М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жатақханасы. Тақырыбы: «Дос болам десең досыңды сыйла қымбаттым» Жалпы мақсаты: Жатақхана тұрғындарында «дос», «достық» құндылықтары туралы түсінікте кеңейеді.
1-Жүргізуші:Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен жатақхана тұрғындары! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі кешімізде жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.
2-Жүргізуші: « Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей.
Досыңа қосылғанда дем бергендей»
Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке,
Тұйғынға қапастағы жем бергендей»
демекші, Достық- екі адам арасындағы ортақ ойларымен, ұқсастықпен байланысқан өмірдегі бір қасиет. Дос болу- қиын да емес, оңай да емес. Адам үшін ата-анадан кейнгі ең жақыны-абзал досы.Ендеше бүгінгі кешімізді ашу үшін Абишева Гулбану апайға сөз береміз. 1-жүргізуші «Доссыз өмір-тұл», « Доссыз өмір-тұссыз ас»-деп халық тегін айтпаған. Адам ес біліп, етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық.Достық әлемі қызық оқиғаларға адал шынайы қарым-қатынас, асқақ адамгершілікке толы әлем.Ендеше өз өнерімен ортаға Алияны шақырамыз.
2-жүргізуші Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен-деп келесі кезекті жатақхана жігіттерінің орынындауында «Бауыр керек» әні.
1-жүргізуші:
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап.
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап-ендеше келесі кезекте көңіл көтеру үшін «Досыңды қаншалықты білесің?»ойынына кезек береміз.
2-жүргізуші Ендігі кезекті ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.
1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Келесі кезекте дос туралы шығарылған ақындарыдың өлеңін оқуға көркемсөз шеберлерін ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:«Пікір алысу»
1. Дос пен жолдастың айырмашылығы қандай?
2. Үш адам нағыз дос бола ала ма?
3. Нағыз дос қандай болуы тиіс?
4. Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?
1-жүргізуші: Сәлем өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты – дей отырып, келесі кезекті Мәди мен Заринаның орындауында «Жақсы адамдарым» әніне кезек береміз.
Қорытынды сөз: Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.
Достығымыз әрқашан берік болсын! Келгендеріңізге көп – көп рахмет!Жатақхана тұрғындары, осымен біздің «Дос болам десең досыңды сыйла қымбаттым» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Әрқашан достықты бағалайтын азамат болып өсулеріңізді тілейміз. Қош сау болыңыздар!