Тақырыбы: Ежелгі Қосөзен мәдениеті



бет7/8
Дата14.03.2022
өлшемі3,38 Mb.
#27849
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ежелгі Қосөзен

Ол жазу тәжірибесі шығыста Хараппа мен Мохенджо-Даромен тынбай, әрі қарай Қиыр Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияға, батыста Кіші Азия, Кавказ, Мысырмен шектелмей, Жаңа Дүниеге, Латын Америкасына да тараған деген болжам бар. Өйткені, батыста мая, шығыста қытай иероглифиясының графикалық таңбалары өз жерінің қоршаған ортасына ыңғайланып, айта қаларлық өзгеше болғанымен, лингвистикалық құйылымдық жүйесі сол баяғы морфологиялық-буындық, ішінара дыбыстық жазу заңдылық¬тары¬на негізделген. Хаттусастан табылған және хамат тасындағы хеттер иероглифтерінде көбіне-көп өсімдіктер бейнеленсе, мысыр иероглифтерінде жан-жануарлар мен адамдар да бейнеленеді. Майя иероглифтерінде бейнеленген өсімдіктер Кіші Азия, Ніл табиғатына тән емес. Ал қытайлар иероглифтері көбіне-көп Қиыр Шығыс табиғаты мен мифологиясын еске салады. Қайткен күнде де суретті жазу аталмыш аймақтарда ұзақ сақталған, тіпті әлі де сақталып келе жатқан жерлері бар. Мәселен, Қытай, Жапония, Корея. Кей елдердегі жағдай мұндай болғанымен, Кіші Азияның өзіндегі жазу артық әшекейден арылып, әрқилы сызықшалардың әр алуан құбылуларына айналды. Басты назар дыбыстамалық жазу жасауға ауды. 1400 жылдар шамасында Жерорта теңізінің шығыс жағалауын жайлап, кеме мініп, сауда-саттықпен айналыса¬тын финикиялықтардың біреуі сондай нар тәуекелге бел буды. Тарихта аты қалмаса да, ол таудай іс бітірді. Әр дыбысқа бір таңба ойлап тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет