1. Әлеуметтік статика -әлеуметтік жүйелердің өмір сүруінің жағдайлары мен қызмет ету заңдылықтарын қарастырады. Әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен қоғамдық бірлікті қалыптастырудағы ролі қарастырылады.
2. Әлеуметтік динамика- әлеуметтік жүйелердің дамуы мен өзгерістерінің заңдылықтарын қарастырады.
Олар: туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік институттар. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.
Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады:
Қоғам биологиялық организмге ұқсас, тіршілік үшін күрес жүргізеді. Спенсердің әлеуметтік ілімдері (органикалық теория) деп аталады. Онда қоғам үйлесе дамыған организм ретінде қарастырлады. Оның құрамдас бөліктері өзара тығыз байланыста болып, бір-біріне сәйкес қызмет етеді. Қоғамның идеялды күйі тендік болып табылады. Тендіктің бұзылуы қоғам үшін қауіпті сондықтан қоғамдағы барлық әрекет тендікті сақтауға ықпал етуі керек, өйткені ”біз барлық жерде тендікке ұмтыламыз.”