ТАҚЫРЫБЫ: ӘРІПТЕСТЕР АЛҒА!!!
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ: «Танысу» жаттығуы;
Топқа бөлу;
Ой жинақтау;
Ситуациялық сұрақтар;
«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;
«Ашық айтсам…» жаттығуы;
Рефлексия;
Қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ: Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері! Бүгінгі біздің тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Әрбір ұстаздың тілегі – адами қасиеті мол, білімді, өмірге көзқарасын қажетті дәрежеде таныта алатын тұлғаны тәрбиелеу.
«Танысу» жаттығуы:
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
Топқа бөлу:
Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
Ой жинақтау:
Үш топқа тақырып беріледі.
Сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана мен ұстаз тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.