Тақырыбы: Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады? Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: «Жаратылыстану»



бет2/2
Дата08.12.2023
өлшемі24,8 Kb.
#134792
1   2
Байланысты:
Жаратылыстану. Әр жыл мезгілінде болатын өзгерістер

Ұйымдастыру-іздестіру

Алған білімдерін бекіту.

Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.

Жыл мезгілдері туралы кіріспе әңгіме
-Балалар қанша жыл мезгілдерін білесіңдер?
Күзде күн суыта бастайды. Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Күзде егін піседі. Егінді адамдар жинайды.Күзде барлық жеміс-жидектер пісіп, жерге түседі. Жан-жануарлар да қысқа азық жинайды.
Қыста күн суық болады. Қар жиі жауады. Ағаштардың бұтақтарын қар басып, бұтақтар иіліп тұрады. Айнала аппақ қарға оранады. Боран соғып, үскірік аяз болады. Аюлар апанында ұйқыға жатады. Өзендер мен көлдердің бетіне қалың мұз басады.
Көктемде күн жылына бастайды. Қар еріп жылғалардан су ағады. Жыл құстары өз мекендеріне ұшып келе бастайды. Келе сала ұя салып, балапан басып шығарады. Ағаш бұтақтары бүршік жарады. Құрт-құмырсқа, аралар оянады.
Жазда күн ыстық болады. Жаз бойы балалар демалады. Жаз мезгілінде жеміс-жидектер пісе басайды. Жаз мезгілінде айнала жасыл желекке еніп, әртүрлі гүлге толады.


1-тапсырма.Тақтада ілінген жыл мезгілдердің суретінің жанына,осы мезгілге тән құбылыстар мен тіршілік иелерін ілеміз.
- Жарайсыңдар?


2-тапсырма. Балалар менің сендерге беретін келесі тапсырмам, ол жұптық тапсырма болмақ.
Мен сендерге мынадай жыл мезгілдерінің аты жазылған қағаздар беремін.Осы қағаздың бетіне әр жыл мезгілге тән киім-кешектерді желім арқылы жапсырамыз.

Сегіту сәті
Би терепиясы.

3-тапсырма. Жұптық тапсырма. Келер тапсырманы да жұппен орындаймыз. Оқушылар алдына суреттер.Осы сурет қай мезгіл туралы екенін анықтап,соған сай бояйсыздар.

-Оқушыларға әр жыл мезгілде болатын өзгерістер, құбылыстар туралы жұмбақтар жасыру.


Шанамен зырлап жетемін
Шаңғы,коньки тебемін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Бұлтты айдай желдеткен
Нөсерлеткен селдеткен.
Шалшық кесіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Қойның толы жеміске
Көк майсалы егіске
Көбелек қуып ойнайтын
Бұл қай мезгіл деп ойлайсың?
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын
Бұл қай кез деп ойлайсың?
Тақтаға ілінген телефонның жанына сабақтан алған әсерлерін көңіл-күй смайликтері арқылы жібереді.
Балаларды мадақтау,марапаттау.
Оқу қызметінде мынандай нәтижеге жеттім:
 Балалар әр түрлі жыл мезгілдеріндегі өзгерістер туралы мағұлмат алды.
 СТО Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме өткізу барысында мынандай дағдылар қалыптасты: әрбір бала өзінің жеке ойымен , өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілеттері молая түсті.
 Бір – бірін тыңдауға үйренді, ойларын шамалары келгенше толық жеткізе алды, өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдады, өзгенің пікіріне сыни көзқараспен қарай білді. Еңбексүйгіштікке дағдыланды, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиеленді.

Балалар тыңдайды.

Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.

Тақтаға суреттерді тиісті орнына жапсырады.

Балалар алдарына берілген қағазға киім-кешектердің суретін орналастырады.

Бейнеролик

Бояуға арналған тапсырмалар

.
Қыс

Көктем

.
Жаз



Күз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет