Байланысты: «Адамдар кітап оқымаса ойлаудан да қалады» баяндама
10-оқушы: Әлекеннің белсенді революциялық қызметі оның үш жылдық саяхатын жоққа шығарды. Бұл саяхат аңыз деген әңгімелер тарады. Бұл дұрыс еместі. Дала комиссарының революциялық қызметі шыныменде жоғары еді. Бірақ жер айналып шыққан саяхаты да аңыз емес,шындық.
2000 ж. 2 қыркүйек күні басылған «Казахстанская правда» газетінде ҚР-ның Орталық мемлекеттік Архивінің директоры Марат Хасанаевтың мақаласы басылды.Бұл мақалада Ә.Жангелдиннің саяхат маршутын растаған құжаттар Пенза облысының мемлекеттік архивінен табылғанын айтады. 1912 ж . Әлекен Россия қалаларында , Пензада кездесулер өткізгені айтылады. Сол 1912 ж. күз-қысында өткізілген кезесулерден біз әйгілі комиссардың тағдырының оңай болмағанын, үш жылға созылған саяхаттың оның өмірін толықтырып жан-жақты зерттеулері бір төбе болған.Сол кезде европалықтарға беймәлім елдерді көріп, аралау кез-келген жәй қазақтың қолынан келер ме еді деген заңды пікір туындайды.Демек Әлекен тегін адам болмаған .Қайсар,каһарманды білуге құштарлығы мол , білімді, білікті болғанының дәлелі болған бүкіл саналы ғұмыры тек Отаны мен халқына арнаған патриот екенін дәлелдейді.Славияндар оны мақтап,ардақтаса, австриялықтар қорсынған, европалы түріктер жек көрген , Судан, Абиссиния, Мадагаскар, Тигр мен Ефрат жағалады,Парсы елі, ертегі Үндістан, ескі Сиам –санскриттің Отаны.Сайгон-Аннам корольдігінің астанасы, Гонгонг, Кантон, Ханькоу, Жапония әсем түрлі және таңғажайып еді.Соңында ең қымбат жол-үйге оралу жолы қаншалықты ыстық та ұзақ күткен жол еді.Сөйтіп Николай Степнов тағы да қазақ Әліби Джангельдин осындай адам еді...
11-оқушы: Әліби Жангелдиннің немересі Таугелді Мерғалиұлы атасы жәйлі барлық құжаттарды жинап, қастерлеуші еді.Ол бір әңгімесінде атасы тамақ табу үшін Нил жағалауында жер қазса, ауыр мөшектегі қант пен мақта тасығанын , теңізге тарқанда қасындағы қалған тыртықтарды, жанып тұрған тұрбалар ізі қасын күйдіргенін, Иранның Деиет-и-Кефир даласында керуенмен жүргенін , Кальнутта фабрикасында жұмыс істегенде шаң мен тозаңкөзіне , денсаулығынада зиян келтіргенін біледі.Революционер, қоғам қайраткері , саясаткер Әліби сонымен қатар қазақтың алғашқы кинодонериенталисі еді, қазақтың кино өнерінің негізін қалаушы болғаны да рас.Ол саяхаттан алғашқы қозғалатын кинопроектор әкелді.Бала кездегі досы Амангелді Имановпен бірге түнгі кезде даладағы ауылдарды аралап, өзі болған елдердің өмірі туралы түсірілген киноленталарды көрсетті. Киноленталар көрсетумен бірге Әліби бұл елдердің өмірі туралы әңгімені де өте әсерлі және қызық етіп айтып бере алатын. Европа, Солтүстік Африка, Оңтүстік , Оңтүстік –Шығыс Азия.