Тақырыбы: Екі өрнектің кубтарының қосындысы және айырымының формулаларына есептер шығару
Сабақтың білімділік мақсаты: а3+в3=(а+в)(а2-ав+в2 )
а3-в3=(а-в)(а2+ав+в2), формулаларын көпмүшелерді көбейтуде пайдалану және көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу бейімділіктерін жетілдіру;
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың есеп шығару барысында тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздығын жоғарлату, ой өрісін кеңейту, ойын элементтерін қолданып пәнге қызығушылықтары мен ынтасын арттыру;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:жауапкершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдык пен шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Бекіту сабағы
Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
II.Үй тапсырмасын сұрау.
а) № 214 (жұптары), № 215 (жұптары), № 216 (2,4)
ә) Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар:
Екі өрнектің қосындысының квадратының ережесін айт, формуласын жаз.
Екі өрнектің айырмасының квадратының ережесін айт, формуласын жаз.
Екі өрнектің қосындысының кубы ережесін айтып, формуласын жаз.
Екі өрнектің айырымының кубы ережесін айтып, формуласын жаз.
Екі өрнектің кубтарының қосындысының ережесін айт, формуласын жаз.
Екі өрнектің кубтарының айырмасының ережесін айт, формуласын жаз.