Байланысты: СӨЖ1 Ежелгі Қаз аумағындағы алғашқы мемл
басқару және билiк әкiмшiлiгiне келетiн болсақ, бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта Қазақстан территориясында алғашқы рет патша билiгi институты пайда болды. Оның дәлелi бүгiндегi кең байтақ территориямыздан табылып жатқан археологиялық ескерткiштер және жазбалардан анық байқалады. Патша билiгi сол кезде мұрагерлiк арқылы берiлетiн, көп жағдайда ол орынды әйелдер иеленетiн. Мысалы, олардың бiзге белгiлiлерi хаомаварга патшасы — Аморга, тиграхауда патшасы — Скунха, массагеттер патшасы — Томирис (Тұмар), Савроматтар (кейiнгi кезде сарматтар) патшасы — Зарина.
Сақ патшалығының саяси жүйесiнiң ерекшелiгi патшалық билiктi жоғары қою арқылы қасиеттi де, киелi ұғымға айналуы (сакрализациялануы). Сақтар өздерiнiң патшаларын Күн құдайы ретiнде санап, оларға имандылық-тәңiрлiк нышанда құрметпен қарайтын. Патша билiгiнiң белгiсi немесе нышан — айғағы оның алтын киiмi, қамшысы және алтын ұшты садағы (жебесi) арқылы айқындалатын. Сонымен бiрге оларды жерлеген кезде көптеген жан-жақты жерлеу рәсiмдерi жасалатын. Оның бiр көрiнiсi Зарина патшаны жерлеу барысында бүгiнгi күнге жеткен үш қырлы пирамидалар. Сонымен бiрге Жетiсу қорғандарынан табылған шеңберi 100 метр және биiктiгi 20 метрлiк қорғандар. Өкiнiшке орай, сақ бiрлестiктерiнiң басқару органдарының негiзгi жүйелерi бiзге толық жеткен жоқ. Бiрақ соған қарамай патша тағайындаған кейбiр әкiмшiлiктiң басқару қызметтерiн аңғаруға болады. Қоғамда патшаға жақын адамдар мен халық жиналысы маңызды болып саналды. Қазақстандағы көшпендiлердiң халық жиналысы бiздiң ғалымдарымыздың “әскери демократия” туралы әңгiме етуiне мүмкiндiк ашады. Бiрақ ол қауымды бiрiктiретiн үлкендi-кiшiлi ер-азаматтардың басын қосуға мүмкiндiк бермейтiн. Сондықтан да оған қауым басшылары ғана араласа алатын. Сөйтiп, Қазақстан территориясында бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта өкiлдiк билiктiң элементтерi пайда бола бастады.
Сақтардың әскери күштерiнiң негiзiн еркiн қауымдастық мүшелерiнiң атты жауынгерлерi құрады. Белгiлi билiк өкiлдерiнен құрылған ауыр атты әскер патша билiгiнде болатын. Ал кедей-кепшiк және жер шаруашылығымен айналысушылардан жаяу әскерлер құрылды. Алыс жорықтарға шығарда сақ пен скифтер қозғалмалы атты отрядтар — гиммирлердi шығарды, сондай-ақ гимнеттер — жеңiл қарулы жаяу әскерлердi жасақтады.
Қазақстан жерiндегi