Адамдардың мінез-құлқын ең алдымен олардың өздері өз мінездеріне қандай мән, мағына беру тұрғысынан түсіндірілуі және талдануы тиіс деп таныды.
М. Вебер:
Әлеуметтік әрекет – ол адамның өз ісіне мән берілуі арқылы (саналы) жасалатын және ол іске асқанда оған басқа адамдардың әрекеті немесе мінез-құлқы арқылы жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс-қимыл. Ал ойланбай, кенеттен болған жағдайлар және егер адамның іс-әрекетіне басқаның көңіл аударуы, эмоциясы болмаса олар әлеуметтік әрекетке жатпайды.
Әрекет субъектінің өз ісіне берген мағынасын анықтау қажет;
Әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет – деп таныды.
Адамдар өзіндік адамдық қасиетіне тек өздері өзара символдар арқылы қарым-қатынас жасаған жағдайда ғана ие бола алады. Символдың ең бастысы тіл. Ол қарым-қатынас құралы, онсыз қатынас жоқ, ол деген қоғам да жоқ деген сөз.
Адам санасының ішкі мазмұндық жағына баса назар аударады. Ақыл арқылы сыртқы дүниені түсіну және жіктеу тәсілдеріне ерекше мән береді. Адам қабылдаған дүниені ең алдымен құбылыстарға жіктейді.
1967 ж. Г. Гарфинкель алғаш осы ұғымды енгізеді. Этнометодология – адамдар қолданатын тәсілдер мағынасын береді. Адамдардың әлеуметтік ортаны тануда қолданатын тәсілдерін зерттейді.