Тақырыбы: Ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар


алғашқы мемлекеттердiң территориялық және әкiмшiлiк құрылымына келсек



бет3/4
Дата01.11.2022
өлшемі30,53 Kb.
#46827
1   2   3   4
алғашқы мемлекеттердiң территориялық және әкiмшiлiк құрылымына келсек әрбiр сақ-скиф бiрлестiктерi өзiндiк патша және халық жиналысының билiгi жүретiн территорияларды иелендi. Б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстiгiн қамтитын кең байтақ аумақта сақ-скиф деп аталатын тайпалар мекендедi. Оларды “тарих атасы” Геродот (б.з.б. V ғ.) және басқа ежелгi грек тарихшылары “Азия скифтерi” деп атайтын. Жалпы сақ тайпалары Солтүстiк Қара теңiз өңiрi мен шығысында Днепр бойын мекендеген және төменгi Едiл бойымен Оңтүстiк Орал өңiрiндегi савроматтардың Кир мен I Дарий парсыларының және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң замандастары болған деген деректердi де сол грек және парсы жазбалары көрсетедi. Олар ежелгi парсылармен тығыз қарым-қатынас жасаған, тiптi б. з. б. VI-V ғасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кiрген. Ахеменидтiк сына жазба деректемелерiнде сақтар туралы аз болса да, анық деректер келтiрiлген. Мәселен, оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтар (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Ферғана аймағы мен Сырдарияның оңтүстiк жерiн, тиграхауда-сақтар (шошақ бөрiк киетiн сақтар), Сырдарияның орталық тұсынан батысында Алтай тауларына дейiн жайлағанын, сосын парадария-сақтар (теңiздiң арғы бетiндегi сақтар) туралы хабарланады.
Әрбiр алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк (протогосударство) өзiнше белгiлi бiр автономия алатын тайпа немесе ұлыстық әкiмшiлiк бiрлiкке бөлiндi. Сондықтан оларды “тайпалық одақтар” деп атауға болады. Тайпа немесе ұлыс белгiлi бiр территорияны көшiп жүретiн қауым бiрлiгiн айқындайды. Сондықтан да олардың әкiмшiлiк басқару жүйесi потестарлық бiрлiк бөлшегiн көрсетедi. Кейбiр жазбаларда көрсеткендей аталғандай бiрлiктегi тайпалар не ұлыстардың өзiндiк басқару — билiк органдары — халық жиналысы атақтылар кеңесi, әскери және азаматтық басқарушы — “көсемi” болған көрiнедi. Ал олардың сайланғанын немесе тағайындалғанын, тiптi болмаған жағдайда мұрагерлiк арқылы алмастырылып отырғандығын ешкiм де дәл көрсетiп айта алмайды.
Ал ендi — сақ-скиф бiрлестiктерiнiң 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет