Мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы аясында Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен және Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Шерхан әлемі» атты шығармашылық байқау жарияланып отыр.
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік қаламгердің әдеби-публицистикалық мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеу, жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында өткізілетін байқауға еліміздің жоғары оқу орындарында журналистика және филология мамандықтары бойынша тәлім алып жатқан студенттер қатыса алады.
1. Байқау шарттары: 1.1. Байқау жазушы, публицист Шерхан Мұртазаның шығармашылығын (проза, публицистика) талдау бойынша өткізіледі.
1.2. Байқауға 2022 жылғы 13 желтоқсанға дейін талдау мақаласын ұсынған авторлар қатыса алады;
1.3. Байқауға ұсынылған талдау мақаласы бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс; 1.5. Ұсынылған талдау мақаласының қаріп өлшемі – 14, Times New Roman, 1,5 интервалмен жазылып, жалпы көлемі 5 беттен аспауы тиіс.
1.7. Талдау мақаласы мына электронды почта бойынша қабылданады: murtaza_baiqau@mail.ru
1.8. Байқауға қатысатын материалдармен қоса міндетті түрде мына төмендегі мәліметтерді ұсыну қажет: автордың оқитын жоғары оқу орны, факультеті, мекенжайы, жеке куәлігінің көшірмесі, толық аты-жөні, байланыс телефоны;
2. Талдау мақалаларын бағалау шарттары
2.1. Байқауға қатысушылар өнерін бағалаудың негізгі белгілері:
- ұсынылған талдау мақалаларының байқау ережелеріне сәйкестігі;
- мәтіннің мазмұндық құрылымын терең сезінуі, таңдалған тақырыптың ашылуы, ;
- мақаланың көркемдік деңгейінің жоғары болуына, тарихи деректердің нақты және бұрмаланбауына назар аударылады.
-Байқауға келіп түскен мақалаларды бағалау үшін әділ қазылар алқасы ақын-жазушылардан, ғалымдардан, кәсіби журналистерден, өнер және мәдениет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлерінен құралады.
3. Қатысушыларды марапаттау
3.1. Байқаудың жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады.
І орын – 150 000 теңге
ІІ орын – 100 000 теңге
ІІІ орын – 70 000 теңге
Екі ынталандыру сыйлығы – 50 000 теңге