Стабилизаторлардың қатысында қиын еритін заттардың түзілуіне әкелетін әртүрлі химиялық реакцияларға (тотығу, тотықсыздану, гидролиз, алмасу) негізделген. Мысалы,суды тазалауда пайдалынатын темір (ІІІ) және алюминий гидроксидтерінің зольдарын гидролиз арқылы алады:
FeCI3+3H2O → Fe(OH)3+3H2O
Тері ауруларын емдеуде қолданылатын күкірттің гидрозольін тотығу реакциялары арқылы алады:
Тері ауруларын емдеуде қолданылатын күкірттің гидрозольін тотығу реакциялары арқылы алады:
2H2S+O2 → 2S+2H2O
Алтынның және күмістің коллоидты ерітінділерін тотығу-тотықсыздану реак-циялары арқылы алады:
Үдемелі және айналмалы броундық қозғалыстың теориясын өзара тәуелсіз А.Эйнштейн және М.Смолуховский (1905-1906ж) жасады. Бұл теорияға сәйкес бөлшектердің жылулық қозғалысының бағыты және жылдамдығы олардың дисперсті орта молекулаларымен соқтығысуымен анықталады. Бөлшек барлық жағынан соққыға жығылады. Әр молекуланың соққысын немесе қозғалысын бақылау мүмкін емес. Бұл жағдайда статистикалық әдістерді қолданады.
Статистикалық заңдар негізінде тәртіпсіз қозғалыс кезінде орташа ығысу шамасының квадратын (∆х2) дәл есептеуге болады. Бұл шама, Эйнштейн көрсеткендей, радиусы r шар тәріздес бөлшек үшін былай анықталады:

Диффузия деп жылулық (немесе броундық) қозғалыс әсерінен ерітінді немесе газдың барлық көлемі бойынша бөлшектер концентрациясының өздігінен теңелу процесін айтады.
Егер жүйеде бөлшектер концентрациялары әртүрлі аймақтар болса, онда кез-келген бөлшек концентрациясы және химиялық потенциалы жоғары жүйе бөлігінен көбірек соққылар алып ерітіндінің сұйытылған аймағына үстем түрде жылжиды. Нәтижеде жүйе көлемі бойынша ерітінді концентрациясы мен химиялық потенциалдар теңеседі: