Тақырыбы: Ә. Жангелдин қазақтың жиһанкезі,саяхатшысы!



бет2/5
Дата19.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#58141
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Адамдар кітап оқымаса ойлаудан да қалады» баяндама

2-оқушы:Халықтың хәлі мүшкіл еді.Байлардың езгісіне тап болған қараңғы халық патша үкіметінен сан қилы зорлық пен қорлықты басынан кешіріп отырғанда жақын жерде мектеп болмағанымен өрімтал бала білімге құштар болды.Әкесіне айтпай Торғайға бара жатырған керуенмен бала қашып шығады .Өз еңбегімен 2 класстың орыс-қырғыз кәсіптік училищесіне оқуға кіріп , сауатын ашты сонымен қатар ағаш темір мамандығын игерді.Бірақ кешікпей әкесі оны тауып, қайта ауылға әкелді. Білімге деген құштарлығы бір суымаған жасөспірім 2 жылдан соң үйінен тағыда рұқсатсыз қашты.Бұл жолы ол Қостанайдағы қалалық училищеге оқуға кірді.Әкесі тағыда тауып алып, ауылға әкетпекші болған Әлекенді училищенің инспекторы А.Х.Коиоров деген ұстазы ара түсіп , әкесінен алып қалады.Ұстазы жас қазақтың бойындағы жігер мен қабілетті бірден байқап, училищеде әрі қарай дәріс алуға мүмкіндік жасайды.
3-оқушы:Қостанайдағы училищені бітіре салысымен кейіпкеріміз Орынбордағы діни училищеге келеді.Оған себеп бар еді.Қала училищесінде оқу үшін ,ол христиан дінін қабылдаған болатын.Оған Николай Степнов деген орысша есім берілді.Бірақ кешікпей оқуын тастап,әлемді танудың өзге жолдарын іздейді.Енді ол Қазан қаласындағы мұғалімдер даярлайтын семинарға түседі.
4-оқушы:Ол кезде Қазанның мұғалімдер семинариясында марксистік үйірме құрылғанды.Ол үйірме Қазан университетімен тығыз байланыста болды.Ал Қазан университеті революция идеяларын нағыз өсіруші бағбаны іспеттес.1905 жылдан бастап-ақ Әліби студенттердің ревалюциялық қозғалысына белсене қатысты.Сол саяси өмірге шыңдап кірісудің алғашқы сатысы еді...
Ол Қазаннан Москваға ауысты , діни Академияға тарих бөліміне. Бірақ үкімет қудалауына ілініп, оқудан қуылады. Патшалық Ресейде қалу қауіпті болып, ол енді шет елге қашуға мәжбүр болды.
5-оқушы:Сөйтіп дала кезіп,өзге елдерді танып, көруді армандаған бала кездегі қиялы шындыққа айнала бастады.Ол енді жаяу жер бетін айналып шығамын деген арманын іске асыра бастады.Бұл саяхаты сәтті аяқталады, әрине бірнеше жылға созылғанымен , оның даңқы арта түсті, ол шығамын деген арманын іске асыра бастады. Бұл саяхаты сәтті аяқталды, әрине бірнеше жылға созылғанымен , оның даңқы арта түсті, ол «Қазақтың Марко Полосы» атанды. Ол 1910-1912 жылдары Николай Степнов деген атпен Еуропа , Таяу Шығыс ,Африка және Азия елдеріне жаяу саяхат жасап,білімі мен тәжірибесін ұштады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет