құраушы элементтер. Сидерофилдер- темірге тән элементтер.