Тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні мен әдістері


Қажеттілік – адамның өмір сүруі мен дамуы үшін қа-жетті объективті мұқтаждықтар. Ресурстар



бет2/3
Дата22.10.2022
өлшемі21,93 Kb.
#44942
1   2   3
Қажеттілік – адамның өмір сүруі мен дамуы үшін қа-жетті объективті мұқтаждықтар.
Ресурстар – адамдарға қажетті өнімдерді өндіруде қолда-натын барлық материалдық игіліктер мен қызметтер. Ресурстар-ды екіге бөлуге болады: шексіз және экономикалық ресурстар.
Адам қажеттіліктерінің шексіздігі мен ресурстардың шек-теулігі арасындағы қайшылықтардың салдарынан кез-келген қо-ғамның алдында экономиканың негізгі үш сұрағы туындайды: не, қалай және кім үшін өндіру.
Экономикалық теория басқа ғылымдармен өзара байла-нысты, соның ішінде: философия, психология, тарих, құқықта-ну, математика және т.б. Джон Мейнард Кейнс пікірінше нағыз экономист белгілі-бір дәрежеде математик, тарихшы, мемлекет-тік қайраткер, философ болуы керек.
Экономикалық ғылымдар жүйесінде экономикалық тео-рия бұл жүйенің жалпы теориялық негізі бола отырып, орталық орынға ие болады.

Экономикалық теория келесі маңызды қызметтерді атқарады:

    1. Танымдылық қызмет.

Алынған теориялық білімді жи-нақы және реттеулі түрінде қоғамдағы экономиканы түсіндіру және оқыту болады. Ол, көзге көрінбей бүркеленіп тұратын құ-былыстардың сырын зерттейді, түсіндіреді, практикалық іс-әре-кетке пайдалануға үйретеді.


2. Әдістемелік қызмет. Экономикалық теория объекті-лерін жалпылай зерттейді. Ал нақты экономикада жалпы заң-дарға сүйене отырып, оны әдіснамалық зерттеудің негізі етіп алады.
3. Практикалық қызмет. Теорияның дұрыстығын тәжі-рибенің қатаң сыңына түскенде ғана белгілі болады. Ол кезде экономикалық заңдар мен категориялар практикалық қажеттілі-гіне бірыңғай тұтасып кетеді.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абс-тракция. Ғылыми абстракция дегеніміззерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінік-терімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мә-нін, маңызын ашу.
Индукция мен дедукция. Ғылыми жүйе индукция және де-дукция сияқты әдіснамалық тәсілдерді қолдану арқылы қалып-тасады. Индукциябұл жекелеген оқиғалардан, құбылыстардан логикалық пайымдау жолымен жалпы қағидалар, принциптер қалыптасады.
Дедукция – бұл кері процес. Жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілер мен процестердің жекелей алынған ерекшеліктері көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет