Тақырыбы: Дисперсті жүйелер. Дисперсті жүйелердің классификациясы


В.М. Гольдшмидт элементтерді осындай топтарға бөлгенде атомдардың көлемін (иондық радиустарын) және олардың сыртқы электрон қабаттарының құрылысын да негізге алған



бет4/6
Дата27.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#110694
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 3. Литосфера

В.М. Гольдшмидт элементтерді осындай топтарға бөлгенде атомдардың көлемін (иондық радиустарын) және олардың сыртқы электрон қабаттарының құрылысын да негізге алған.

  • В.М. Гольдшмидт элементтерді осындай топтарға бөлгенде атомдардың көлемін (иондық радиустарын) және олардың сыртқы электрон қабаттарының құрылысын да негізге алған.
  • Атмофилділерге жататындар: газдар, сутек, азот, нейтрал газдар. Бұлардың көпшілігінде атом сыртындағы орбиталь 8 электроннан тұрады.
  • Литофилдерге жататын элементтер: литий, натрий, калий, магний, кальций, алюминий, силиций (кремний), оттек, т.б. Бұлардың иондары сырт орбитальда 8 электрон бар.
  • Халькофилдерге жататын элементтер: мыс, мырыш, қорғасын, сынап, күміс, алтын, мышьяк, қалайы, күкірт т.б. Бұлардың иондары 18 электрон (сырт қабатта) болады.
  • Сидерофильдерге жататындар: темір, кобальт, никель, платина тобы, көміртек т.б. Бұлардың иондарының сыртында қосымша құрылысты электрон қабаттары бар.
  • Химиялық элементтердің жер қыртысындағы үлестерін анықтауға, олардың таралуындағы заңдылықтарды ашуда В.И. Вернадский, А.Е. Ферсман, А.П. Виноградов секілді академик ғалымдар, Америка геохимигі Ф.Кларк, Норвегияның ғалымы В. Гольдшмидт зор еңбек сіңірді.
  • Ф.Кларк американың ірі ғалымы, геохимик, тау жыныстарын талдап зерттеуде нәтижесінде жер қыртысының орташа құрамын есептеп шығарып, 1889 жылы химиялық элементтердің пайыздық үлесін көрсететін кесте жасады.
  • Жердің беткі тас қабатын (литосфера), су қабатын (гидросфера) және ауаны (атмосфера) қосып есептегендегі жалпы салмағы 2,2-2,5·1019 тоннаға тең деп есептеледі. Осы қабаттардағы химиялық элементтерді Вернадский бірнеше декадаға бөліп, пайыздық үлесін анықтаған (келтірілген кесте Ферсманның түзетулерімен толықтырылған) х). Бірінші декадағы үлесі 10%-тен асатын элементтер, екіншіде- 10%-тен 1% ке, үшіншіде үлес 1%-тен 0,1% ке дейін және т.с.с.орналасқан.

  • Алғашқы цифрлар (1,1% пен 3,6%) жер қыртысының жоғарғы горизонттарына қатысты . Олардың химиялық құрамын 16 км тереңдікке дейінгі деңгейде зерттеумен америкалық геохимик Кларк Франк Уиглсуорт (1847-1931 жж.) 40 жыл бойы айналысып, оның нәтижесін алғаш рет 1889 ж. жарыққа шығарған. Оның құрметіне А.Е.Ферсман 1923 ж. жер қыртысындағы химиялық элементтердің орташа мөлшерін кларк деп атауды ұсынған. Элементтер кларкі жер қыртысы көлемінде есептеп шығарылып, салмақтық немесе көлемдік процентпен өрнектеледі.
  • Норвегия геохимигі В.М.Гольдшмидт 1922 ж. сейсмикалық деректерді ескере отырып, Жердің ішкі шекаралары оның затының химиялық құрамы өзгерістерімен байланысты деп пайымдаған. Бұл өзгерістер планета балқыған күйде болған кездің өзінде оның гравитациялық қабаттарға бөлінуі нәтижесінде орын алған.
  • Басқа көзқарасты 1939 ж. профессор В.Н.Лодочников айтқан. Ол Жер қойнауындағы материяның физикалық қасиеттерінің өзгеруі оның химиялық құрамының өзгерісімен емес, атомдардың сыртқы электрондық қабықтарының біршама қирауымен байланысты деп пайымдаған. Осыдан бірнеше жыл өткен соң В.Х.Рамсейдің есептеулері келтірілген бірқатар еңбегі жарық көреді. Бұл еңбектерде Жер қойнауындағы өте үлкен қысымның ықпалынан атомдардың бірқатар электрондарының жоғалуы, осылайша планетаның төменгі горизонттарын құрайтын силикат материал тығыздығы күрт артқан айрықша "металданған" күйде болуы мүмкін екендігі көрсетілген.
  • Соңғы кезде техниканың дамуына байланысты жер қыртысының терең белдемдері мен жоғарғы мантияда болатын жоғары қысымға, температураға сәйкес келетін жағдайларда табиғи және синтетикалық заттарға эксперимент жасауға мүмкіндік туды. Осы жағдай, сондай-ақ жоғарғы мантия таужыныстары ксенолиттерінің табылуы біздің қыртыс астындағы мантияның құрамы мен құрылысы туралы білімімізді толықтыра түсті. Ксенолиттердің, метеориттердің және Айдан әкелінген үлгілердің құрамы мен қасиеттерін, сондай-ақ Жердің ішкі құрылысы туралы сейсмологиялық деректерді ескере отырып, Жердің жалпы химиялық құрамының моделі есептеп шығарылған


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет