Ситуациялық сұрақтар. (ата-аналарға) Сынып жетекшісі балаңызға «бүгін сағат 3.00-де мектеп ауласында сенбілік жұмыстар жүргізіледі, жұмыс киімдеріңіз бен қолғап киіп келіңдер және өздеріңізбен бірге күрек пен тырнауыш ала келіңдер» деп айтып жібереді. Сіз бұған қалай қарайсыз? Сіздің әрекетіңіз.
Балаңыз сабақтан келген бойда сізге мынаны айтады: мен қазір тамағымды ішіп болған соң, Жалғастың үйіне барып шөп түсірісуге көмектесіп келемін, үйдегі шаруаны келген соң да тындырамын» дейді. Сіздің әрекетіңіз, оны жібересіз бе?
Балаңыз қандай үйірмелерге қатысады? Онда немен айналысады? (Оқушылардың шығармашылығынан туындаған туындылармен таныстыру, суреттер көрсету, марапаттарын атап өту – еңбектенудің жемісі)
Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?» Ата-аналар мен оқушыларға қиықша қағаздар үлестіріледі, «ойын» деген жазуы бар қиықша түскен ата-аналар мен оқушылар ортаға ойынға шығады. Ойынның шарты: үстел үстінде тұрған ыдыстың ішіндегі жемістерді келесі үстелдегі ыдысқа апарып салу керек. Бұл ойын ұқыптылықты, шапшаңдықты талап етеді.
Қ.Бердіғалиевтің орындауындағы Ғ.Құрманғалиев пен Н.Байғаниннің «Еңбек туралы термесін» үнтаспадан тыңдату.
«Жүректен жүрекке» Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,
- Жалғас, еңбегің жемісті болсын!
- Нұрайна, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- Әдемі, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- Алихан, өмірдегі тірегің еңбек болсын.
- Абылайхан, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
- Лаура, еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!
- Дильназ, отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол
- Қуандық, ата-анаңның еңбегін бағалай біл
- Мерұлан, еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте
- Асылым, еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын
- Жеңіс, еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!
- Бекасыл, бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын шашу емес, сондықтан үнемшіл бол.
Қорытындылау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.