Қосөзенде алғашқы әдеби жанрдағы шығармалар діни түсініктермен байланысты болды. Солардың бірі әйгілі – “Гильгамеш туралы дастан”.
Өте ертеде Қосөзеннің оңтүстігінде бір қалада Гильгамеш атты құдіретті патша болыпты. Ол дәуірде Энкиду есімді алып адам орманда өмір сүрген екен. Гильгамаш пен Энкиду кездесіп қалып, екі мықты жекпе-жекке шығады. Екеуі ұзақ шайқасады. Бірақ бірін-бірі жеңе алмайды. Ақыры екеуі мәңгілік дос болуға серттеседі.
Өзіне-өзі қатты сеніп қалған Гильгамеш тіпті құдайды да тыңдамайды. Оның айтқанын орындамайды. Бұған ашуланған құдай оның досы Энкидуге ауру жібереді. Энкиду қайтыс болады. Өзінің сенімді досынан айырылған Гильгамеш қатты қайғырады.